Өңеш, асқазан, аш және тоқ ішек, бауыр, өтқабы және ұйқыбезі тағамның қоректік бөліктерін энергияға айналдырады және қоректік емес бөліктерін қалдықтарға ыдыратады, қалдықтар организмнен сыртқа шығарылады. Ішектің түйнелісі – ішектің бойымен тағамның өтуінің толықтай немесе ішінара тоқтауы.
Іштің кебуінің симптомдарының алдын алу және құсықты жою үшін арнайы түтік (зондты) мұрын арқылы асқазанға немесе ішекке енгізіледі.
Тоқ ішектің қайырылуында тік ішекке түтікті енгізу арқылы көмек көрсетіледі.
Зонд енгізу симптомдарды жеңілдетпеген жағдайда немесе тіндердің жойылуының белгілері пайда болса, ішектің түйнелісін туындататын кедергілерді жою үшін оперативтік араласу қажет болуы мүмкін.
Электролиттік (химиялық және минералдық) үйлесімсіздікке
Сусыздануға
Ішектегі саңылаудың пайда пайда болуына (перфорация)
Жұқпалануға
Сары ауруға (тері мен көздің ағының сарғаюы).
Егер кедергі ішектің қанмен қамтамасыз етілуін бітесе, бұл жұқпаланса және тіндердің тіршілігін жоюға (гангренаға) апарады. Тіндердің жойылу қаупі оның бітелуінің себебімен және бітелу ұзақтығымен байланысты. Жарықта, ішектің қайырылуында, қынапталуында гангренаның даму қаупі жоғары.
Жаңа туған сәбилердегі ішектің қабырғасын бұзатын ішек түйнелісі (некроздық энтероколит) өмірге қауіп төндіреді және қан мен өкпенің жұқпалануына апарады.