Пиелонефрит — бүйрек түбегінің, тостақшасының, паренхимасының қабыну ауруы, түрлі бактериялардан туындайды, көбінесе, ішек таяқшасынан.
Женская мочевыделительная система
Мужская мочевыделительная система
Бүйректер – жұпты ағза, несеп түзілу қызметін орындайды. Несепқап (қуық) – іш қуысының төменгі бөлігінде орналасқан қуыс ағза. Онда бүйректің өндіретін сұйық қалдығы - несеп жинақталады.
Себептері
Сау адамның несебі – зарарсыз, себебі, құрамында бактериялар болмайды, бірақ, бактериялар несеп жолдарына жақын орналасқан ағзалардан (ішек, жыныс ағзалары) өту арқылы (несеп шығару жолы, несепқап пен несепағар) өтеді, сондай-ақ, лимфа және қан жүйесі арқылы өтіп, несеп жүйесінде көбейеді. Пиелонефрит, сондай-ақ, бүйректен несеп ағуы бұзылған жағдайда да дамиды.
Пиелонефритке кез келген жастағы адам шалдығады, көбінесе, 7 жасқа дейінгі балалар, 18-30 жас аралығындағы әйелдер (жыныстық өмірдің басталуы, жүктілік немесе босануға байланысты), сондай-ақ, егде жастағы ерлер (қуық асты безінің аденомасына, простатитке немесе уретритке шалдыққандар) ауырады.
Пиелонефриттің жиі себебі – несеп-тас ауруы жиі бүйрек шаншуымен.
Пиелонефриттің дамуы ықтималдығы организмнің жалпы иммунитеті төмендегенде, қант диабетінде, туберкулезде, гиповитаминозда, созылмалы қабыну ауруларында артады.
Симптомдары
Пиелонефриттің симптомдары және емдеу тығыз байланысты, сондықтан, аурудың түрлерінің көрінісіндегі оларға тән айырмашылығын білу маңызды.
Жіті түрі
· Несептегі өзгерістер: бұлыңғыр немесе сәл қызыл реңкті, алыстан өткір және сасық иісі болуы мүмкін;
· Буында және/немесе белде сыздайтын, кейде жіті ауырсыну, көбінесе, шапқа береді. Науқастар алға еңкейгенде ауырсынудың күшеюін байқайды;
· Ұдайы жүрек айнуы, құсумен ұстамасымен;
· Денсаулық жақсы болған кезде температураның күрт көтерілуі, қалтырау;
· Біртіндеп күшейетін бас ауыруы;
· Тәбеттің төмендеуі, жалпы әлсіздік.
Созылмалы түрі
Көбінесе симптомсыз өтеді, осыдан бұл түрін анықтау қиын. Кезеңді түрде асқынуы байқалады, олар көрінісі бойынша жіті пиелонефритке ұқсайды.
Пиелонефрит балаларда симптомсыз өтеді. Ауруды келесі белгілері бойынша байқауға болады:
· Несеп шығарудың түсініксіз жиілеуі;
· Терінің солғындығы;
· Көңіл-күйдің құбылуы;
· Баланың себепсіз шаршауы.
Диагностика
Жіті пиелонефритті анықтауда зертханалық әдістер аса маңызды:
· Қан талдауы
· Қанның жалпы талдауы
· Несепті микроорганизмдерге зерттеу және микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.
Сондай-ақ, диагностика үшін ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, цистоуретрография және басқа зерттеу әдістері жүргізіледі.
Несеп шығару жолдарының жағдайын нақтылау үшін бүйректің ультрадыбыстық зерттеуін жүргізеді.
Емдеу
Пиелонефритті емдеу үшін антибиотиктер немесе басқа антибактериалдық препараттар тағайындалады. Емдеуді таңдауда несеп талдауының нәтижелеріне, микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға сүйенеді. Жіті пиелонефриттің созылмалы түрге көшуінің алдын алу үшін антибактериалдық емдеуді 6 апта бойы жалғастырады. Дұрыс емдеуде бір-екі аптадан кейін науқастың жағдайы жақсарады. Алайда, антибактериалдық препараттарды барлық тағайындалған мерзім бойы қабылдау қажет.
Пиелонефрит бүйректің немесе несеп бөлу жүйесінің басқа аурулары кезінде дамыған болса, негізгі ауруды емдеу міндетті.
Аурудың болжамы
Жіті пиелонефритте болжамы көбінесе –оң, дұрыс емдеуде - сауығу.
Созылмалы пиелонефритте болжамы – оң бола бермейді, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.
Мүмкін асқынулары
Жіті пиелонефриттің асқынуы – қарама қарсы бүйректегі жіті пиелонефриттің дамуы, бактериоуытты шок және сепсис (қанға бактериялар мен олардың уыттарының үлкен көлемінің түсуі).
Қашан дәрігерге көріну қажет
Пиелонефриттің жоғарыда келтірілген симптомдары болса, дәрігерге көріну қажет. Ауруды үй жағдайында емдеуге тырыспаңыз.
Алдын алу
Несеп-тас ауруын емдеу, тасты уақытылы алып тастау.
Созылмалы пиелонефриттің асқынуының алдын алу
Созылмалы инфекция (баспа, тіс жегі, гайморит) ошақтарын уақытылы анықтау және емдеу.
Қызба – организмнің инфекцияны тудыратын микробтармен күресуінің белгісі. Егер 3 айлықтан 3 жасқа дейінгі балада дененің субфебрильдік температурасы болса (38,8 °C дейін), оған дәрі бермеуге болады. Дәрілік препараттарды тағайындау дене температурасы 38,8 °С асқанда ұсынылады.
Егер 3 айлықтан жас сәбиде дене температурасы 38,8 °С асқанда, шұғыл түрде дәрігерге немесе жедел медициналық жәрдемге хабарласыңыз. Кішкентай сәбилерде қызба ауыр инфекцияның белгісі болуы мүмкін.
2 айлық жастан кіші сәбиге дәріні дәрігермен ақылдасып қана беруге болады.
Ацетаминофен ауырсынуды және қызуды түсіреді. Дәрігермен балаға жарамды препараттың мөлшерлемесі туралы кеңесіңіз. Мөлшерлеме баланың жасы мен салмағына сәйкес есептеледі.
6 айлықтан асқан баланың температурасын түсіру үшін басқа препарат ибупрофен қолданылады. Оны балаға берудің алдында дәрігермен кеңесу қажет. Дәрігер балаға қажетті препараттың дұрыс мөлшерлемесін айтады.
· Балаға күніне препараттың 5 мөлшерлемесінен артық бермеңіз.
· 2 айлықтан кіші сәбилерге тек дәрігердің тағайындауымен ғана дәрі беруге болады.
· Препаратқа нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Балаға препараттың дұрыс мөлшерін беруге көз жеткізіңіз.
· Сұйық дәрілік құралдарды дұрыс өлшеу үшін арнайы өлшем стақан немесе қасықты қолданыңыз. Оларды дәріханадан сатып алуға болады. Қарапайым шәй қасығын қолдануда препараттың мөлшерінен қателесуге болады.
Жоқ. Сирек жағдайларда аспирин балаларда Рейе синдромының дамуына апаруы мүмкін. Бұл өлім-жітімге апаруы мүмкін күрделі ауру. Дәрігерлер 18 жастан кіші балаларға аспирин беруді ұсынбайды.
Ацетаминофенді және жылы ванна қабылдау баланың қызуын түсіруге көмектеседі. Ацетаминофенді ваннаның алдында беріңіз. Егер бала ваннаға түсер алдында препаратты қабылдамаса, ол дірілдей бастауы мүмкін, оның организмі қайтадан температураны арттыруы мүмкін. Бұл баланың жағдайын нашарлатады. Салқын сулы ваннаны қабылдауға және баланы спиртпен ысқылауға болмайды.