Көбінесе, жұқпалану науқас адаммен немесе инфекцияны жұқтырған адаммен жыныстық қатынаста орын алады.
Жұғуына себеп болуы мүмкін:
· Қорғаныссыз жыныстық қатынас;
· Жыныстық серіктестердің көп болуы;
· Венерологиялық аурулардың емделмеуі немесе бұрын болуы;
· Жыныстық серіктестерді таңдамау;
Іншек трихомонадасы жалған аяқшаларымен белсенді қозғалуға қабілетті. Несеп шығару жолдарына немесе жыныстық ағзаларға түсіп, трихомонадалар жасушаларға аяқшаларымен тез бекиді. Одан кейін микроорганизмдер қарқынды көбейе бастайды. Олар тым көбейіп кетсе, адамның жасушаларын зақымдай бастайды.
Трихомониаз ойықжара түзілуін туындатады, бұл вирустардың жұғу қаупін арттырады, мысалы, В және С гепатитін. Бұл жыныстық жолмен таралатын кең таралған жұқпалар.
Әйелдерде трихомонадалар жатыр мойнында, іншекте, қуықта, несеп шығару жолында анықталады. Ерлерде трихомонадалар несеп шығару жолында, қуық асты безінде ,аталық бездің қосалқысы мен шәуетте анықталады.
Трихомониазды анықтау үшін іншектен (әйелдерде) несеп шығару жолдарынан, қуық асты безінің сөлінен (ерлерде) жұғынды алып, микроскоппен қарайды. Жалпы жұғынды нәтижесі зерттеудің дәл әдістерімен расталады.
Әйелдерге қарағанда ерлерде ауруды анықтау қиынырақ.
Әдетте, емдеу үшін метронидазол және басқа антибиотиктер қолданылдады. Дәрі ішу кезінде жыныстық қатынасқа түспеу және алкоголь ішпеу қажет. Қос жыныстық серіктес те емделуі тиіс, аурудың симптомдары біреуінде болмаса да.
Өзіңіз емделіп, жыныстық серіктесіңіз емделмесе, қайтадан жеңіл жұқтыруыңыз мүмкін.
Жыныстық серіктесіңізге ауру туралы хабарлау маңызды, оны ешнәрсе мазаламаса да тексеруден өтіп, емделгені дұрыс. Аурудың симптомсыз өтуі оның асқынуының даму қаупін азайтпайды.
Моногамдық (1 ғана жыныстық серіктес) қатынастар – аурудың алдын алуда сенімділік береді.