Беттің бір жағындағы бірнеше немесе барлық мимикалық бұлшық еттердің қимыл қызметінің бұзылысы орын алғанда бет нервісінің салдануы (параличі) туралы айтылады.
· Мидан беттің бұлшық еттеріне сигналдар беретін бет нервісінің зақымдануы немесе ісінуі
· Мидың беттің бұлшық еттеріне сигналдар беретін аумағының зақымдануы
Сау адамдарда бет нервісінің невриті көбінесе, Белл параличімен байланысты. Бұл – бет нервісінің қабыну жағдайы. Бет нервісінің салдануы инсульттен болуы мүмкін. Инсультте дененің бір бөлігінің басқа бұлшық еттері де дерттік үрдіске қамтылуы мүмкін.
Бет нервісінің невриті Белл параличімен байланысты туындауы мүмкін. Бұл бұзылыс мононейропатия (бір нервінің зақымдануы) аталады, бұл кезде бассүйек-ми нервісінің (бет нервісі) жетінші жұбы зақымданады. Бет нервісі бет бұлшық еттерінің қимылын бақылайды.
Мидың ісігіне байланысты болатын бет нервісінің салдануы әдетте, баяу дамиды. Аурудың симптомдарына бас ауруы, құрысу немесе естімей қалу жатады.
Дәрігер тексеріп қараған кезде сізге ауруыңыздың сырқатнамасы мен симптомдары туралы келесі сұрақтарды қояды:
· Бетіңіздің екі жағы да зақымданған ба?
· Жақында ауырдыңыз ба, немесе жарақат болды ма?
· Басқа симптомдары бар ма? Мысалы, сілекей, көз жас ағуы, бас ауруы, құрысу, көрудегі мәселелер, әлсіздік немесе салдану.
Қажетті тексерістер:
· Қан талдауы, оның ішінде, қандағы глюкозаны анықтау, қанның жалпы талдауы, эритроциттердің шөгу жылдамдығы (СОЭ), Лайм ауруына тест
· Мидың компьютерлік томографиясы (КТ)
· Электромиография
· Мидың магниттік-резонанстық томографиясы (МРТ)
Дәрігер физиотерапевтке, логопедке немесе реабилитологқа бағыттауы мүмкін. Егер Белл параличі салдарынан пайда болған бет нервісінің невриті 6-12 айдан артық созылатын болса, беттің сыртқы түрін жақсарту үшін пластикалық хирургия ұсынылуы мүмкін.
Бетіңізде әлсіздік немесе салдану пайда болса, дәрігерге көрініңіз. Бұл симптомдар күшті бас ауыруымен немесе көрмей қалумен қосарланса, шұғыл медициналық көмекке жүгініңіз.
Лайм ауруының қоздырғышы - Borrelia burgdorferi (B. burgdorferi) атты бактерия.
Borrelia burgdorferi Лайм ауруын туындататын спирохета. Пішіні жағынан соқпасүзек және мерез секілді басқа ауруларды туындататын спирохеталарға ұқсас.
Бактериялар адамға бірнеше Ixodes тектес топқа жататын, жұқпаланған иксодтық кенелердің шағуы арқылы беріледі. Кенелер B. burgdorferi жұқтырған кеміргіштерді және ірі қара малды шаққанда жұқтырады.
Ауыспалы сақина тәрізді эритема (қызару) Лайм ауруының бірінші белгісі және көбінесе, кененің шаққан жерінде пайда болады. Бұл – қызыл, жалпақ немесе терінің үстінен сәл шығып тұратын, ұлғаятын бөріткен, оның диаметрі 10-50 см-ге дейін болады.
Лайм ауруының 3 сатысы бар:
1- саты, ерте шоғырлану сатысы. 1- сатыда инфекция организмге таралмаған.
2- саты бактериялардың организмге таралуының басталуымен сипатталады.
3- саты, кеш (кейінгі) саты, бактериялардың организмге таралуымен және кейбір ағзалар мен жүйелерді зақымдауымен сипатталады.
Лайм ауруының пайда болуының қауіп факторларға жататындар:
Ашық ауада өткізілетін іс-шаралар (мысалы, бағбандық, аңшылық немесе жорықтар)
Үй жануарлары, олар кенелерді үйге әкелуі мүмкін
Биік шөпте серуендеу
Кенелердің шағуы және Лайм ауруы туралы маңызды ақпарат:
Көпшілік жағдайларда кене денеде 36 сағат барысында жабысып тұрғанда бактериялар қан ағымына таралады.
Кенелердің өлшемі аса шағын, көзге көрінбейтіндей. Лайм ауруына шалдыққан көптеген адамдар кененің шағуын байқамайды немесе сезбейді.
Кененің шағуына ұшыраған көптеген адамдар Лайм ауруына шалдыға бермейді.
Лайм ауруының ерте сатысының симптомдары (1- саты) жұқпаланғаннан кейін бірнеше күн немесе апта өткенде пайда болады. Ол тұмаудың симптомдарына ұқсайды, мысалы:
қалтырау
температураның жоғарылауы
жалпы әлсіздік
бастың ауырсынуы
буынның ауырсынуы
бұлшық еттің ауырсынуы
мойын бұлшық етінің сіресуі
Кененің шаққан жерінде пішіні жағынан «Бұқаның көзі» секілді көрінетін, және жалпақ немесе сәл шығып тұратын бөріткен пайда болуы мүмкін. Көбінесе, бөріткеннің ортасында айқын шектелген аумақ болады. Бұл бөріткенді «жылжымалы эритема» деп атайды. Емделмеген жағдайда 4 апта немесе одан көп уақыт бойы орын алады.
Симптомдар пайда болып, жойылып кетуі мүмкін. Уақытылы емдеу болмаған жағдайда Лайм ауруы миды, жүректі, буындарды зақымдауы мүмкін.
Бактериялардың организмге таралу сатысының симптомдары (2-саты) кене шақаннан кейін бірнеше апталар немесе айлар өткенде пайда болуы мүмкін, оған жататындар:
Нервтердің бойымен ұйып қалу немесе ауырсыну
Бет бұлшық етінің салдануы немесе әлсіздігі
Жүректің ырғағының бұзылысы (жүректің жиі соғуы), төстің астындағы ауырсыну немесе ентігу
Лаймның кеш (кейінгі) сатысының симптомдары жұқпаланғаннан кейін айлар мен жылдар өткенде пайда болуы мүмкін. Аса жиі симптомы бұлшық ет пен буындағы ауырсыну. Басқа симптомдарына жататындар:
Лайм ауруының қоздырғыштарына антиденелерді анықтау үшін қанның талдау өткізіледі. Көбінесе, иммундық-ферменттік (ELISA) талдау (ИФТ) қолданылады. ИФТ нәтижелерін растау үшін «иммуноблоттинг» аталатын зерттеу әдісі қолданылады. Аурудың ерте сатысында қанның талдауы қалыпты болуы мүмкін.
Лайм ауруы кең таралған географиялық өңірлерде дәрігер ауруды таралу сатысында (2- саты) зертханалық зерттеулерді жүргізбей-ақ анықтайды.
Аурудың таралу сатысындағы зерттеу әдістеріне жататындар:
Электрокардиограмма
Эхокардиограмма
Мидың МРТ
Жұлынның пункциясы (жұлынның сарысуын зерттеу үшін белден алынатын пункция)
Лайм ауруы ерте анықталса, антибиотиктермен тиімді емделеді. Емделмеген жағдайда буындардың, жүректің және жүйке жүйесінің жағынан асқынулар пайда болуы мүмкін. Дегенмен, асқынуларды да емдеуге болады.
Сирек жағдайда антибиотиктермен емделгеннен кейін де күнделікті өмірге кедергі келтіретін симптомдар қалуы мүмкін. Бұл Лайм ауруының пост-синдромы ретінде белгілі. Бұл синдромның себебі белгісіз.
Аурудың 3-сатысы немесе таралу сатысы буындардың созылмалы қабыну ауруын (Лайм артриті) және жүрек ырғағының бұзылысын туындатуы мүмкін. Сондай-ақ, мидың және нерв жүйесінің зақымдануы мүмкін, келесідей түрде:
Кененің шағуының алдын алу үшін сақтық шараларын қабылдаңыз. Әсіресе, жылдың жылы уақытында абай болыңыз. Мүмкіндігінше, орманға жорыққа барудан және биік шөпте серуендеуден алшақ болу қажет.
Жорықтарда және жаяу қауіпті саналатын жерде серуендеуде кененің шағуының алдын алу шараларын қабылдаңыз:
Ашық түсті киім кию қажет, сонда кенені байқау оңай болады.
Жеңі ұзын киім кию қажет, шалбардың шетін шұлыққа салған жөн.
Дененің ашық бөліктеріне жәндіктерге қарсы спрейді себу қажет.
Үйге келгеннен кейін денеңізды мұқият қараңыз, оның ішінде, бастың терісін де. Байқалмаған кене болса, шайып тастау үшін тезірек душ астында шомылыңыз.
Денеңізге кене жабысса, оны алып тастау үшін келесі шараларды қабылдау қажет:
Кенені қысқышпен басына немесе құйрықшасына қарай ұстаңыз. Жалаңаш қолмен ұстамаңыз, мата немесе қағаз сүлгіні қолданыңыз.
Баяу түрде айналдыра отырып, кенені мұқият шығарып алыңыз. Оны қыспаңыз және жармаңыз. Теріде кененің басын немесе құйрықшасын қалдырмаңыз.
Зақымданған тұсты сабынды сумен жуыңыз. Қолыңызды да мұқият жуыңыз.
Кенені банкеге салыңыз.
Келесі бірнеше апта бойы Лайм ауруының симптомдарының пайда болуын бақылау қажет.
Кененің барлық бөліктерін алып тастмаған жағдайда, дәрігерге көрініңіз. Емдеуші дәрігерге кене салынған банкені беріңіз.