Өкпе - қос ағза, кеуде қуысын түгелдей дерлік алады. Өкпе – тыныс алу жүйесінің басты ағзасы. Оның өлшемі мен пішіні тыныс алу фазасына (тынысты ішке алу, сыртқа шығару) қарай өзгеруге қабілетті.
Өкпе эмболиясы көбінесе, көктамырдың тромбымен бітелуінен туындайды. Тромбылардың көп шоғырланатын жері бөксе-санның немесе жамбас қуысының терең көктамырлары. Бұл терең көктамырдың тромбозы аталады (ТКТ). Осындай тромбының бөлігі ажырап, қан ағымы бойымен өкпеге түсуі мүмкін.
Өкпе эмболиясы шұғыл емдеуді бастауды талап етеді. Аурухана жағдайында емдеу қажет болады:
Қанды сұйылту үшін дәрілік препаратта тағайындалады (әрі қарай тромбының түзілуінің алдын алу үшін).
Өкпенің артериясының тромбоэмболиясының ауыр, өмірге қауіпті түрде өтуінде емдеуге тромбыны еріту жатады. Бұл - тромболитиялық емдеу. Науқасқа тромбыны еріту үшін дәрілер тағайындалады.
Егер ауруханада қалу қажет болмаса, дәрігер үйде қабылдау үшін қанды сұйылтатаын дәрілерді ұсынады:
Ішуге таблеткалар немесе инъекциялар тағайындалады.
Кейбір препараттарды қабылдауда қажетті мөлшерлемесін таңдау үшін қан талдауын жасау қажет болады.
Аталған препараттардың қабылдау ұзақтығы тромбының түзілу себебіне және өлшеміне байланысты.
Емдеуші дәрігер бұл препараттарды қабылдау кезіндегі қан кету қаупі туралы айтады.
Егер науқас қанды сұйылтатын препараттарды қабылдай алмаса, дәрігер төменгі қуыс көктамырда кава-сүзгіні орнату бойынша операцияны ұсынуы мүмкін. Бұл құрал іштегі басты көктамырда орналастырылады. Ол үлкен тромбылардың өкпенің қантамырларына түсуінің алдын алады. Кейде уақытша сүзгі қою ұсынылады, ол кейіннен алынып тасталынады.
ТКТ пайда болуының жоғары қаупінде, сондай-ақ, үлкен операция кезінде тромбы түзілуінің алдын алу үшін қанды сұйылтатын препараттар тағайындалуы мүмкін.
ТКТ кезінде компрессиялық шұлықты киіп жүру ұсынылады. Нұсқаулығына сай киіп жүру қажет. Олар аяқтағы қан ағымын жақсартуға ықпал етеді және тромбы түзілу қаупін азайтады.
Ұзақ ұшу, автокөліктегі сапарлар және ұзақ уақыт бойы отыруға немесе жатуға тура келетін басқа жағдайларда аяқты жиі алмастырып отыру ТКТ алдын алуға көмектеседі. Тромбы түзілу қаупі жоғары болатын адамдарға ұзақ ұшу (4 сағаттан артық) кезінде тромбы түзілуінің алдын алу үшін гепарин (қанды сұйылтатын препарат) инъекциясы қажет болуы мүмкін.
Темекі шекпеңіз. Шегетін болсаңыз, қойыңыз. Эстроген қабылдайтын әйелдер темекі шегуді қоюы қажет.