Ойық жаралы колит (ОК) немесе телімді емес ойық жаралы колит – тоқ ішектің түрлі бөлімдерінің (өрлемелі тоқішек, көлденең тоқішек, төмендемелі тоқішек, сигма тәрізді, тік ішектер) тіні қабынып, бұзылысқа ұшырайды. Үрдіске көбінесе, тік ішек қатысады.
Өңеш, асқазан, аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады, тоқ ішек судың сіңуін қамтамасыз етеді, және тоқ ішек босатылғанда тағамның қоректік емес бөліктері организмнен сыртқа шығарылады.
«Телімді емес» термині колиттің белгілі бір сыртқы себептерсіз дамитындығын білдіреді.
Ауру кезінде ішектің сілемей қабатын көптеген ойық жаралар басады, сондықтан колит «ойық жаралы» аталады.
Бұл ауруды туындататын айқын себептер белгісіз. Көптеген жағдайда ішек тіндері өзіндік иммундық жүйенің әсерінен бұзылысқа ұшырайды. Тоқ ішектің жұмысындағы бұзылыстарды стрептококк, сальмонелла, стафилококк секілді ауру қоздыратын микроорганизмдер туындатуы мүмкін.
Ішектің ойық жаралы колиті тұқым қуалауы да мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, ойық жаралы колитке шалдығу қаупі 5-20 есе артады, егер жақын туыстары осы аурумен ауырса.
Телімді емес ойық жаралы колиттің туындау себебінің ішінде ұйқы безінің, өт қабының инфекциясын, қиын қорытылатын тағам өнімдерін ұдайы тұтынуды, алкогольді шамасынан артық тұтынуды, антибиотик қабылдауды, күйзелістерді атауға болады.
Ойық жаралы колиттің симптомдары аурудың түріне байланысты. Ойық жаралы колит клиникалық түрде жіті және созылмалы болады. Жіті ойық жаралы колит сирек кездеседі, ол аса күрт болуы мүмкін. Созылмалы ойық жаралы колит екі түрде өтеді: үздіксіз және қайталанатын. Асқыну және басылу кезеңдері болады. Жағдайлардың жартысында ойық жаралы колиттің екінші асқынуы келесі 2 жылда болады. 10% жағдайда ойық жаралы колиттің асқынуы сирек болады – 25 жылда 1 рет.
Симптомдарына жататындар:
· Іштегі ауырсыну және қадалу (жіті ауырсыну ұстамасы)
· Іштің дауысты шұрылдауы
· Диарея (сұйық нәжіс, іш өтуі)
· Тенезм (нәжіс шығарғысы (ішек босатқысы) келетін жалған сезім)
Диагноз талдауды өткізу нәтижесінің негізінде алынған мәліметтердің және симптомдардың негізінде қойылады. Аурудың толық көрінісін алатын диагностика әдістері - колоноскопия және ішектің рентгендік зерттеуі (ирригоскопия).
Эндоскопиялық зерттеу – оптикалық талшықтан тұратын ұзын түтікті айналшық арқылы тоқ ішекке енгізу. Мұндай зерттеу дәргерге тоқ ішектің ішкі қабырғасын көруге және жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Ректороманоскопия кезінде бүкіл тік ішектің және сигма тәрізді ішектің бастапқы бөлімінің жағдайы, түрлі дерттік үрдістердің болуы анықталады.
Колоноскопия кезінде тоқ ішектің бүкіл ішкі бетін визуалдық (көру арқылы) тексеру жүргізіледі, биопсия жасалады (өзгерген бөліктен тін алу және зерттеу).
Колоноскопия тоқ ішектің бүкіл ұзындығын зерттеуге мүмкіндік береді, ректороманоскопия тек төменгі үштен бір бөлігін ғана зерттеуге мүмкіндік береді.
Ирригоскопия рентгендік диагностика әдісінің түрі, бұл кезде науқасқа арнайы клизманың көмегімен тоқ ішеккке барийлі қоспа енгізіледі, ол рентгенді сәулелерді жұтатын контрастылық заттек болады, тоқ ішектің қоспадан тазаруына дейін және кейін суреттер топтамасы жасалады.
Ирригоскопия ішектің саңылауының біркелкі емес тарылу аумағын немесе шектің бойында ойық жараны анықтайтын иректерді анықтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, соңғы жылдары ауруды анықтаудың жаңа әдісі - капсулалық эндоскопия пайда болды. Бұл әдіс науқастың ішкі ағзаларын бейнесигнал таратқышпен біріктірілген эндоскопиялық капсуланың көмегімен зерттеуге негізделеді. Асқазан-ішек жолдарымен өту барысында капсула бірнеше сағат ішінде ондаған мың суреттерді түсіреді, олар науқастың денесінде орналасқан датчикке беріледі, және қабылдау қондырғысының жадына жазылады.
· аминосалициллаттар – 5-аминсалицил қышқылы бар препараттар,тоқ ішектің сілемей қабатының қабынуын тежейді;
· цитостатиктер, аса күрделі жағдайларда тағайындалады, себебі, олар өзіндік иммундық жүйені басады.
Колитті симптоматикалық емдеу қан тоқтатын құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Егер қан кетуі көп болса, жақында мұздатылған қан плазмасын және эритроцитарлық массаны (қан бөліктер) құю қажет болуы мүмкін.
Ішектің перистальтикасын ( толқын тәрізді жиырылу) реттеу мақсатында науқасқа іш өтуіне қарсы және түйілу мен ауырсынуды басатын құралдар тағайындалады.
Жоғары температура болуында ойық жаралы колитті емдеу антибактериалдық емдеудің көмегімен жүзеге асырылады. Егер науқас аса арықтаған болса, қоректік қоспаларды енгізу қажеттігі туындайды.
Дәрімен емдеу тиімсіз болса, және тік ішектен қан кетуі ұзақ болса, хирургиялық емдеу тағайындалады. Хирургиялық араласуда тоқ ішектің бөлігі немесе толық алынып тасталады. Мұндай операция колэктомия аталады, бұл науқастардың шектелген санында ғана жасалады, себебі, мүгедектікке апарады.
Сондай-ақ, реконструктивті (қалпына келтіретін) хирургиялық араласу жүргізіледі – тоқ ішектің зақымданған бөлігін стомалар (ішектің денемен жасанды жалғасуы) жасаумен жою және кейіннен (6 ай- 2 жылдан кейін) ішек өтімділігін қалпына келтіру.
Ойықжаралы колит арықтауға және организмнің қажуына апаратындықтан, тамақтану калориялы және толыққұнды болуы, ақуыздар мен дәрумендердің үлкен мөлшерін құрауы тиіс.
Науқастарға тамақты күніне 5-6 рет, аздаған үлестермен ішу қажет.
Ойықжаралы колитте тамаққа татымдықтарды, тұздықтарды, майлы және қуырылған тағамды, шикі жеміс пен көкністерді тұтынуға болмайды, себебі, бұлар іш өтуін туындатады. Сондай-ақ, сүт өнімдерін абайлап тұтынған жөн.
Емдәм келесі өнімдерді тұтынуға негізделеді: майсыз ет (құс, күркетауық, қоян еті), балық, майсыз сорпа-көже, жұмыртқа, ботқа, картоп. Сусындардан: кисельдер, жидек қайнатпасы, какао, қара кофе, шәй. Барлық тағам тандырда әзірленуі немесе пісірілуі тиіс.
Басқа да аурудағыдай, колитті емдеуді көп созған сайын ауру ушығады, оны емдеп, жазу қиындайды.
Бастапқыда науқастардың 25% хирургиялық араласуды қолданбастан толық қалпына келуге мүмкіндігі болса, бірнеше жылдан кейін бұл пайыз едәуір төмендейді, ал науқастардың 30% жаппай колит болады (бүкіл тоқ ішектің зақымдануы). Жаппай колиті бар науқастардың жартысында толық жазылмайды, ал дәрігерге ерте көрінсе, сауығу мүмкінідігі айтарлықтай артады.
Егер колиттің симптомдары байқалса, мамандарға барып, тексеруден өту қажет. Ауруды ерте ескеру қажет, себебі, кеш анықтау емдеу ұзақтығы мен қалпына келуді (жоғалтқан қызметін қалпына келтіру) ұлғайтады.
Алғашқы ойықжаралы колиттің алдын алу шаралары жасалмаған. Аурудың нақты себебі анықталғанда жасалуы мүмкін. Осыған байланысты, 50 жасқа жеткен адамдар ұдайы колоноскопиядан өтуі қажет.
Ойықжаралы колиттің асқынуының алдын алу дәрігердің шеберлігімен қатар науқасқа да байланысты. Аурудың симптомдары қайтып оралмас үшін әдетте, науқасқа ұзақ уақыт бойы дәрі қабылдау қажет болады.
Асқазан -өңеш рефлюксі – бұл асқазан мен өңешті бөліп тұратын өңештік сфинктердің (бұлшық еттік қақпақша) жұмысының бұзылысы байқалатын жағдай. Бұл қышқыл асқазан сөлінің және асқазанның ішіндегісінің өңешке түсуіне апарады.
Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігі ауыз қуысынан, өңештен және асқазаннан тұрады. Өңеш – бұлшық еттік тіннен тұратын жіңішке түтік, ауыз қуысы мен асқазанды қосады. өңеш арқылы тағам асқазанға түседі. Сфинктер – өңеш пен асқазанның арасындағы қақпақша, ол тағамның және асқазан сөлінің рефлюксін (қайта өңешке түсуін) болдырмайды.
Іш қуысындағы ағзалар: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.
Себептері
Асқазан -өңеш рефлюксі әр кезде барлық сау балалар мен ересектерде кездеседі, қыжылмен, тітіркенумен, басқа да симптомдармен көрініс береді.
Асқазан -өңеш рефлюксінің негізгі себебі – асқазанның толып кетуі және сфинктердің босаңсуы.
Асқазан -өңеш рефлюксі жиі қайталанғанда өңештің төменгі бөлігінде қабыну дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда гастро-эзофагеальдық рефлюкс ауруы (ГЭРА) туралы айтады. Асқазан -өңеш рефлюксінің қауіп факторына жататындар:
Алкогольді тұтыну
Темекі шегу
Семіздік
Диафрагманың өңештік саңылауының жарығы
Жүктілік
Склеродермия
Асқазан -өңеш рефлюксі жүктіліктен туындауы немесе асқынуы мүмкін. Сондай-ақ, кейбір ауруларды емдеуде келесі дәрілерді қабылдаудың жанама әсері болуы мүмкін:
Антихолинергетиктер – «теңіз» ауруын емдеуде
Бета-блокаторлар және кальций каналдарының блокаторлары– жоғары артериалдық қысымды немесе жүрек ауруларын емдеуде
Седативтік препараттар – ұйқысыздықта немесе мазасызданудың артуында
Үшциклдік антидепрессанттар – депрессия кезінде.
Егер дәрілердің бірі қыжылды туындатса, дәрігермен кеңесіңіз. Дәрігермен кеңесіп қана дәрілерді қабылдауды өзгертуге немесе тоқтатуға болады.
Симптомдары
Асқазан -өңеш рефлюксінің және ГЭРА негізгі симптомдары:
қыжыл
ауа шығарып кекіру
тағамның лоқсуы
төссүйектің артындағы күйдіру сезімі
өңеште тамақтың түйнелу сезімі
жұтудың қиындауы (дисфагия)
тамақтан кейін жүрек айнуы.
Сиректеу кездесетін симптомдар:
ықылық
жөтел, ентігу және жатқан күйде ысқыратын тыныс алу
көмейдегі ауырсыну және жыбырлау
дауыстың қарлығуы немесе өзгеруі
Диагностика
Егер симптомдар күрделі болмаса, диагностика үшін дәрігердің қарауы ғана қажет.
Диагнозды растау үшін қосымша тексеру түрлері қажет болуы мүмкін:
Фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) – өңештегі зақымдануды анықтау үшін қолданылады. Бұл кезде ұшында камера бар икемді түтік өңеш арқылы асқазанға және аш ішеккке өтеді. Бұл әдіс туралы толығырақ осы тұстан оқыңыз.
Асқазан-ішек жолдарының рентгені барийлік қоспаны ішкеннен кейін, бұл суретте сфинктердің әлсіздігін және өңештің тарылуын анықтауға мүмкіндік береді.
Өңештің рН (ортаның қышқылдық көрсеткішін) деңгейіне мониторинг (қадағалау) диагнозды растау және емдеудің тиімділігін бағалау үшін жүргізіледі. Бұл кезде мұрын арқылы ұшында датчик бар зонд өңешке енгізіледі, ph деңгейін өлшейді. Сау адамның ph деңгейі сілтілік ортаға жатады, ал ГЭРА кезінде –асқазанның ішіндегісі түскеннен кейін орта қышқыл болады.
Эзофагоманометрия (өңештегі қысымды өлшеу) сфинктердің жиырылу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Өңештің саңылауына ұшында датчигі бар катетер енгізіледі, ол өңештегі қысымды өлшейді. ГЭРА кезінде өңештегі қысымның деңгейі қалыпты жағдайдан төмен болады.
Емдеу
Рефлюкстің артық жеуден болған қысқа мерзімдік ұстамалары аздаған емдеуді талап етеді. Әдетте, тамақтану тәртібі реттелгеннен және тітіркенуді жойғаннан кейін (майлы тағам, алкоголь және басқа) өңештің сілемей қабаты тез қалпына келеді. Өмір салтын өзгертіп, аурудың симптомдарынан тезірек құтылуға болады.
ГЭРА қарсы тиімді болатын дәрілер бар.
Антацидтер – қышқылды бейтараптандыратын әсері бар және асқазанның сөлінің зақымдайтын әрекетінен өңеште қорғаныс пленка түзеді.
Протондық помпаның тежеушілері – асқазанда қышқылдың мөлшерін азайтады.
Рефлюкске қарсы операциялар өмір салтын өзгерткен және дәрі қабылдағаннан кейін де симптомдар өтпеген науқастарға көмектеседі. Қыжыл және басқа симптомдар операциядан кейін жойылады, бірақ қыжылға қарсы дәрі қабылдау жалғасуы мүмкін. Бұл операциялар кезінде асқазанның қабырғасының есебінен сфинктер жасанды қалыптастырылады.
Рефлюксті емдеудің эндоскоптың көмегімен орындалатын әдістері бар. Оларға эндоскоптың көмегімен сфинктердің және асқазанның сілемей қабатының зақымданған бөліктеріне дәрілік препараттарды гель түрінде жағу жатады.
Аурудың болжамы
Әдетте, тамақтану тәртібін қалыпқа келтіріп, тітіркендіретін факторларды (майлы тағам, алкоголь, т.б.) жойғаннан кейін өңештің сілемей қабаты тез қалпына келеді. Алайда, кейбір адамдарға аурудан құтылу үшін дәрілерді жалғастыруына тура келеді.
Мүмкін асқынулары
Барретт өңеші (өңештің сілемей қабатының өзгеруі, бұл қатерлі ісіктің қаупін арттырады)
Өңештің ойық жарасы (өңештің ішкі жағындағы жара, асқазан сөлінің әсерінен пайда болады)
Стриктура (өңештің тарылуы, тыртықтың салдарынан)
Бронхотүйілу (тыныс алу жолдарының тітіркенуі және түйілуі, асқазан сөлінің бронхыға түсуінен)
Созылмалы жөтел немесе қарлығу
Астма
Тістегі мәселелер
Қашан дәрігерге көріну қажет
Рефлюкстен (қыжылдан) ұзақ уақыт бойы дәрі қабылдап жүрсеңіз, өңештің эндоскопиясын бір рет те өтпеген болсаңыз, дәрігерге көріну қажет (бұл жағдайда қатерлі ісік қаупі жоғары).
Келесі симптомдар болуында шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет:
Жиі құсу
Қан аралас құсу
Тұншығу (жөтел, ентігу)
Тамақ жегеннен кейін асқазанның тез толып кету сезімі
Дауыстың қарлығуы
Жұтудағы мәселелер (дисфагия) немесе жұту кезіндегі ауырсыну
Салмақ жоғалту, тәбетті жоғалту.
Алдын алу
Ацетилсалицил қышқылы (аспирин), ибупрофен немесе напроксен секілді препараттардан алшақ болыңыз. Оның орнына парацетамол қабылдаңыз. Дәрілерді қабылдағанда судың мол мөлшерін ішіңіз. Дәрігер жаңа дәрілер тағайындаса, олардан қыжыл болу мүмкіндігі туралы сұраңыз.
Ларингит – көмейдің ісінуі және тітіркенуі (қабынуы). Ларингит әдетте, дауыстың қарлығуымен немесе дауысты жоғалтумен қосарланады.
Себептері
Көмейдің (тамақтың) құрылысына өңеш, кеңірдек, көмекей қақпашығы және бадамшабез кіреді.
Көмей кеңірдектің үстіндегі тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлігінде орналасқан. Дауыс байламдары көмейдің құрамдас бөлігі. Егер дауыс байламдары қабынса немесе жұқпаланса, олар ісінеді. Бұл дауыстың қарлығуына апаруы мүмкін. Кейде дауыс байламдары тыныс жолдарына ауа ағынын жабуы мүмкін.
Ларингиттің жиі себебі - суық тию немесе тұмаудан болған инфекция. Ол келесі жағдайларман шартталуы мүмкін:
Аллергия
Бактериалдық инфекция
Бронхит
Гастроэзофагеалдық рефлюкс ауруы (ГЭРБ)
Жарақат
Тітіркендіргіштер және химиялық заттектер
Пневмония
Ларингит көбінесе, жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясымен бірге пайда болады.
Балаларда кездесетін ларингиттің түрлері тыныс алу жолдарының қатерлі –өлім-жітімді бітелуіне апаруы мүмкін. Оған жататандар:
Медициналық тексеру кезінде респираторлық инфекциядан болатын дауыстың қарлығуы анықталуы мүмкін.
Бір ай бойы дауысы қарлыққан науқастар (әсіресе, темекі шегушілер) ЛОР-дәрігерге (отоларингологқа) көмейді және жоғарғы тыныс алу жолдарын тексеру үшін көрінуі қажет.
Ларингит вирустан болғандықтан, антибиотиктер көмектеспейді. Емдеуші дәрігер ауруды емдеу әдісі туралы шешім қабылдайды.
Дауысқа демалыс беру дауыс байламдарының қабынуын азайтуға көмектеседі. Ылғалдандырғыштар ларингитте болатын күйдіру сезімін басуға көмектеседі. Ісінуге қарсы және ауырсынуды басатын дәрілік препараттар жоғарғы тыныс алу жолдары инфекциясының симптомдарын жеңілдетеді.