Жатыр мойнының дисплазиясы жатыр мойны бетіндегі жасушалардағы ауытқулы өзгерістермен сипатталады. Жатыр мойны – жатырдың қынаппен жалғасатын төменгі бөлігі.
Ауытқулы өзгерістер – қатерлі ісік емес. Бірақ, емделмеген жағдайда жатыр мойнының қатерлі ісігіне апаруы мүмкін.
Жатыр әйелдің репродуктивтік жүйесінің бөлігі. Ол – ұрықтың дамуы өтетін, алмұрт пішінді қуыс ағза. Жатыр жамбас қуысында, несеп қап пен тік ішектің арасында орналасқан.
Жатырдың төменгі тарылған тұсында мойны орналасқан. Жатырдың мойыннан жоғары орналасқан кең бөлігі жатырдың денесі аталады. Күмбез тәрізді жоғарғы бөлігі жатырдың түбі аталады. Жатыр түтіктері - жатырдың екі жағында орналасқан өсінділері. Олар аналық бездермен аяқталады.
Жатырдың қабырғаласы екі қабаттан тұрады. Ішкі қабаты эндометрий аталады. Жатырдың сыртқы қабаты бұлшық еттен тұрады және миометрий аталады.
Бала өрбіту жасындағы әйелдерде әр ай сайын эндометрийдің қалыңдауы өтеді, бұл жатырдың жүктілікке дайындығымен байланысты. Егер жүктілік орнамаса, эндометрийдің қалың сыртқы қабаты ажырайды және қынап арқылы қан ұйындысымен бірге сыртқа шығады. Бұл етеккір аталады.
Жатыр мойнының дисплазиясы кез келген жаста болуы мүмкін, бірақ, көбінесе, 25-35 жас аралығында пайда болады.
Жатыр мойнының дисплазиясы көбінесе, адамның папиллома вирусының (АПВ) салдарынан болады. АПВ жыныстық жолмен берілетін, кең таралған вирус. АПВ көптеген түрлері бар. Олардың кейбірі жатыр мойнының дисплазиясын немесе қатерлі ісікті туындатуы мүмкін. АПВ басқа түрлері жыныстық мүше сүйелінің пайда болуына ықпал етеді.
Жатыр мойны дисплазиясының пайда болу қаупін арттыратын факторлар:
18 жасқа дейін жыныстық қатынасқа түсуді ерте бастау
16 жасқа дейін ерте босану
Жыныстық қатынаста бірнеше серіктестің болуы
Басқа аурулардың болуы немесе иммундық жүйені басатын дәрілік препараттарды қабылдау
Папаниколау (цитологиялық жұғынды) жұғындыда анықталатын жатыр мойнының дисплазиясы сквамоздық интраэпителиалдық зақымдану (СИЗ) аталады. Папаниколау жұғындысындағы бұл өзгерістер келесі түрде сипатталады:
Айқындалуының төмен дәрежесі (жалпақжасушалы интраэпителиалдық зақымдану– Т-ЖИЗ)
Айқындалуының жоғары дәрежесі (– Ж-ЖИЗ)
Қатерлі ісіктік зақымдану болуы мүмкін (қатерлену)
Егер Папаниколау жұғындысында ауытқулы жасушалар немесе жатыр мойнының дисплазиясы анықталса, науқасқа қосымша тексеріс өткізу қажет. Егер өзгерістер мәнді болмаса, біраз уақыттан кейін жұғындыны қайталау қажет.
Бірақ, аурудың расталуы үшін биопсия алу қажет. Биопсияның бірнеше түрлері бар:
Бағытталған биопсиямен кольпоскопия
Жатыр мойнының конус тәрізді биопсиясы
Кольпоскопия орындау арқылы электрохирургиялық жолмен кесу
Жатыр мойны биопсиясынан анықталатын дисплазия цервикалдық интраэпителиалдық неоплазия (ЦИН) аталады. Ол үш дәрежеге жіктелінеді:
1 дәрежелі ЦИН– жеңіл дисплазия
2 дәрежелі ЦИН– орташа дисплазия
3 дәрежелі ЦИН– ауыр дисплазия немесе «қатерлі ісіктің орын алуы»
Адамның папиллома вирусының (АПВ) кейбір штаммдары жатыр мойнының қатерлі ісігіне себепші болуы мүмкін. АПВ ДНҚ анықтау қатерлі ісіктің пайда болуының жоғары қаупімен байланысты АПВ түрін айқындауға көмектеседі. Бұл тексеру келесі адамдарда өткізіледі:
30 жастан асқан әйелдерге тексерудің скрининг әдісі ретінде
Папаниколау жұғындысында өзгерістер бар кез келген жастағы әйелдерге
Ерте және уақытылы емдеуде жатыр мойны дисплазиясы емделіп, жазылады. Дегенмен, ауру қайталануы мүмкін.
Жатыр мойнының ауыр дисплазиясын емдемеген жағдайда инвазивтік қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Жатыр мойнының дисплазиясы ушығып, қатерлі ісікке айналуы 10 немесе одан көп жыл ішінде орын алуы мүмкін. Жеңіл дәрежелі дисплазияда қатерлі ісіктің пайда болу қаупі төмен.
Дәрігермен АПВ вакцинасы туралы кеңесіңіз. Жыныстық қатынасқа дейін осы вакцина егілген қыздарда жатыр мойны қатерлі ісігінің пайда болу қаупі төмендейді.
Келесі шараларды орындау арқылы жатыр мойны дисплазиясының даму қаупін азайтуға болады:
Темекі шекпеңіз. Темекі шегу ауыр дисплазия мен қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады.
9-26 жас аралығында АПВ қарсы егуді алыңыз.
18 жасқа жетпегенде немесе осы ауқымда жыныстық қатынасқа түсуді бастамаңыз.
Қауіпсіз жыныстық қатынасты қолдаңыз, презерватив қолданыңыз.
Моногамияны қолдаңыз. Бұл дегеніміз, жыныстық қатынаста тек бір серіктесіңіз болғаны жөн.