Сіздің денсаулығыңыз үшін қандай дене шынықтыру түрлері оң әсер етеді

Кейбір жағдайларға қарамастан, спорт кез-келгеніміз үшін пайдалы болып келеді. Сонымен қатар, белсенді серуендер көпшілік үшін өте қауіпсіз. Ағзаға қауіпті физикалық жүктеме қашан басталатын туралы Zdrav.kz Сізге көмекке келеді.
Қарапайым пульс өлшеуі дене күшінің дәрежесін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Пульстің минуттық жылдамдығын қалыпты жағдайда минутына 60-90 пайызға дейін жылдамдайды. Осыған байланысты, жаттығулар жасаған кезде қалаған және қолайлы жүрек соғуын есептеуге болады.
Формуласы
(220 - жасыңыз) * 0.60
(220 - жасыңыз) * 0.90
Мысалы, жасыңыз 40 болса, 220 - 40 азайтып, минутына ең жоғары жүрек соғуын анықтаймыз 180. Осыдан кейін, қалаған жүрек соғу аралығын орнату үшін нәтижені 0,60 көбейту арқылы төменгі интервалды анықтаймыз 180 х 0,60 = 108. Жаттығу кезінде бұл көрсеткіштен жүрек соғу төмен болса, жүктемені ұлғайту мәселесін ойластыруын білдіреді.
Жоғарғы рұқсат етілген аралықты табу үшін ең жоғарғы жүрек соғу жылдамдығын 0,90-ға көбейту керек (180 X 0.90 = 162). Егер жаттығу кезінде жүрек соғуы минутына 162 асатын болса, жүктеме қарқындылығын азайтуын білдіреді.
Жас ерекшелігі
Көптеген адамдарға жаттығулар бастау алдында дәрігермен ақылдасу қажет емес. Алайда, 45 жастан асқан ерлер, 55 жастан асқан әйелдер немесе созылмалы аурулары бар адамадар жаттығу бастар алдында дәрігермен ақылдасуы тиіс.
Жаңа бағдарламаны бастамас бұрын келесі сұрақтарға жауап беруіңіз керек:
• Менің жасым нешеде?
• Соңғы кезде кеудедегі ауру сезімі болды ма?
• Жаттығулар кезінде кеудеде ауру сезімі немесе қан қысымының жоғарлауы болжды ма?
• Бас айналудан есінен тану болды ма?
• Аз жүктемеден кейін ентігемін бе?
• Менде жүрек ұстамасы немесе инсульт болды ма?
• Дәрігер маған спортпен шұғылдануды ұсынған ба?
• Жоғары қан қысымы немесе басқа жүрек-қан тамырлары ауруларына байланысты дәрі-дәрмектерді қалбылдаймын ба?
• Менде жаттығулардан кейін тірек-қимыл жүйесінің ауруларын қоздыратын аурулар бар ма?
• Қант диабетіне қарсы инсулин немесе басқа да препараттарды қабылдадым ба?
• Дене шынықтыру кезінде туындауы мүмкін басқа да денсаулыққа қатысты мәселелер бар ма?
Жоғарыда көрсетілген сұрақтардың біреуіне «иә» деп жауап берсеңіз, дәрігермен ақылдасуыңыз қажет. Түрлі зерттеу нәтижелері бойынша дәрігер Сізге қандай спорт түрі ең қауіпсіз және пайдалы екендігін анықтайды.
Қауіпті жағдайлар
Дене шынықтыру денсаулыққа оң әсер ететініне еш күмән жоқ. Бірақ, онын да жағымсыз әсерлері болуы мүмкін.
Таңдалған физикалық жаттығу бағдарламасы Сіз үшін дұрыс және қауіпсіз екеніне көз жеткізу керек.
Бұлшықет массасын ұлғайту жаттығулар үлкен қаупі тудыру мүмкін. Бірақ жеңіл жүктемелер де байламмен бұлшықет созылуларына, сүейк сынуларына алып келуі мүмкін. Мысалы, футбол немесе теннис ойнаған кезде.
Егер Сізде қандай да бір аурудың болса, спорттың денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін. Мысалы, остеопороз кезінде, күштік жаттығулар сүйектердің сынықтарына әкелуі мүмкін. Кейде физикалық жаттығулар демікпемен ауыратын адамдарда қауіпті.
Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.






