.

Темекі шегу тоқтатылғаннан кейін 5 жыл ішінде өкпе қатерлі ісігінің даму қаупі төмендейді | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Темекі шегу тоқтатылғаннан кейін 5 жыл ішінде өкпе қатерлі ісігінің даму қаупі төмендейді

Сіз темекі шегуден бас тартқаныңыз өкпенің қатерлі ісігіне шалдықпауына кепілдік бермейді. Дегенмен, оның жақсы жағы, Сізде өкпе қатерлі ісігінің даму қаупі темекі шегу тоқтатылғаннан кейін 5 жыл ішінде айтарлықтай төмендейді.

Бұл нәтиже Framingham зерттеуінде 25 - 34 жасқа аралығындағы 8 907 қатысушыны ұзақ мерзім бақылау барысында анықталған. Яғни, 284 өкпе қатерлі ісігі диагноз қойылған қатысушылардың 93% тәулігіне кемінде бір қорап темекі шегушілер арасында байқалды.

Темекі шегуді тоқтатқаннан кейін 5 жыл ішінде шылым шегпейтін арасында өкпенің қатерлі ісік жиілігі темекі шегетіндерге қарағанда 39 пайызға азайды. Алайда, ұзақ мерзімді бақылауда (темекі шегу тоқтатылғаннан 25 жылдан кейін), оларда өкпенің қатерлі ісігі жиілігі темекіні ешқашан шектегендерге қарағанда үш есе жоғары болды.

Бұл зерттеу нәтижелері АҚШ-тың Ұлттық қатерлі ісік аурулар институты журналында жарияланды: Lifetime Smoking History and Risk of Lung Cancer: Results From the Framingham Heart Study

Материалды медицина профессоры  Алмаз Шарман дайындады.

Рекомендуем к прочтению: