.

ашушаңдық | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

ашушаңдық

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Депрессия – күрделі эмоционалдық (аффективті) бұзылыс, бұл кезде ұдайы уайым, мұң, ашулану, фрустрация (тілектің мүмкіндікке сай болмауы), күштің болмауы адамның күнделікті өміріне теріс әсер етеді. Клиникалық депрессия апталар, айлар, жылдар бойы созылуы мүмкін.

Көпшілік адамдар өмірінің белгілі бір сәттерінде қысқа мерзімді депрессияның қандай да бір түрін басынан кешіреді.

 

Себептері

Депрессияның пайда болуының нақты себептері белгісіз. Көптеген медик-ғалымдардың ойынша, ауру күйзелістен кейін мида химиялық өзгерістер нәтижесінде пайда болады. Тұқым қуалау бейімділігі де бар. Көбінесе, депрессияға осы факторлардың бірігуі апарады. Депрессия отбасында ешкімде мұндай бұзылыс болмаса да пайда болуы мүмкін. Депрессия кез келген адамда, тіпті, балада да пайда болуы мүмкін.

Келесі факторлар депрессияның пайда болуына ықпал етуі мүмкін:

·      Белгілі бір аурулар, гипотиреозды қоса (қалқанша без қызметінің төмендеуі), қатерлі ісік, ұдайы ауырсынуға апаратын аурулар;

·      Ұйқыдағы мәселелер (ұйқысыздық, түнгі үрейлі түстер);

·      Алкогольді немесе есірткі заттектерге үйір болу;

·      Кейбір дәрілерді тұтыну, мысалы, стероидтарды (преднизолон).

 

Депрессияға апаратын өмірдегі жиі күйзеліс жағдайлары:

·      Сүйікті адаммен қоштасу;

·      Емтихан тапсыра алмау;

·      Жақын адамның қайтыс болуы немесе ауыруы;

·      ажырасу;

·      бала кездегі зорлық көру, немесе ата-ана жағынан назар қоюдың жетіспеуі;

·      жұмысты жоғалту;

·      әлеуметтік оқшаулану (жалғыздық), әдетте, егде жастағы адамдарда болады.

 

Симптомдары

Депрессия өзін-өзі бағалауды бұзуы, өмірді нашарлатып, қоршаған ортадағы адамдардың өміріне зиян келтіруі мүмкін.

Депрессияға шалдыққан адамдар әдетте, өмірді күңгірт, көңілсіз күйде көреді. Көбінесе, науқас қандай да бір мәселенің немесе жағдайдың оң шешіміне сенбейді. 

Депрессияның симптомдары:

·      толқу, мазасыздық, ашушаңдық;

·      қоршаған әлемнен аулақтану, оқшаулану;

·      жәрдемсіздік және үмітсіздік;

·      қажетсіздік, өзін жек көру немесе кінәлі сезіну;

·      бұрын қанағаттану әкелетін күнделікті әрекетке қызығушылықты немесе қанағаттануды жоғалту;

·      қандай да бір затқа зейін қоюдың қиындауы;

·      тәбеттің өзгерісі, көбінесе, депрессияға салмақ қосу қосарланады;

·      шаршау, энергияның жетіспеуі;

·      ұйқтай алмау немесе тым көп ұйқтау;

·      өлім немесе өзіне қол жұмсау туралы ойлар.

Депрессия сыртынан мұң сезімі емес, ызалану және айыптау секілді көрінуі мүмкін.

Егер депрессия аса ауыр болса, күрделі симптомдары, мысал, елестеу (жоқ заттар мен дыбыстарды шынайы қабылдау) және сандырақ пайда болуы мүмкін.

 

Диагностика

Дәрігер әдетте, аурудың симптомдары мен ұзақтығы туралы көбірек ақпарат алу үшін бірқатар сұрақтар қояды. Дәрігер психологиялық тестілерге жауап беруді ұсынады. Науқастың белгілі бір сұрақтарға жауаптары маманға дұрыс диагноз қоюға және депрессияның ауырлық дәрежесін анықтауға көмектеседі.

Депрессияға алып келген ауруды анықтау үшін кейде электроэнцефалография (мидың электр белсенділігін анықтау) қолданылады.

 

Емдеу

Депрессияны емдеуге кіреді:

·      депрессияны туындатқан алғашқы себепті анықтау.

·      Маманмен терапиялық әңгімелесу (психотерапия)

·      антидепрессантарды – мидағы көңіл-күйді көтеруге жауап беретін өзіндік химиялық дәрілік құралдарды қабылдау. Депрессияға шалдыққан науқаста олар көңіл-күйді жақсартады, уайымды, үрейді, эмоционалдық ширығуды басады, психикалық белсенділікті арттырады, ұйқыны, тәбетті реттейді. Бұл препараттардың көпшілігі тиімді, бірақ, жанама әсері болады.

Егер депрессия шағын болса, емдеудің бір түрі ғана қажет болуы мүмкін. Депрессияның ауыр түріне шалдыққан адамдар емдеудің бірнеше түрінің бірігуіне мұқтаж болады. Сауығу үшін белгілі бір уақыт кетеді, бірақ, әдетте, сауығу емдеудің басынан бірнеше күн өткенде байқала бастайды.

Науқаста өзіне қол жұмсау ойлары пайда болса, басыңқылық және қарапайым әрекетті орындай алмау күшейгенде арнайы (психиатриялық) ауруханада емделу қажет болады.

 

Аурудың болжамы

Депрессияда кейбір науқастарға антидепрессанттарды қабылдаудан 2 апта өткенде жақсару пайда болады. Дегенмен, көптеген науқастарға жағдайдың жақсаруы және қайта ұстамалардың алдын алу үшін дәрілерді 4-9 ай қабылдау қажет болуы мүмкін.

 

Мүмкін асқынулары

·      алкоголь немесе есірткі заттектерге үйір болудың басталуы

·      денсаулықта мәселелер пайда болу ықтималдығы

·      өзіне қол жұмсау

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

·      себепсіз жылаудың жиі ұстамасы пайда болса.

·      Қабылдайтын дәрі көмектеспейтіндей немесе, керісінше, жанама әсерінің туындайтындай болып көрінеді. Препаратты қабылдауды өздігінше тоқтатуға болмайды, мұндай шешімді дәрігер қабылдауы тиіс.

·      Депрессияның қайта ұстамалары пайда болса.

·      Депрессия жағдайы жұмысқа, мектепке, отбасына теріс әсер етеді.

·      Өзіне немесе қоршаған адамдарға зиян әкелу ойлары пайда болса.

·      Есту елестері пайда болса, қасында жоқ адамдардың дауысын есту орын алса.

 

Алдын алу

Алкоголь  немесе есірткі заттектерді қабылдаудан бас тартыңыз, себебі, бұл депрессияны ушықтырып, өзіне қол жұмсауға итермелеуі мүмкін.

Дәрігер тағайындаған дәріні қабылдаңыз. Дәрігерден дәрілердің мүмкін жанама әсері және бұл кезде не істеу қажеттігі туралы сұраңыз. Депрессияның ушығуының ерте сигналдарын танып үйреніңіз.

Келесі әрекеттер өзін жақсы сезінуге көмектесуі мүмкін:

·      Дене белсенділігіне көбірек уақыт бөлу

·      Ұйқының дұрыс тәртібін қадағалау

·      Қанағаттану сезімін әкелетін қызметпен айналысу

·      Сенетін адаммен әңгімелесу

·      Өзіңізді бағалайтын, кең пейілді адамдардың арасында болу. 

 

Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры:

http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/

 

Материалды дайындағандар: Александр Корольков, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі;  Салтанат Хишина, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі.

Редакциялық алқа:

Алмаз Шарман, медицина профессоры

Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.

Шыңғыс Жұмағұлов, zdrav.kz порталының контент-менеджері.

 

Мазмұны

Анықтамасы

Симптомдары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Себептері

Қауіп факторлары

Диагностика

Емдеу

Алдын алу

 

Анықтамасы

Мидың шайқалуы – күрделі ауру, бұл кезде шайқалуды туындатқан жарақаттан кейін соңғы бірнеше апта, ал кейде бірнеше ай  өткенде бас ауруы немесе бас айналуы секілді симптомдар пайда болады.

Мидың шайқалуы дегеніміз – жеңіл бассүйек-ми жарақаты, көбінесе, бастың соққысынан кейін пайда болады. Есті жоғалту мұндай диагнозды қою үшін міндетті шарт емес. Шын мәнісінде, мидың шайқалуының даму қаупі бастапқы жарақаттың ауырлығымен байланысты емес.

Көптеген адамдарда аурудың симптомдары алғашқы 7-10 күнде пайда болады және жарақаттан кейін үш ай ішінде өтеді, бірақ, кейде бір жыл бойы немесе одан ұзақ уақыт бойы сақталады.  Мидың шайқалуын емдеу аурудың симптомдарын жеңілдетуге бағытталған.

 

Симптомдары

Мидың шайқалуының симптомдарына жататындар:

  • Бас ауыруы
  • Бас айналуы
  • Шаршау
  • Ашушаңдық
  • Үрейлену сезімі
  • Ұйқысыздық
  • Зейінді шоғырландыру және есте сақтаудың төмендеуі
  • Шу мен жарыққа асқан сезімталдық

 

Мидың шайқалуынан кейінгі бас ауыруы өзгеруі мүмкін және ширығу ауырсынуы немесе сақина секілді болады. Көпшілік жағдайда ширығу ауырсынуы кездеседі, ол бастың жарақаты кезінде болған мойынның зақымымен байланысты болуы мүмкін. Кейбір жағдайда жеңіл бассүйек-ми жарақатынан кейін адамдар түрлі мінез-құлықтық немесе көңіл-күйлік бұзылыстарға ұшырайды. Отбасының мүшелері адамның ашушаң, күмәншіл болатынын, жиі таласу немесе қырсығу әдетін байқайды. 

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Егер бастың жарақаты естің қалыпсыздығын немесе амнезияны (болғанды ұмыту) туындатса, естен танбасаңыз да, дәрігерге көріну қажет.  Егер мидың шайқалуы спортпен айналысу кезінде пайда болса, дене жаттығуын тоқтатыңыз. Алынған жарақаттың асқынуының пайда болу қаупін азайту үшін дәрігерге көрініңіз.

 

Себептері

Кейбір сарапшылардың ойынша, мидың шайқалуының симптомдары мидың құрылымдық зақымдануына байланысты туындайды. Басқалары аурудың симптомдары психологиялық факторларға байланысты санайды, себебі, бас ауыруы, бас айналуы және ұйқы мәселелері секілді симптомдар депрессия, үрейлену немесе жарақаттан кейінгі күйзелістік бұзылыс  кезіндегі симптомдарға ұқсас. Көптеген жағдайларда  мидың жарақатының физиологиялық салдары және оларға көңіл-күй серпіні симптомдардың дамуында роль атқарады. 

Зерттеушілер неліктен кейбір адамдарда жарақаттан кейін тұрақты симптомдар болатындығы, кейбірінде – болмайтындығы туралы нақты айта алмайды. Жарақаттың ауырлығы және мидың шайқалуының тұрақты симптомдарының даму ықтималдығы арасында дәлелденген байланыс жоқ.

 

Қауіп факторлары

Мидың шайқалуының қауіп факторларына жататындар:

  • Адамның жасы. Зерттеулерге сай, адамның жасы мидың шайқалуының дамуы үшін қауіп факторы болады.
  • Жынысы. Әйелдерде мидың шайқалуы жиі анықталады, бірақ, бұл әйелдердің медициналық көмекке жиі жүгінуне байланысты болуы мүмкін.
  • Жарақат. Автокөліктегі апат, спортпен айналысу, құлау салдарынан болатын жарақаттар әдетте осы аурудың пайда болуына апарады.

 

Диагностика

Ешқандай тексеру мидың шайқалуын дәлелдей алмайды. Дәрігер осыған ұқсас симптомдарды туындататын басқа әлеуетті мәселелер болуын тексеру үшін миды тексерістен өткізеді. Әдетте, мидың ауытқуларын анықтау үшін компьютерлік томографияны (КТ) өткізген жөн.

Егер сізде жиі бас айналуы болса, сізді құлақ, мұрын және көмей ауруларына маманданған дәрігерге бағыттайды. Мазасыздық пен депрессияға шалдықсаңыз, немесе есте сақтау мен күнделікті тіршілік мәселелерін шешуде  қиналатын болсаңыз, психологқа немесе психиатрға бағыттау қажет болады.

 

Емдеу

Мидың шайқалуының арнайы емі жоқ. Оның орнына дәрігер сізде пайда болған симптомдарды емдейді. Түрлі симптомдар мен олардың кездесу жиілігі әр адам үшін ерекше болады.

Бас ауыруы

Бастың сақина ауруын немесе шируғыдан болатын бас ауруын емдеу үшін қолданылатын препараттар, оның ішінде, кейбір антидепрессанттар мидың шайқалуына байланысты бас ауруында тиімді болуы мүмкін.   Мысалы:

  • Амитриптилин. Бұл препарат сондай-ақ, жарақаттан кейінгі зақымдануды емдеу үшін, сондай-ақ, мидың шайқалуына байланысты ашушаңдық, бас айналуы және депрессия секілді симптомдарды емдеу үшін кеңінен қолданылады.
  • Дигидроэрготамин(DHE 45) – метоклопрамидпен (​​Реглан) бірге. Бұл препараттар созылмалы бас ауруын жеңілдетеді, бірақ, олар көктамыр арқылы аурухана жағдайында қолданылуы тиіс.

Мидың  шайқалуы кезінде ауырсынуды басатын препраттарды шамадан тыс қолдану тұрақты бас ауруының пайда болуына апаруы мүмкін.

Есте сақтау және ойлау мәселелері

Қазіргі кезде жеңіл бассүйек-ми жарақатынан кейін когнитивтік (танымдық) мәселелерді емдеу үшін ешқандай дәрілік препараттарды қабылдау ұсынылмайды.  Ми шайқалуы кезінде когнитивтік  (танымдық) мәселелер болуында уақыт – оңтайлы емдеу, себебі, симптомдардың көпшілігі жарақаттан кейін бірнеше апта немесе ай өткенде өздігінше өтеді.

Когнитивтік емдеудің кейбір түрлері пайдалы болады, мысалы, қалта күнтізбесін, электрондық органайзерді қолданудағы немесе есте сақтау мен назар қоюдағы олқылықтарды жою үшін, басқа әдістерді  қолданудағы дағдыларды жаттықтыру жүргізілетін реабилитация.

Депрессия және мазасыздық

Мидың шайқалуының симптомдары зақымданушы симптомдарының себебін және уақыт өткенде өздерін жақсы сезінетіндігін білгенде, жиі жақсарады. Ауру жайлы білу адамның үрейін азайтады және тыныштануына көмектеседі.  Депрессия және мазасыздық симптомдары күшейгенде емдеудің бірнеше нұсқалары бар:

  • Психотерапия. Мәселелерді психологпен немесе психиатрмен талқылау, олардың бассүйек-ми жарақатына ұшыраған адамдарды емдеу тәжірибесі аса пайдалы.
  • Дәрілік препараттар. Үрейге немесе депрессияға ұшырағанда антидепрессанттар немесе тыныштандыратын препараттар ұсынылуы мүмкін.

 

Алдын алу

Мидың шайқалуын алдын алудың жалғыз белгілі тәсілі – бастың жарақатын болдырмау.

Бастың жарақатына қалай ұшырамауға болады

Әрбір әлеуетті қауіпті жағдайға дайын болу мүмкін болмаса да, бастың жарақатының жиі кездесетін себебінен алшақ болу үшін кеңестер беріледі:

  • Автокөлікте келе жатқанда қауіпсіздік белдігін салыңыз және балалардың жасына сәйкес қауіпсіз орындықта отыруын қадағалаңыз. 13 жасқа дейінгі балалар артқы орында отырғаны қауіпсіз, әсіресе, егер автокөлікте қауіпсіздік «жастықтары» болмаса.
  • Өзіңіз және балаңыз велосипедте, роликті конькиде, шаңғыда, сноубордта болғанда,  футбол ойнағанда, скейтбордингте, атқа мінгенде, мотоциклде бастың арнайы киімін (шлемін) киіп жүру қажет.
  • Үйде құлаудың алдын алыңыз,мысалы, шағын кілемшелерді төсемеңіз, жарықты жақсартыңыз, саты болса, сүйенетін жақтау қойыңыз.