.

қалқанша безі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

қалқанша безі

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

Болжамы

Болжамды асқынулар

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

Профилактикасы

 

Тоқсикалық түйінді жемсау (зоб) қалқанша бездің үлкеюімен сипатталады. Осы ауруға шалдыққан науқастардың қалқанша безінде түйіндер пайда болады. Түйіндер қалқанша бездің гормондарын нормадан көп мөлшерде бөледі.

Себептері

Токсикалық түйінді зоб (жемсау) зобтан басталады. Ол кәрі адамдар арасында жиі кездеседі. Қауіпті топқа 55 жастан асқан әйелдер жатады. Бұл ауру балалар арасында сирек кездеседі..

Аурудың бастапқы кезеңінде қалқанша безі гормондарынының деңгейінің жоғарлануы байқалады. Бұның басты себептеріне йод препараттарын қабылдауы жатады. Йодты компьютерлік томография және рентгенография жасарда контрастты зат ретінде пайдалануға болады. Тағыда, ауру дамуына амиодарон дәрінің қабылдауы әсер етуі мүмкін.

 

Симптомдары

Токсикалық түйінді зобтың симптомдары қалқанша безінің гиперфункциясы (гипертиреоз) кезінде болатын симптомдарға ұқсас. Бұған қарамастан, токсикалық түйінді зоб кезінде көздің бадыраюы кездеспейді.

Токсикалық түйінді зоб келесі симптомдармен сипатталады:

  • Шаршағандық;
  • Нәжіс бөлуінің жиіленуі;
  • Жылудың көтере алмауы;
  • Тәбеттің жоғарлануы;
  • Терлеу;
  • Тұрақсыз менструальды цикл (әйелдерде);
  • Бұлшықет құрысуы;
  • Күйгелектік;
  • Мазасыздану;
  • Жүдеу

 

Диагностикасы

Дәрігер насқасты қараған кезде қалқанша бездің бірнеше түйіндерін табуы мүмкін. Науқастарда жүрек соққысының жиіленуі жиі кездеседі.

Басқа да зерттеу тәсілдері:

  • Қалқанша безі гормондарының қандағы деңгейі (T3, T4);
  • Сарыслық ТТГ (тиреотропты гормон)
  • Қалқанша безінің радиоизотопты зерттеуі;
  • Қалқанша безінің ультрадыбыспен зерттеуі

 

Емі

Қалқанша безі гормондарының деңгейі нормаға жеткенше бета-блокаторларды (пропранолол) пайдалануға болады.

Қазіргі таңда, қалқанша безінің йодты пайдалалануын тоқтатып әлде өзгертуге қабілеттіпрепараттар бар. Бұл препараттар келесі жағдайларда пайдалануы мүмкін:

  • Ота алдында;
  • Радиоактивты йодпен терапия кезінде;

Ем ретінде радиоактивты йод препараттары қолданылады. Препарат қалқанша бездің гиперактивті аймақтарында жиналып олардың күйзелтуіне алып келеді.

Қалқанша безінің хирургиялық алып тастауы келесі жағдайларда жасалады:

  • Түйіндердің үлкен өлшемдері;
  • Қалқанша безінің қатерлі ісігі
  • Шұғыл емінің керектігі

 

Болжамы

Токсикалық түйінді зобкәрі адамдар арасында жиі кездеседі.Сондықтан, науқастардың созылмалы аурулары зобтың болжамына әсер етеді. Кәрә адамдар арасында жүрек асқынулары жиі кездеседі. Бұған қарамастан, токсикалық түйінді зоб жақсы емделеді.

 

Болжамды асқынулар

Жүрек асқынулары:

  • Жүрек жетіспеушілігі;
  • Жүрек ырғағының бұзылуы (жүрекшелердің фибрилляциясы);
  • Жүрек соққысының жиіленуі

Басқа асқынулар:

  • Остеопороз;
  • Тиреотоксикалық криз – бұл инфекция және стресс қосылған кезде пайда болатын гипертиреоздың шырқалуы. Тиреотоксикалық криздің негізгі симптомамдары:
  • Іштің ауыруы;
  • Мазасыздық;
  • Қызу көтерілуі;

Тиреотоксикалық криз пайда болған кезде науқас міндетті түрде дәрігерге қаралуы тиіс.

Үлкен түіндер дем алуға және жұтуға кедергі тудырады. Бұл асқынулар қалқанша бездің артында орналасқан кеңірдек және өңештің қысылуынан пайда болады.

 

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

Дәрігерге аурудың бастапқы симтомдары пайда болған кезде қаралуыңыз тиіс.

 

Профилактикасы

Токсикалық түйінді зобтың профилактикасы ретінде гипертиреоз және зоб уақытында емделуі тиіс.

 

Аударған: Тілеубек Нұридін

 

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Дәрігерге қашан көріну қажет

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Гипертиреоз – қалқанша без гормондарының шамадан тыс көп өндірілуімен сипатталатын ауру. Бұл ауруды, сондай-ақ, қалқанша бездің гиперфункциясы деп те атайды.

 

Себептері

Қалқанша без эндокриндік жүйенің маңызды ағзасы. Ол мойынның алдыңғы бетінде, бұғаналардың қосылған жерінен сәл жоғарыда орналасқан. Без организмнің әр жасушасының энергиясын  қолдану үрдісін реттейтін гормондарды өндіреді. Бұл үрдіс метаболизм аталады. 

 

 

 

Қалқанша без – эндокриндік (гормондық) жүйенің бөлігі – организмдегі метаболизмді реттеуде үлкен роль атқарады.  

 

 

 

 

 

Гипертиреоздың пайда болу себебі келесідей:

  • Тағамға құрамында йодтың мөлшері көп өнімдерді тұтыну
  • Грейвс ауруы (гипертиреоздың жиі кездесетін себебі)
  • Қалқанша бездің вирустық инфекцияларда, кейбір дәрілік препараттарды қабылдауда немесе жүктілік кезінде қабынуының пайда болуы (тиреоидит)
  • Қалқанша бездің немесе гипофиздің қатерсіз ісігі
  • Аталық немесе аналық бездердің кейбір ісіктері
  • Қалқанша без гормондарының үлкен мөлшерін қабылдау
  • Йод құрамдас контрасттық заттекті қолданумен көрнекілік анықтау әдістерін жүргізу

 

Симптомдары

Аурудың аса жиі кездесетін симптомдары:

  • Зейінді шоғырландырудағы қиындықтар
  • Шаршау  
  • Ішектің қимылының күшеюі
  • Зоб (қалқанша бездің көрінетін ұлғаюы) немесе қалқанша бездің түйіндері
  • Қолдың дірілі
  • Күннің ыстығын көтере алмау
  • Тәбеттің жоғары болуы
  • Тершеңдік
  • Әйелдерде етеккір айналымының бұзылысы
  • Ашушаңдық
  • Мазасыздық  
  • Ұйқыдағы мәселелер
  • Салмақ жоғалту (кейбір жағдайда салмақтың  артуы болады)

Осы ауру кезінде кездесетін басқа симптомдар:

  • Ерлерде емшек безінің ұлғаюы
  • Терінің жабысқақтығы
  • Диарея (іш өтуі)
  • Шаштың түсуі
  • Жоғары артериалдық қысым
  • Көздің қышуы немесе тітіркенуі
  • Терінің қышуы
  • Әйелдерде етеккір айналымының болмауы немесе бұзылысы
  • Жүрек айнуы немесе құсу
  • Көздің ұясынан дөңестеніп шығып тұруы (экзофтальм)
  • Жүрек соғуының жиілеу немесе жүрек ырғағының бұзылысы 
  • Терінің қызаруы
  • Жамбас пен иықтың бұлшық еттерінің әлсіздігі

 

Диагностика

Дәрігер медициналық тексеруді өткізеді, ол кезде анықталуы мүмкін:

  • Систолиялық артериалдық қысымның артуы
  • Жүрек  ырғағының бұзылысы 
  • Қолдың дірілдеуі
  • Көздің маңайының қабынуы немесе тітіркенуі

Қалқанша  без гормондарының деңгейін зерттеу үшін тағайындалатын қан талдаулары: 

ТТГ, Т3 және Т4.

Сондай-ақ, келесілерді анықтау үшін талдаулар тағайындалады:

  • Холестерин деңгейі
  • Глюкоза
  • Радиоактивті  йодтың жұтылуы

 

Емдеу

Емдеудің бағыты симптомдардың себебі мен ауырлығына байланысты. Гипертиреоз әдетте, келесі бірнеше әдістемелердің көмегімен емделеді:

  • Антитиреоидтық дәрілік препараттар
  • Қалқанша  бездің тінін бұзу және гормондардың артық өндірілуін тоқтату үшін радиоактивтік  йод

·         Қалқанша  безді алып тастау үшін хирургиялық операция

Егер қалқанша без хирургиялық жолмен алынып тасталатын болса, науқас өмір бойы қалқанша бездің препараттармен алмастыру емдеуін қабылдауы тиіс.

Тамырдың соғуының жиілеуі, тершеңдік және мазасыздық сезімі секілді симптомдарды емдеу үшін  бета-тежеу тобының препараттары тағайындалады.

 

Болжамы

Гипертиреоз емдеуге келеді. Кейбір жағдайларда емдеусіз де өтеді.

Грейвс ауруы салдарынан болған гипертиреоз әдетте, біртіндеп күшейеді. Оның көптеген асқынулары бар, олардың кейбірі күрделі және өмірдің сапасына әсер етуі мүмкін.

 

Мүмкін асқынулары 

Криз – инфекцияға немесе күйзеліске байланысты гипертиреоз симптомдарының күрт нашарлауы. Бұл кезде қызба, назар қоюдың төмендеуі және іштің ауырсынуы байқалады. Науқастар ауруханада емделуі тиіс.

Аурудың басқа асқынуына жататындар:

  • Жүрек ырғағының жиілеуі, аритмия немесе жүрек жеткіліксіздігі секілді аурулар 
  • Остеопороз

Хирургиялық араласуға байланысты асқынуға жататындар:

  • Мойындағы тыртық
  • Дауыс байламдарының зақымдануына сай қарлығу
  • Қалқансерік бездердің (қалқанша бездің қасында орналасқан) зақымдануына сай қандағы кальцийдің төмен деңгейі
  • Гипотиреоз (қалқанша бездің гипофункциясы)

 

Дәрігерге қашан көріну қажет

Гипертиреоздың симптомдары болса, дәрігерге көріну қажет. Келесі симптомдар болса, «103» телефоны арқылы шұғыл медициналық жәрдем қызметіне хабарласыңыз:

  • Естің бұзылысы
  • Бас айналуы
  • Жүрек соғуының жиілеуі немесе ұдайы соқпауы

Гипертиреозды емдеуде қалқанша  без гипофункциясының симптомдары пайда болса, дәрігерге көрініңіз:

  • Депрессия
  • Мінез-құлықтық және денелік баяулық
  • Салмақ қосу

Синонимдары

Тиреотоксикоз.

 

Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000356.htm

Аудармашы: Асель Стамбекова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі

Редакциялық алқа:

Алмаз Шарман, медицина профессоры

Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.

Сәлім Смайылов, б.ғ.к.