Рейно феномені – қантамырларының, көбінесе, қолдың саусақтарындағы және аяқтың бақайларындағы тамырлардың зақымданатын ауруы. Бұл кезде қантамырлары тарылады.
Рейно феномен барлық жаста кездесуі мүмкін. Бір отбасының мүшелерінде қайталануы жиі кездеседі. Бірақ, қосымша тексерістерді жүргізу қажет.
Аурудың алғашқы түрі көп кездеседі. Бұл әдетте, 15-25 жас аралығында басталады. Ауру суық жерде тұратын адамдар арасында кең таралған.
Аурудың екінші реттегі түрі 35-40 жас аралығында басталады. Склеродермия, Шегрен синдромы және жүйелік қызылжегі секілді дәнекер тінінің ауруларына шалдыққан адамдарда жиі кездеседі. Басқа мүмкін себептеріне жататындар:
· Туннельдік синдром, бұл кезде білектің нервтері зақымданады
· Қантамырларының аурулары
· Аретериалдық гипертензияны, бас сақинасын немесе қатерлі ісікті емдеуде қолданылатын кейбір дәрі-дәрмектік препараттар
· Суық тиюді емдейтін кейбір препараттар
· Кейбір есірткілер
Аурудың екінші реттегі түрі келесі адамдарда кездесуі аса ықтимал:
· Кәсібі белгілі бір химиялық заттектермен байланысты адамдар
· Жұмысында вибрациялық аспаптарды, мысалы, кен орнындағы балғаларды қолданатын адамдар.
Суық ауа райында организм терідегі қан айналымын бәсеңдете отырып, жылуды сақтайды. Бұл қан тамырларының тарылуы арқылы жүзеге асырылады.
Рейно феноменінде орагизмнің суыққа немесе күйзеліске серпіні сау адамдарға қарағанда күштірек болады. Бұл кезде қантамырлары әдеттегіден тезірек тарылады. Бұл «ұстама» түрінде болады.
Ұстама кезінде қолдың саусақтары мен аяқтың бақайларының түсі өзгеруі мүмкін. Олар ақ, көк немесе қызыл түс алуы мүмкін. Қан айналымының бәсеңдеуі салдарынан саусақтар суық болып сезіледі, және ұйып қалуы байқалады. Ұстама өткеннен кейін қан ағымы қалпына келеді, саусақтарда шаншу немесе тамырдың соғуы сезіледі. Қан ағымының толық реттелуі, әдетте, дененің барлық суық бөліктері жылығаннан кейін 15 минуттан соң орын алады.
· Қолдың саусақтары мен аяқтың бақайларын жоғалтудың алдын алуға
Рейно феноменінің алғашқы түрінде тіндердің зақымдануы болмайды, сондықтан, алдымен, ауруды дәрі-дәрмексіз емдеу әдістері қолданылады. Дәріні қолдану әдістері Рейно феноменінің екінші реттегі түрінде кең таралған.
Рейно синдромының ауыр жағдайлары ойық жараға немесе гангренаға (тіндердің тіршілігін жоюы) апаруы мүмкін. Бұл ойық жаралар ауырсынады және емдеуі қиынға түседі. Ойық жаралар және тіндердің күрделі зақымдануы пайда болса, яғни, аурудың ауыр барысында оперативтік емдеу ұсынылуы мүмкін.