Увеит –көз ұясының тамырлы қабықшасының (көздің ортаңғы қабатының) тітіркенуімен және ісінуімен сипатталатын ауру. Көз ұясының тамырлы қабықшасы торқабықтың қанмен қамтамасыз етілуінің негізгі бөлігін қамтамасыз етеді.
Увеит ревматоидтық артрит немесе анкилоздық спондилит, инфекциялар секілді аутоиммундық ауруларда, немесе уыттардың әрекет етуінде пайда болуы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда аурудың даму себебі белгісіз.
Аурудың кең таралған түрі – алдыңғы увеит, бұл кезде көздің алдыңғы бөлігінде қабыну пайда болады. Оны иридоциклит атайды, әдетте, тек диафрагма – көздің нұрлы қабығы зақымданады. Қабыну аутоиммундық аурулармен байланысты болуы мүмкін, бірақ, көбінесе, сау адамдарда да болады. Бұзылыс тек бір көзді зақымдауы мүмкін. Ол көбінесе, жастар мен орта жастағы адамдардың арасында кең таралған.
Артқы увеит көз ұясының тамырлы қабықшасының артқы бөлігін зақымдайды. Бұл бөлікке көздің ортаңғы қабатындағы тамырлы қабықша, қантамырлар қабаты және дәнекер тіндер кіреді. Бұл түрі хориоидит аталады. Егер тек торқабық зақымданса, үрдіс хориоретинит аталады. Бұл ауру жүйелі инфекциялары немесе аутоиммундық аурулары бар адамдарда дамиды.
Увеиттің басқа түрі – ортаңғы увеит. Бұл кезде қабыну көздің нұрлы қабығы мен тамырлы қабығы арасындағы бөлімде пайда болады. Ортаңғы увеит әдетте, жас ер адамдарда кездеседі, және Крон аурумен немесе шашыраңқы склерозбен байланысты болуы мүмкін.
Аурудың тарихының және көздің толық тексерілуі өткізілуі шарт. Зертханалық тексерулер инфекцияны немесе аутоиммундық ауруды ескеру үшін қажет.
Ортаңғы увеиті бар 25-тен асқан адамдарға шашыраңқы склерозды ескеру үшін мидың және омыртқа бағанының магниттік-резонанстық томографиясы өткізілуі тиіс.
Көру аумағын анықтау үшін орталық және шеткері көруді тексеру жүргізіледі. Көру аумағының өзгерісі глаукома немесе ретинит секілді аурулардың болуын нұсқайды.
Ауырсынуды азайту үшін қарашықты кеңейтетін көз тамшылары
Стероидты көз тамшылары.
Ортаңғы увеит әдетте, көз тамшыларымен емделеді. Басқа да дәрілер, оның ішінде, ішетін, иммундық жүйені басу үшін тағайындалады.
Артқы увеитті емдеу ауруды туындатқан ауруға байланысты, бірақ, әрдайым оған ішілетін стероидтар кіреді. Кейде аутоиммундық аурудың мамандарының, сифилис (мерез), туберкулез, ЖИТС (СПИД), саркоидозили, Бехчет ауруы секілді инфекцияны емдейтін мамандардың қосымша кеңестері қажет.
Егер увеит жүйелік жұқпадан болса, емдеуге антибиотиктер және кортикостероидтар аталатын қабынуға қарсы дәрілік препараттар кіреді. Аутоиммундық ауруларды емдеу туралы ақпаратты да қараңыз.
Болжамы
Дұрыс емделсе, алдыңғы увеит бірнеше күн немесе апта ішінде өтеді. Дегенмен, жиі қайталануы мүмкін.
Артқы увеитке байланысты қабыну бірнеше айдан жылға дейін созылып, дұрыс емделгеннің өзінде көруді жоғалтуға апаруы мүмкін.