Ксерофтальмия әдетте, сау адамдарда кездеседі. Жас өскенде жиі кездеседі. Гормондық өзгерістердің салдарынан көз жасының өндірілуі азайғанда пайда болуы мүмкін.
Ксерофтальмияның таралуының басқа себептері:
Қоршаған ортаның немесе жұмыс орнының ауасының құрғақтығы (жел, кондиционер)
Күн сәулесінің әсері
Темекі шегудің немесе темекі түтінімен тыныс алу әсері
Суық тиюден немесе аллергиядан препараттар
Сондай-ақ, аурудың пайда болуының шартталуы:
Қызу немесе химиялық күйіктен
Алдындағы көздің хирургиялық емдеуі
Сирек аутоиммундық ауру – Шегрен синдромы, бұл кезде көз жасын өндіретін бездер бұзылысқа ұшырайды.
Ксерофтальмияны емдеуде, алдымен, көз тамшысы секілді «Жасанды көз жасы» қолданылады. «Жасанды көз жасы» тамшылары сақтауыштармен болуы/болмауы мүмкін. Сақтауыштары бар тамшылар ыңғайлырақ, бірақ, кейбір науқастарда оларға сезімталдық байқалады. Тамшылардың көптеген түрлері бар, олар дәріханада рецептісіз босатылады.
Тамшыларды кемінде, аптасына 2-4 рет қолданыңыз. Егер тамшыны ұдайы қолданудан бірнеше апта өткенде симптомдар өтпесе:
Тамшыларды жиі қолдануға тырысыңыз (әр 2 сағат сайын)
Басқа препаратты қолданып көрініңз
Егер өзіңізге жарамды препраратты таңдай алмасаңыз, дәрігермен кеңесіңіз.
Емдеудің басқа әдістеріне жататындары:
Балық майын күніне 2-3 рет қабылдау
Көзде ылғалды сақтайтын, күн сәулесінен қорғайтын көзәйнекті немесе контактілік линзаларды киіп жүру
Рестазис, жергілікті кортикостероидтар, тетрациклин және доксициклин секілді дәрілік препараттарды қабылдау
Көз жасы түтіктерінде болатын микроскопиялық тығындар, олар көз жасының ағуын және көзді тежейді.
Басқа пайдалы кеңестер
Темекі шекпеңіз және темекі түтінін жұтудан, жел мен желдеткіштің тіке ағынынан алшақ болыңыз.
Ылғалдандырғыш қолданыңыз, әсіресе, қысқы уақытта.
Аллергия мен суық тиюден препараттар қабылдауды шектеңіз, олар құрғақтық пен симптомдарды нашарлатуы мүмкін.
Әдейілеп кірпігіңізді жиі қағыңыз. Көзге демалыс бермеңіз.
Ұдайы кірпікті тазалап, жылы компрессті қолданыңыз.
Ксерофтальмияның кейбір симптомдары салдарынан ұйқы кезінде көздер сәл ашылып тұруы мүмкін. Бұл жағдайда жақпа май қолданған дұрыс. Оларды аз мөлшерде қолдану қажет, себебі, көруді нашарлатуы мүмкін. Дұрысында, ұйқы алдында қолданған жөн.
Хирургиялық араласу көмектесе алады, егер симптомдары қабақтың құрылысының дұрыс болмауынан пайда болса.
Увеит –көз ұясының тамырлы қабықшасының (көздің ортаңғы қабатының) тітіркенуімен және ісінуімен сипатталатын ауру. Көз ұясының тамырлы қабықшасы торқабықтың қанмен қамтамасыз етілуінің негізгі бөлігін қамтамасыз етеді.
Увеит ревматоидтық артрит немесе анкилоздық спондилит, инфекциялар секілді аутоиммундық ауруларда, немесе уыттардың әрекет етуінде пайда болуы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда аурудың даму себебі белгісіз.
Аурудың кең таралған түрі – алдыңғы увеит, бұл кезде көздің алдыңғы бөлігінде қабыну пайда болады. Оны иридоциклит атайды, әдетте, тек диафрагма – көздің нұрлы қабығы зақымданады. Қабыну аутоиммундық аурулармен байланысты болуы мүмкін, бірақ, көбінесе, сау адамдарда да болады. Бұзылыс тек бір көзді зақымдауы мүмкін. Ол көбінесе, жастар мен орта жастағы адамдардың арасында кең таралған.
Артқы увеит көз ұясының тамырлы қабықшасының артқы бөлігін зақымдайды. Бұл бөлікке көздің ортаңғы қабатындағы тамырлы қабықша, қантамырлар қабаты және дәнекер тіндер кіреді. Бұл түрі хориоидит аталады. Егер тек торқабық зақымданса, үрдіс хориоретинит аталады. Бұл ауру жүйелі инфекциялары немесе аутоиммундық аурулары бар адамдарда дамиды.
Увеиттің басқа түрі – ортаңғы увеит. Бұл кезде қабыну көздің нұрлы қабығы мен тамырлы қабығы арасындағы бөлімде пайда болады. Ортаңғы увеит әдетте, жас ер адамдарда кездеседі, және Крон аурумен немесе шашыраңқы склерозбен байланысты болуы мүмкін.
Аурудың тарихының және көздің толық тексерілуі өткізілуі шарт. Зертханалық тексерулер инфекцияны немесе аутоиммундық ауруды ескеру үшін қажет.
Ортаңғы увеиті бар 25-тен асқан адамдарға шашыраңқы склерозды ескеру үшін мидың және омыртқа бағанының магниттік-резонанстық томографиясы өткізілуі тиіс.
Көру аумағын анықтау үшін орталық және шеткері көруді тексеру жүргізіледі. Көру аумағының өзгерісі глаукома немесе ретинит секілді аурулардың болуын нұсқайды.
Ауырсынуды азайту үшін қарашықты кеңейтетін көз тамшылары
Стероидты көз тамшылары.
Ортаңғы увеит әдетте, көз тамшыларымен емделеді. Басқа да дәрілер, оның ішінде, ішетін, иммундық жүйені басу үшін тағайындалады.
Артқы увеитті емдеу ауруды туындатқан ауруға байланысты, бірақ, әрдайым оған ішілетін стероидтар кіреді. Кейде аутоиммундық аурудың мамандарының, сифилис (мерез), туберкулез, ЖИТС (СПИД), саркоидозили, Бехчет ауруы секілді инфекцияны емдейтін мамандардың қосымша кеңестері қажет.
Егер увеит жүйелік жұқпадан болса, емдеуге антибиотиктер және кортикостероидтар аталатын қабынуға қарсы дәрілік препараттар кіреді. Аутоиммундық ауруларды емдеу туралы ақпаратты да қараңыз.
Болжамы
Дұрыс емделсе, алдыңғы увеит бірнеше күн немесе апта ішінде өтеді. Дегенмен, жиі қайталануы мүмкін.
Артқы увеитке байланысты қабыну бірнеше айдан жылға дейін созылып, дұрыс емделгеннің өзінде көруді жоғалтуға апаруы мүмкін.
Глаукома – ұзақ уақыт бойы көз ішілік қысымның артуы есебінен көру нервісінің зақымдануынан орын алады. Глаукома тұқым қуалау бойынша берілуі мүмкін, бірақ, ұзақ уақыт бойы білінбеуі мүмкін.
Көз ішілік қысымның артуы көру нервісінің қысылуын туындатады, бұл көруді жоғалтуға апарады.
Көз ішілік қысымның артуы миға бейнені беруді жүзеге асыратын көру нервісін зақымдайды. Емдеу болмаған жағдайда бірнеше жыл ішінде глаукома көруді толығымен жоғалтуға апаруы мүмкін.
Көптеген адамдарда глаукома бастапқы кезеңінде симпотомсыз өтетіндіктен, уақытылы анықтау және емдеу қажет. Мысалы көз ішілік қысымның артуы кезінде ауырсыну сезімі болмауы мүмкін. Сондықтан, көруді толығымен жоғалтудың алдын алу үшін ұдайы окулист-дәрігерге көрініп тұру маңызды.
40 жастан асқан немесе тұқым қуалауы арқылы глаукомадан зардап шегетін адамдар әр 1-2 жыл сайын окулист-дәрігерден терең тексеруден өтуі қажет. Егер қант диабеті, тұқым қуалайтын глаукома, немесе көздің басқа ауруларының даму ықтималдығы секілді денсаулықтың мәселелері болса, окулист-дәрігерге көріну жиірек болуы қажет.
Глаукома көз ішілік қысымның артуында дамиды. Бұл көздің алдыңғы камерасында көз ішілік сұйықтықтың айналымы бұзылғанда орын алады.
Қалыпты жағдайда, «көздің ылғалы» аталатын сұйықтық шлемдік канал арқылы көздің алдыңғы камерасынан ағып шығады. Егер бұл канал жабылып қалса, сұйықтық жинақталып, глаукома дамиды. Каналдың жабылуының айқын себебі белгісіз, медицина қызметкерлері бұл тұқым қуалау салдарынан болады деп санайды.
Глаукоманың дамитын сирек себептері: көздің тікелей немесе химиялық зақымдануы, көздің ауыр инфекциялары, көздің қантамырының бітелуі, көздің қабыну аурулары, кейде көздің басқа ауруларын емдеу үшін көзге жасалатын операциялар. Әдетте, глаукома екі көзді де зақымдайды, бірақ, зақымдау дәрежесі әр түрлі болады.
1. ашық бұрышты глаукома (кең бұрышты глаукома) – бұл кең таралған түрі. Тексеріп қарағанда көздің құрылысы өзгермеген, бірақ, көз ішілік сұйықтық көздің трабекулярлық жүйесі аталатын каналдары арқылы тиісті түрде ағып шықпайды.
2. жабық бұрышты глаукома. Жіті немесе созылмалы жабық бұрышты немесе тар бұрышты глаукома деп те аталады. Глаукоманың бұл түрі кең таралмаған, бірақ, көз ішілік қысым күрт көтерілгенде пайда болуы мүмкін. Нұрлы қабық пен мөлдір қабықтың арасындағы (сұйықтықтың ағатын түтіктері орналасқан жерде) бұрыш кішірейгенде дренаждық қызмет бұзылады.
Кейбір адамдарда глаукома симптомсыз өтеді. Бірінші және жиі симптомы – шеткері көруді жоғалту, ол ұзақ уақыт бойы байқалмайды. Глаукоманы ерте кезеңінде анықтау үшін окулист-дәрігерде жылына 1 немесе 2 рет тексеруде болу қажет. Кейде көз ішілік қысым жоғары көрсеткіштеріне дейін артуы мүмкін. Бұл жағдайда көзде кенеттен ауырсыну пайда болып, көру бұлдырайды және жарық көзінің маңында түрлі түсті шеңберлер көрінеді.
Төменде келтірілген симптомдардың қандай да бірі пайда болса, медициналық көмекке жүгініңіз:
• жарық көзінің маңында түрлі-түсті шеңберлердің көрінуі
Глаукоманы анықтау үшін окулист-дәрігер көзді мұқият тексеруі қажет. Көзді тексеру глаукома кезінде зақымданатын көру нервісін зерттеуге бағытталады. Көру нервісінің бейнесі өзгерістерді және глаукоманың асқынуын анықтауға көмектеседі. Көз ішілік қысымды анықтауға арналған тонометрия және шеткері көруді анықтау үшін көру аумағын зерттеу секілді медициналық шаралар жүргізіледі. Глаукома кезіндегі тексерулер ауырсыну бермейді және тез уақытта орындалады.
Глаукоманы емдеуге көз тамшылары, лазерлік немесе микрохирургия жатады.
• Глаукома кезіндегі көз тамшылары. Олар көздің камерасындағы сұйықтықтың пайда болуын азайтады және оның ағып шығуын жақсартады. Жанама әсерлері: аллергия, көздің қызаруы, қысқа уақыттық күйдіру сезімі, көрудің бұлдырауы және көздің тітіркенуі. Глаукома кезінде кейбір дәрілік препараттар жүректің және өкпенің жұмысына әсер етуі мүмкін. Басқа қабылдайтын дәрілер немесе аллергиялық серпін туралы дәрігерге міндетті түрде хабарлау қажет.
• Глаукома кезіндегі лазерлік хирургия. Глаукома кезіндегі лазерлік хирургия ашық бұрыштық глаукомада сұйықтықтың ағып шығуын жақсартады немесе жабық бұрышты глаукомада сұйықтықтың бітелуін жояды. Глаукома кезіндегі лазерлік хирургияның түрлеріне жататындар: трабекулопластика, бұл кезде лазердің көмегімен дренаж жасалатын аумақтың трабекулярлық жүйесі ашылады; нұрлы қабықтың бөлігі алынып тасталады, нәтижесінде, кішкене ойық саңылау пайда болады, ол арқылы сұйықтық еркін ағатын болады; циклофотокоагуляция, бұл кезде лазер сәулесімен көздің ортаңғы қабаттары өңделеді, осылайша сұйықтықтың өндірілуі азаяды.
• глаукома кезіндегі микрохирургия. Трабекулотомия аталатын операцияда сұйықтық ағып шығуы үшін жаңа канал жасалады, осылайша, глаукомаға апаратын көз ішілік қысым азаяды. Кейбір жағдайда қайтадан операциялық араласу қажет болады. Глаукома кезіндегі микрохирургияның басқа асқынулары: уақытша немесе ұдайы көруді жоғалту, сондай-ақ, қан кетуі немесе инфекциялар.
Ашық бұрыштық глаукоманы біріктірілген емдеу – көз тамшылары, лазерлік трабекулопластика және микрохирургия. Әдетте, глаукоманы бастапқы кезеңінде емдеу – медикаментоздық түрде, бірақ, бастапқы кезеңінде лазерлік хирургияны немесе микрохирургияны қолданудың пайдасы туралы дәлелдемелер бар.
Сәбилердің немесе іштен туа біткен глаукома бұл аурудың туған кезде анықталуын білдіреді. Бұл жағдайларда алдымен, хирургиялық араласу қарастырылады, себебі, аурудың себебі – дренаждық жүйенің дұрыс дамымауы.
Глаукома салдарынан көруді жоғалту – қайтымсыз және қалпына келмейді. Бірақ, көз ішілік қысымды төмендетуге бағытталған шаралар көруді әрі қарай жоғалтудың алдын алуға көмектеседі. Глаукома бар адамдар дәрігердің тағайындауын қадағаласа, ұдайы тексеріліп отырса, көбінесе, көруді жоғалтпайды.
Көз – сфера тәрізді көру ағзасы. Ол сұйықтыққа толы. Аққабықтан, мөлдірқабықтан тұратын көздің сыртқы қабаты қорғаныс қызметін атқарады. Көздің ортаңғы қабаты тамырлардан тұрады. Ішкі қабаты (торқабық) нервтерден және жарық-түске сезімтал жалғамдардан тұрады. Сондай-ақ, мөлдірқабықтың артында орналасқан нұрлы қабық бар, ол –жұқа қозғалмалы пластина, ортасында қарашық аталатын дөңгелек ойығы бар. Оның артында қарақ (көз бұршағы) орналасқан, ол – линза түріндегі мөлдір созылмалы дене, оның басты қызметі – жарықты сындыру. Конъюнктива – қабақтың ішкі бөлігін жауып тұратын сілемей қабығы.
Біздің көзіміздің құрылысы көзді жарақаттан қорғауға көмектеседі. Дегенмен, жарақаттар көздің зақымдануына апаруы мүмкін; кейде олар күрделі болып, көруді жоғалтуға апаруы мүмкін. Көптеген жарақаттардың алдын алуға болады. Спортпен айналысуда немесе белгілі бір мамандықта жұмыс істеуде көздің арнайы қорғанысы қажет болады.
Көздің жиі кездесетін жарақаты көздің сыртқы қабығының тітіркенуінде пайда болды. Мұндай жарақаттар өнеркәсіп кәсіпорындарында немесе ұсталық өнімдермен жұмыс істеуде жиі пайда болады. Сондай-ақ, олар контактілік линзаларды кигенде пайда болуы мүмкін.
Химиялық заттектердің әсерінде немесе күшті жылу әсерінде көздің күйігі орын алуы мүмкін. Химиялық заттектер түскенде көзді жұмуға душар ететін ауырсыну пайда болады. Бұл көзге тітіркендіргіштің үлкен көлемінің түсуіне ықпал етіп, көбірек зиян келтіруі мүмкін. Жедел жәрдемді күткен кезде көзді сумен мұқият шаю қажет.