.

құлақ инфекциясы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

құлақ инфекциясы

Құлақ инфекциясы (жіті ортаңғы отит) – ата-аналардың педиатрға баруының негізгі себебі. Инфекция дыбыс жарғағының артындағы қуыста  (ортаңғы құлақ аталатын) пайда болады.

Инфекция жіті және созылмалы болады. сондай-ақ, отит құлақтан бөліндімен қосарланады, (қараңыз: ортаңғы құлақ отиті, бөліндімен). Көбінесе, құлақ инфекциясы  суық тиюден кейін бірнеше күн өткенде немесе жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясынан кейін дамиды.

Суық тиюде, көмейдің инфекциясында, немесе көмей қуысын ортаңғы құлақ қуысымен қосатын каналдың қабырғасының (евстахиев түтігі) аллергиясында   ауаның ортаңғы құлақ қуысына түсуіне кедергі келеді. нәтижесінде, теріс қысым орнайды, бұл сұйықтықтың ортаңғы құлақ қуысына ағуына апарады. ортаңғы құлақ қуысында қалған сұйықтық вирустар мен бактериялардың өсуіне және инфекцияның дамуына апарады.

Евстахиев  түтігінің тітіркенуіне, қабынуына, бітелуіне ықпал ететін бірқатар факторлар бар. Оларға жататындар:

·         Қуыстарға суық тиюі және қабынуы

·         Аденоидтардың өсуі

·         Тіс өскен кезде сілемейдің артық бөлінуі

·         Аллергиялық серпін.

Құлақ инфекциясы  8 жасқа дейінгі сәбилерде кең таралған. Жас сәбилерде евстахиев түтігі қысқалау, жұмсақ және көлденең орналасады, сондықтан, үлкен балалар мен ересектерге қарағанда тез тежеледі.  Көбінесе, инфекция арқасында жатып, бөтелкеден ішетін балаларда жиі байқалады.

Жіті ортаңғы отиттің симптомдары: құлақтағы ауырсыну, құлақтың бітелгендей сезімі, жоғары температура, құлақтан қою сары бөлінді шығуы, ашушаңдық, тәбетті жоғалту, жүрек айнуы, құсу, ұйқыдағы мәселелер, диарея, естімей қалу мүмкіндігі.

Диагнозды дәрігер отоскоппен қарау арқылы қояды. Әдетте, инфекцияның белгісін қою жеңіл – қызару, сұйықтықтың немесе іріңнің болуынан. Кейде есту қызметіне тест жүргізіледі, ол ұзақ созылмалы инфекцияда бұзылуы мүмкін.

Емдеу. Емдеудің мақсаты – ауырсынуды жеңілдету, инфекциямен күрес, асқынудың және инфекцияның қайталануының алдын алу. Үй жағдайында әдеттегі ауырсынуды басатын, ыстық түсіретін дәрі-дәрмекті қолдану ортаңғы отиті бар адамдарға жеткілікті болады. балаларға аспирин беруге болмайды. Антибиотиктер әдетте, екі жасқа дейінгі балаларға тағайындалады, аурудың ауыр түрінде немесе асқыну қаупі жоғары болғанда. Антибиотиктерге сезімталдыққа тест жүргізген жөн. Инфекцияның  қайталануында ортаңғы құлақ қуысын шайып, желдету үшін түтік енгізуде хирургиялық араласу қажет болуы мүмкін (миринготомия). 

 

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулар

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Мастоидит – бассүйектің құлақтың артында орналасқан емізік тәрізді өсіндісі - ауаға толтырылған сүйек қуыстарының инфекциялық зақымдануы.

Мастоидит әдетте, балаларда дамиды. Антибиотиктерді қолданғанға дейін мастоидит бала өлім-жітімінің басты себептерінің бірі болды. Бүгінде бұл ауру – салыстырмалы түрде сирек және аса қауіпті емес ауру, себебі, құлақ инфекцияларын емдеу үшін антибиотиктер қолданыла бастады. 

 

Суретте құлағынан бөлінді және құлағының артында орналасқан емізік тәрізді өсіндінің қызаруы  (эритема) байқалатын бала келтірілген.

Себептері

Көбінесе, мастоидит ортаңғы құлақтың қабынуының емделмеуінен болатын асқыну (жіті ортаңғы отиттің). Инфекция ортаңғы құлақтан самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісіне таралуы мүмкін. Самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісінің ұяшықтары инфекцияға толып, оның бұзылысына апарады.

 

Симптомдары

• құлақтан бөлінділер (сыртқы есту түтігінен)

• құлақтағы ауырсыну немесе жайсыздық (жағымсыз сезіну)

• қызбалы жағдай, температура жоғары болуы немесе күрт артуы мүмкін

• бас ауыруы

• естуді жоғалту

• құлақ аумағындағы немесе артындағы қызару

• құлақ қалқанының ісінуден қалқайып тұруы.

 

Диагностика

Басты қарағанда мастоидиттің белгілерін көруге болады. Келесі тексерулер самай сүйегінің емшек тәрізді өсіндісінің бұзылыстарын анықтауы мүмкін:

  • Құлақтың компьютерлік томографиясы (КТ)
  •  Бастың жалпы компьютерлік томографиясы
  • Құлақтың бөліндісінен бактериологиялық себу алу – бактерияны анықтау үшін.

 

Емдеу

Мастоидитті емдеу дәрілік препараттардың емізік тәрізді өсіндіге терең ене алмауынан қиындауы мүмкін. Сондықтан ұзақ, немесе қайта емдеу қажет болады. Антибиотиктерді қабылдау алдымен инъекция, одан кейін таблетка түрінде тағайындалады.

Егер антибиотикпен емдеу тиімді болмаса, хирургиялық араласу қажет болады, емізік тәрізді өсіндінің зақымданған тұстарын ішінара алып тастау үшін (мастоидэктомия).

Ортаңғы құлақтың қабынуында хирургиялық араласу дыбысжарғақ арқылы жасалады (мирингэктомия).

 

Аурудың болжамы

Мастоидит дұрыс емделгенде жазылады. Бірақ, ауру қайталануы және емдеуде кейбір қиындықтар болуы мүмкін.

 

Мүмкін асқынулары

• Самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісінің бұзылысы

• бас айналуы

• Эпидуралдық абсцесс (ми қабығы аумағындағы іріңді қабыну)

• бет нервісінің параличі (салдануы)

• Менингит (мидың қабығының және жұлынның қабынуы)

• естуді ішінара немесе толық жоғалту

• инфекцияның миға немесе бүкіл организмге таралуы

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Мастоидит болуында дәрігерге көрініңіз.

Дәрігермен емделу жоспарын талқылаңыз, егер:

• емделмейтін немесе жаңа симптомдармен қосарланатын құлақ инфекциясы болуында

• симптомдар емделмейтін болса.

 

Алдын алу

Құлақ инфекциясын уақытылы және толыққанды емдеу мастоидиттің пайда болу қаупін азайта алады.