.

мойын бұлшықетінің сіресуі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

мойын бұлшықетінің сіресуі

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулар

Дәрігерге қашан көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Лайм ауруы – кенелердің кейбір түрінің шағуы арқылы берілетін бактериалдық инфекция.

 

Себептері

Лайм ауруының қоздырғышы - Borrelia burgdorferi (B. burgdorferi) атты бактерия. 

 

Borrelia burgdorferi  Лайм ауруын туындататын спирохета. Пішіні жағынан соқпасүзек және мерез секілді басқа ауруларды  туындататын спирохеталарға ұқсас.

Бактериялар адамға  бірнеше Ixodes тектес топқа жататын,  жұқпаланған иксодтық кенелердің шағуы арқылы беріледі. Кенелер  B. burgdorferi  жұқтырған кеміргіштерді және ірі қара малды шаққанда  жұқтырады.

Ауыспалы сақина тәрізді эритема (қызару) Лайм ауруының бірінші белгісі және көбінесе, кененің шаққан жерінде пайда болады. Бұл – қызыл, жалпақ немесе терінің үстінен сәл шығып тұратын, ұлғаятын бөріткен, оның диаметрі 10-50 см-ге дейін болады. 

Лайм ауруының 3 сатысы бар:

  • 1- саты, ерте шоғырлану сатысы. 1- сатыда инфекция организмге таралмаған.
  • 2- саты бактериялардың организмге таралуының басталуымен сипатталады.
  • 3- саты, кеш (кейінгі) саты, бактериялардың организмге таралуымен және кейбір ағзалар мен жүйелерді зақымдауымен сипатталады.

 

Лайм ауруының пайда болуының қауіп факторларға жататындар:

  • Ашық ауада өткізілетін іс-шаралар (мысалы, бағбандық, аңшылық немесе  жорықтар)
  • Үй жануарлары, олар кенелерді үйге әкелуі мүмкін
  • Биік шөпте серуендеу

 

Кенелердің шағуы және Лайм ауруы туралы  маңызды ақпарат:

  • Көпшілік жағдайларда кене денеде 36 сағат барысында жабысып тұрғанда бактериялар қан ағымына таралады.
  • Кенелердің өлшемі аса шағын, көзге көрінбейтіндей. Лайм ауруына шалдыққан көптеген адамдар кененің шағуын байқамайды немесе сезбейді.

  • Кененің шағуына ұшыраған көптеген адамдар Лайм ауруына шалдыға бермейді.

 

Симптомдары

Лайм ауруының ерте сатысының симптомдары (1- саты) жұқпаланғаннан кейін бірнеше күн немесе апта өткенде пайда болады. Ол тұмаудың симптомдарына ұқсайды, мысалы:

  • қалтырау
  • температураның жоғарылауы
  • жалпы әлсіздік
  • бастың ауырсынуы
  • буынның ауырсынуы
  • бұлшық еттің ауырсынуы
  • мойын бұлшық етінің сіресуі

 

Кененің шаққан жерінде пішіні жағынан «Бұқаның көзі» секілді көрінетін, және жалпақ немесе сәл шығып тұратын бөріткен пайда болуы мүмкін. Көбінесе, бөріткеннің ортасында айқын шектелген аумақ болады. Бұл бөріткенді «жылжымалы эритема» деп атайды. Емделмеген жағдайда 4 апта немесе одан көп уақыт бойы орын алады.

Симптомдар пайда болып, жойылып кетуі мүмкін. Уақытылы емдеу болмаған жағдайда Лайм ауруы миды, жүректі, буындарды зақымдауы мүмкін.

Бактериялардың организмге таралу сатысының симптомдары (2-саты) кене шақаннан кейін бірнеше апталар немесе айлар өткенде пайда болуы мүмкін, оған жататындар:

  • Нервтердің бойымен ұйып қалу немесе ауырсыну

  • Бет бұлшық етінің салдануы немесе әлсіздігі

  • Жүректің ырғағының бұзылысы (жүректің жиі соғуы), төстің астындағы ауырсыну немесе ентігу

Лаймның кеш (кейінгі) сатысының симптомдары жұқпаланғаннан кейін айлар мен жылдар өткенде пайда болуы мүмкін. Аса жиі симптомы бұлшық ет пен буындағы ауырсыну. Басқа симптомдарына жататындар:

  • Бұлшық еттің әдеттегідей емес қимылы
  • Буындардың ісінуі
  • Бұлшық ет әлсіздігі
  • Ұйып қалу, шаншу сезімі
  • Сөйлеудегі мәселелер
  • Ойлаудағы мәселелер

 

Диагностика

Лайм ауруының қоздырғыштарына антиденелерді анықтау үшін қанның талдау өткізіледі. Көбінесе, иммундық-ферменттік (ELISA) талдау (ИФТ) қолданылады. ИФТ нәтижелерін растау үшін «иммуноблоттинг» аталатын зерттеу әдісі қолданылады. Аурудың ерте сатысында қанның талдауы қалыпты болуы мүмкін.

Лайм ауруы кең таралған географиялық өңірлерде дәрігер ауруды таралу сатысында (2- саты) зертханалық зерттеулерді жүргізбей-ақ анықтайды.

Аурудың таралу сатысындағы зерттеу әдістеріне жататындар: 

  • Электрокардиограмма
  • Эхокардиограмма
  • Мидың МРТ
  • Жұлынның пункциясы (жұлынның сарысуын зерттеу үшін белден алынатын пункция)

 

Емдеу

Кене шаққан адамды бөріткен немесе басқа симптомдарды анықтау үшін, кемінде, 30 күн бойы мұқият бақылау қажет.

Келесі шарттардың болуына сәйкес   доксициклиннің (антибиотик) бір реттік мөлшерлемесі тағайындалуы мүмкін:

  • Адамның денесінде Лайм ауруының тасымалдағышы болатын кене табылса. Әдетте, науқасты қарау үстінде кенені дәрігер немесе медбикелер анықтайды.
  • Кене адамның денесінде, кемінде, 36 сағат бойы жабысып тұрса.
  • Науқас кенені алып тастағаннан кейін 72 сағаттан кейін антибиотиктер қабылдай бастауына болады.
  • Науқас 8 жастан асқан болуы, жүкті емес немесе бала емізбейтін болуы тиіс.
  • Кенелердің 20 %  B. Burgdorferi  тасымалдағыштары.

 

Антибиотикпен емдеудің 4 аптасының 10 күні антибиотикті дұрыс таңдауға кететіндігін айту қажет:

  • Антибиотикті таңдау аурудың сатысына және симптомдарына тәуелді
  • Негізгі препараттарға жататындар: доксициклин, амоксициллин, азитромицин, цефуроксим және цефтриаксон.

 

Буынның қозғалуының қиындауында  ибупрофен секілді ауырсынуды басатын препарат тағайындалады.

 

Аурудың болжамы

Лайм ауруы ерте анықталса, антибиотиктермен тиімді емделеді. Емделмеген жағдайда буындардың, жүректің және жүйке жүйесінің жағынан асқынулар пайда болуы мүмкін. Дегенмен, асқынуларды да емдеуге болады.

Сирек жағдайда антибиотиктермен емделгеннен кейін де күнделікті өмірге кедергі келтіретін симптомдар қалуы мүмкін. Бұл Лайм ауруының пост-синдромы ретінде белгілі. Бұл синдромның себебі белгісіз.

 

Мүмкін асқынулар

Аурудың 3-сатысы немесе таралу сатысы буындардың созылмалы қабыну ауруын (Лайм артриті) және жүрек ырғағының бұзылысын туындатуы мүмкін. Сондай-ақ, мидың және нерв жүйесінің зақымдануы мүмкін, келесідей түрде:

  • Назарды шоғырландырудың төмендеуі
  • Есте сақтаудың бұзылысы
  • Нервтердің зақымдануы
  • Ұйып қалу
  • Ауырсыну
  • Беттің бұлшық еттерінің салдануы
  • Ұйқының  бұзылысы
  • Көрудегі мәселелер

 

Дәрігерге қашан көріну қажет

Келесі жағдайларда медициналық көмекке жүгіну қажет:

  • Үлкен, ұлғаятын, қызыл, түрі «бұқаның көзіне» ұқсайтын бөріткеннің болуы
  • Кене шаққанда, одан кейін әлсіздік, ұйып қалу, шаншу сезімі немесе жүрек мәселелері пайда болғанда.
  • Лайм ауруының симптомдарының болуы, әсіресе, кене шаққан болса.

 

Алдын алу

Кененің шағуының алдын алу үшін сақтық шараларын қабылдаңыз. Әсіресе, жылдың жылы уақытында абай болыңыз. Мүмкіндігінше, орманға жорыққа барудан және биік шөпте серуендеуден алшақ болу қажет.

Жорықтарда және жаяу қауіпті саналатын жерде серуендеуде кененің шағуының алдын алу шараларын қабылдаңыз:

  • Ашық түсті киім кию қажет, сонда кенені байқау оңай болады.

  • Жеңі ұзын киім кию қажет, шалбардың шетін шұлыққа салған жөн.

  • Дененің ашық бөліктеріне жәндіктерге қарсы спрейді себу қажет.

  • Үйге келгеннен кейін денеңізды мұқият қараңыз, оның ішінде, бастың терісін де. Байқалмаған кене болса, шайып тастау үшін тезірек душ астында шомылыңыз.   

 

Денеңізге кене жабысса, оны алып тастау үшін келесі шараларды қабылдау қажет:

  • Кенені қысқышпен басына немесе құйрықшасына қарай ұстаңыз. Жалаңаш қолмен ұстамаңыз, мата немесе қағаз сүлгіні қолданыңыз.

  • Баяу түрде айналдыра отырып, кенені мұқият шығарып алыңыз. Оны қыспаңыз және жармаңыз.  Теріде кененің басын немесе құйрықшасын қалдырмаңыз. 

  • Зақымданған тұсты сабынды сумен жуыңыз. Қолыңызды да мұқият жуыңыз.

  • Кенені банкеге салыңыз.

  • Келесі бірнеше апта бойы Лайм ауруының симптомдарының пайда болуын бақылау қажет. 

  • Кененің барлық бөліктерін алып тастмаған жағдайда, дәрігерге көрініңіз. Емдеуші дәрігерге кене салынған банкені беріңіз. 

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Мойынның қисаюы – мойынның жұмсақ тіндерінің, қаңқасының және нервтерінің өзгерісінен туындаған ауру, ол бастың еңкеюімен және қарсы жағына бұрылуымен көрініс береді.

Қисық мойын- дистонияның түрі (бұлшық еттің ұзақ уақыт бойы жиырылуы), бұл кезде мойынның бұлшық еті, әсіресе, басты иетін бұлшық ет, еріксіз жиырылады, осыдан бастың бір жағына қарай бұрылуы орын алады. Мойынның қисаюы белгісіз себепті пайда болуы мүмкін, тұқым қуалау салдарынан немесе бұлшық ет жүйесінің зақымдануы нәтижесінде жүре пайда болуы мүмкін.   

 

Себептері

Қисық мойын болуы мүмкін:

  • Гендік туа біткен ауытқудан
  • Жүре пайда болуы – жүйке жүйесінің, омыртқаның жоғарғы бөлігінің немесе бұлшық етінің зақымдануы нәтижесінде дамиды.

 

Егер аурудың себебі белгісіз болса, бұл идиопаттық (түсініксіз себепті) қисық мойын аталады.

Қисық мойын балалық шақта немесе ересек жаста да болады.

Туа біткен қисық мойын (туғанда болатын) пайда болады, егер сәби құрсақ ішінде дұрыс орналаспаған болса, немесе мойынның бұлшық еті зақымданса және қанмен қамтамасыз етілуі бұзылысқа ұшыраған болса.

 

Симптомдары 

  • Бастың қозғалу ауқымы шектелген

  •  Бастың ауыруы

  • Бастың дірілдеуі

  • Мойынның ауыруы

  • Бір иықтың көтеріліп тұруы

  • Мойын бұлшық етінің сіресуі

  • Мойын бұлшық етінің ісінуі (туғаннан болуы мүмкін)

 

Диагностика

Бастың және мойынның ауыруының басқа мүмкін себептерін ескеру үшін түрлі тексерулер жүргізілуі мүмкін. Медициналық тексерістің барысында анықталуы мүмкін:

  • Бастың бұзылыс жағына қарай еңкеюі, бұл кезде иек қарсы жағына қарай бұрылған
  • Мойын бұлшық етінің қысқаруы
  • Мойын еңкейген және бір жағына бұрылған (ауыр жағдайларда)

 

Ауруды анықтау әдістері:

  • Мойынның компьютерлік томографиясы
  • Аса зақымданған бұлшық етті анықтау үшін электромиография (ЭМГ)
  • Мидың магниттік-резонанстық томографиясы (МРТ)

 

Емдеу

Туа біткен қисық мойынды емдеуге қысқарған бұлшық еттің созу жатады. Аздап созу және бекіту жас сәбилер және кішкентай балаларда қолданылады. Бұл емдік шаралар көбінесе табысты, әсіресе, егер олар өмірінің алғашқы 3 айында басталса.

Мойынның бұлшық етін түзету бойынша хирургиялық операция мектепке дейінгі жаста жүргізілуі мүмкін, егер емдеудің басқа әдістері тиімсіз болса.

Жүйке жүйесінің, омыртқаның немесе бұлшық еттің зақымдануына байланысты болған қисық мойын бұзылыстың себебін анықтау және түзету арқылы емделеді.

Жылуды қолдану, омыртқаның мойын бөлімін созу, массаж мойындағы және бастағы ауырсынуды жеңілдетуге көмектеседі.

Созуға жаттығулар және мойын корсеттері бұлшық ет түйілуін азайта алады.

Дәрілік препараттар қолданылуы мүмкін, оның ішінде, антихолинергиялық препарат баклофен.

Ботулиндік  токсин инъекциялары жағдайды уақытша жеңілдетеді, бірақ, инъекцияларды әр 3 ай сайын қайталау қажет болады.

Омыртқадағы хирургиялық араласу қажет болуы мүмкін, бұл кезде қисық мойын омыртқаның жылжуымен байланысты. Кейбір жағдайда, хирургиялық емдеуге мойын бұлшық етіндегі кейбір нервтерді бұзу немесе миды ынталандыру жатады.

 

Болжамы

Ауруды жас сәбилерде және балаларда емдеу оңайырақ. Қисық мойынның созылмалы түрге көшуінде мойын аумағындағы жүйке түбіршектерінің қысылуынан ұйып қалу, шаншу сезімі пайда болуы мүмкін.

Ұдайы стимуляция және дене жаттығуларына байланысты бұлшық еттің өзі үлкеюі мүмкін (гипертрофиясы).

 

Мүмкін асқынулары

Асқынуына жататындар:

  • Ұдайы ширығудан бұлшық еттің ісінуі
  •  Мойын аумағындағы жүйке түбіршектерінің қысылу симптомдары

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Егер аурудың симптомдары емдеуде жақсармаса, немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігерге көрініңіз.

Ауыр қисық мойын жарақаттан кейін немесе аурудан кейін пайда болуы мүмкін. Бұлай болғанда, дереу дәрігерге көріну қажет.  

 

Алдын алу

Бұл аурудың алдын алудың ешқандай белгілі тәсілі болмаса да, ерте емдеу арқылы ушығуының алдын алуға болады.

 

Синонимдары

Қисық мойын; Локсия.