Ойық жаралы колит (ОК) немесе телімді емес ойық жаралы колит – тоқ ішектің түрлі бөлімдерінің (өрлемелі тоқішек, көлденең тоқішек, төмендемелі тоқішек, сигма тәрізді, тік ішектер) тіні қабынып, бұзылысқа ұшырайды. Үрдіске көбінесе, тік ішек қатысады.
Өңеш, асқазан, аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады, тоқ ішек судың сіңуін қамтамасыз етеді, және тоқ ішек босатылғанда тағамның қоректік емес бөліктері организмнен сыртқа шығарылады.
«Телімді емес» термині колиттің белгілі бір сыртқы себептерсіз дамитындығын білдіреді.
Ауру кезінде ішектің сілемей қабатын көптеген ойық жаралар басады, сондықтан колит «ойық жаралы» аталады.
Бұл ауруды туындататын айқын себептер белгісіз. Көптеген жағдайда ішек тіндері өзіндік иммундық жүйенің әсерінен бұзылысқа ұшырайды. Тоқ ішектің жұмысындағы бұзылыстарды стрептококк, сальмонелла, стафилококк секілді ауру қоздыратын микроорганизмдер туындатуы мүмкін.
Ішектің ойық жаралы колиті тұқым қуалауы да мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, ойық жаралы колитке шалдығу қаупі 5-20 есе артады, егер жақын туыстары осы аурумен ауырса.
Телімді емес ойық жаралы колиттің туындау себебінің ішінде ұйқы безінің, өт қабының инфекциясын, қиын қорытылатын тағам өнімдерін ұдайы тұтынуды, алкогольді шамасынан артық тұтынуды, антибиотик қабылдауды, күйзелістерді атауға болады.
Ойық жаралы колиттің симптомдары аурудың түріне байланысты. Ойық жаралы колит клиникалық түрде жіті және созылмалы болады. Жіті ойық жаралы колит сирек кездеседі, ол аса күрт болуы мүмкін. Созылмалы ойық жаралы колит екі түрде өтеді: үздіксіз және қайталанатын. Асқыну және басылу кезеңдері болады. Жағдайлардың жартысында ойық жаралы колиттің екінші асқынуы келесі 2 жылда болады. 10% жағдайда ойық жаралы колиттің асқынуы сирек болады – 25 жылда 1 рет.
Симптомдарына жататындар:
· Іштегі ауырсыну және қадалу (жіті ауырсыну ұстамасы)
· Іштің дауысты шұрылдауы
· Диарея (сұйық нәжіс, іш өтуі)
· Тенезм (нәжіс шығарғысы (ішек босатқысы) келетін жалған сезім)
Диагноз талдауды өткізу нәтижесінің негізінде алынған мәліметтердің және симптомдардың негізінде қойылады. Аурудың толық көрінісін алатын диагностика әдістері - колоноскопия және ішектің рентгендік зерттеуі (ирригоскопия).
Эндоскопиялық зерттеу – оптикалық талшықтан тұратын ұзын түтікті айналшық арқылы тоқ ішекке енгізу. Мұндай зерттеу дәргерге тоқ ішектің ішкі қабырғасын көруге және жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Ректороманоскопия кезінде бүкіл тік ішектің және сигма тәрізді ішектің бастапқы бөлімінің жағдайы, түрлі дерттік үрдістердің болуы анықталады.
Колоноскопия кезінде тоқ ішектің бүкіл ішкі бетін визуалдық (көру арқылы) тексеру жүргізіледі, биопсия жасалады (өзгерген бөліктен тін алу және зерттеу).
Колоноскопия тоқ ішектің бүкіл ұзындығын зерттеуге мүмкіндік береді, ректороманоскопия тек төменгі үштен бір бөлігін ғана зерттеуге мүмкіндік береді.
Ирригоскопия рентгендік диагностика әдісінің түрі, бұл кезде науқасқа арнайы клизманың көмегімен тоқ ішеккке барийлі қоспа енгізіледі, ол рентгенді сәулелерді жұтатын контрастылық заттек болады, тоқ ішектің қоспадан тазаруына дейін және кейін суреттер топтамасы жасалады.
Ирригоскопия ішектің саңылауының біркелкі емес тарылу аумағын немесе шектің бойында ойық жараны анықтайтын иректерді анықтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, соңғы жылдары ауруды анықтаудың жаңа әдісі - капсулалық эндоскопия пайда болды. Бұл әдіс науқастың ішкі ағзаларын бейнесигнал таратқышпен біріктірілген эндоскопиялық капсуланың көмегімен зерттеуге негізделеді. Асқазан-ішек жолдарымен өту барысында капсула бірнеше сағат ішінде ондаған мың суреттерді түсіреді, олар науқастың денесінде орналасқан датчикке беріледі, және қабылдау қондырғысының жадына жазылады.
· аминосалициллаттар – 5-аминсалицил қышқылы бар препараттар,тоқ ішектің сілемей қабатының қабынуын тежейді;
· цитостатиктер, аса күрделі жағдайларда тағайындалады, себебі, олар өзіндік иммундық жүйені басады.
Колитті симптоматикалық емдеу қан тоқтатын құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Егер қан кетуі көп болса, жақында мұздатылған қан плазмасын және эритроцитарлық массаны (қан бөліктер) құю қажет болуы мүмкін.
Ішектің перистальтикасын ( толқын тәрізді жиырылу) реттеу мақсатында науқасқа іш өтуіне қарсы және түйілу мен ауырсынуды басатын құралдар тағайындалады.
Жоғары температура болуында ойық жаралы колитті емдеу антибактериалдық емдеудің көмегімен жүзеге асырылады. Егер науқас аса арықтаған болса, қоректік қоспаларды енгізу қажеттігі туындайды.
Дәрімен емдеу тиімсіз болса, және тік ішектен қан кетуі ұзақ болса, хирургиялық емдеу тағайындалады. Хирургиялық араласуда тоқ ішектің бөлігі немесе толық алынып тасталады. Мұндай операция колэктомия аталады, бұл науқастардың шектелген санында ғана жасалады, себебі, мүгедектікке апарады.
Сондай-ақ, реконструктивті (қалпына келтіретін) хирургиялық араласу жүргізіледі – тоқ ішектің зақымданған бөлігін стомалар (ішектің денемен жасанды жалғасуы) жасаумен жою және кейіннен (6 ай- 2 жылдан кейін) ішек өтімділігін қалпына келтіру.
Ойықжаралы колит арықтауға және организмнің қажуына апаратындықтан, тамақтану калориялы және толыққұнды болуы, ақуыздар мен дәрумендердің үлкен мөлшерін құрауы тиіс.
Науқастарға тамақты күніне 5-6 рет, аздаған үлестермен ішу қажет.
Ойықжаралы колитте тамаққа татымдықтарды, тұздықтарды, майлы және қуырылған тағамды, шикі жеміс пен көкністерді тұтынуға болмайды, себебі, бұлар іш өтуін туындатады. Сондай-ақ, сүт өнімдерін абайлап тұтынған жөн.
Емдәм келесі өнімдерді тұтынуға негізделеді: майсыз ет (құс, күркетауық, қоян еті), балық, майсыз сорпа-көже, жұмыртқа, ботқа, картоп. Сусындардан: кисельдер, жидек қайнатпасы, какао, қара кофе, шәй. Барлық тағам тандырда әзірленуі немесе пісірілуі тиіс.
Басқа да аурудағыдай, колитті емдеуді көп созған сайын ауру ушығады, оны емдеп, жазу қиындайды.
Бастапқыда науқастардың 25% хирургиялық араласуды қолданбастан толық қалпына келуге мүмкіндігі болса, бірнеше жылдан кейін бұл пайыз едәуір төмендейді, ал науқастардың 30% жаппай колит болады (бүкіл тоқ ішектің зақымдануы). Жаппай колиті бар науқастардың жартысында толық жазылмайды, ал дәрігерге ерте көрінсе, сауығу мүмкінідігі айтарлықтай артады.
Егер колиттің симптомдары байқалса, мамандарға барып, тексеруден өту қажет. Ауруды ерте ескеру қажет, себебі, кеш анықтау емдеу ұзақтығы мен қалпына келуді (жоғалтқан қызметін қалпына келтіру) ұлғайтады.
Алғашқы ойықжаралы колиттің алдын алу шаралары жасалмаған. Аурудың нақты себебі анықталғанда жасалуы мүмкін. Осыған байланысты, 50 жасқа жеткен адамдар ұдайы колоноскопиядан өтуі қажет.
Ойықжаралы колиттің асқынуының алдын алу дәрігердің шеберлігімен қатар науқасқа да байланысты. Аурудың симптомдары қайтып оралмас үшін әдетте, науқасқа ұзақ уақыт бойы дәрі қабылдау қажет болады.
Өт қабы – бұл алмұрт тәрізді ағза, бауырдың астында орналасқан. Оның ішінде майларды қорыту үшін қызмет ететін, бауырда өндірілетін сұйықтық болады. Асқазан мен ішек ас қорытатын болса, өт қабы жалпы өт түтігі арқылы өтті жібереді. Бұл түтік өт қабы мен бауырды аш ішекпен жалғайды.
Іштің ағзалары: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.
Бауыр - адам организміндегі ең үлкен ағза. Ол іштің оң жақ қабырға аумағында орналасқан. Бауыр екі бөліктен тұрады – үлкен өлшемді оң бөлігі және кіші сол бөлігі. Бауыр бірқатар маңызды қызметті атқарады. Ол қаннан зиянды заттектерді сыртқа шығарады. Сондай-ақ, бауыр асты қорытуға көмектесетін ферменттер мен өтті өндіреді. Бауыр тағамдық заттектерді зат алмасуында, организмнің өсуі мен дамуында қатысатын ұсақ қосылыстарға дейін ыдыратады. Бауыр қанды екі қантамыры арқылы алады. Негізгі тамыр – бауырдың қақпа венасы. Екіншісі – бауыр артериясы.
Өт қабы – бауырдың астында орналасқан қалташа тәрізді. Ол бауырда өндірілетін өтке толған. Өт ішекке майларды қорытуға көмектеседі.
Себептері және симптомдары
Егер өт түтіктерінен өттің ағуына кедергі болса, жайсыздық пайда болады. Әдетте, бұл өт тасына байланысты. Өт қабында тастың түзілуі өт құрамбөліктерінің қатаюына байланысты. Өт тас ауруының ұстамалары әдетте, тамақ ішкеннен кейін пайда болады. Өт тас ауруының симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іштегі, арқадағы немесе оң қолдың астындағы ауырсыну.
Өт қабының тастары егде жастағы адамдарда, әйелдерде, артық салмағы бар адамдарда кең таралған.
Емдеу
Өт қабының тастары басқа ауруларды тексеру кезінде жиі анықталады. Егер симптомдары болмаса, емдеуді қажет етпейді. Кең таралған емдеу әдісі – өт қабын алып тастау. Адамдар өт қабынсыз да өмір сүреді. Өт аш ішекке басқа тәсілдермен де түседі.
Созылмалы холецистит – ұзақ уақыт бойы сақталатын өт қабының ісінуі және тітіркенуі.
Іш қуысындағы ағзалар: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.
Бауыр - адам организміндегі ең үлкен ағза. Ол іштің оң жақ қабырға аумағында орналасқан. Бауыр екі бөліктен тұрады – үлкен өлшемді оң бөлігі және кіші сол бөлігі. Бауыр бірқатар маңызды қызметті атқарады. Ол қаннан зиянды заттектерді сыртқа шығарады. Сондай-ақ, бауыр асты қорытуға көмектесетін ферменттер мен өтті өндіреді. Бауыр тағамдық заттектерді зат алмасуында, организмнің өсуі мен дамуында қатысатын ұсақ қосылыстарға дейін ыдыратады. Бауыр қанды екі қантамыры арқылы алады. Негізгі тамыр – бауырдың қақпа венасы. Екіншісі – бауыр артериясы.
Өт қабы бауырдың астында орналасқан шағын қапшық тәрізді ағза. Ол бауырда өндірілетін өтке толады. Өт ішекке майларды қорытуға көмектеседі.
Себептері
Созылмалы холецистит, әдетте, жіті (кенеттен) холециститтің ұдайы ұстамаларының салдарынан пайда болады. Бұл ұстамалардың көпшілігі өт қабындағы тастарға байланысты.
Бұл ұстамалар өт қабы қабырғасының қалыңдауын туындатады. Өт қабы жиырыла бастайды. Уақыт өте келе өт қабының өтті шоғырландыру, сақтау және бөлу қабілеті төмендейді.
Ауру ерлерге қарағанда әйелдерде жиі кездеседі, әсіресе, 40 жастан асқандарда.
Симптомдары
Жіті холециститтің симптомдарымен мына жерден танысуға болады: қараңыз: жіті холецистит.
Жіті холецистит – сырқаттық жағдай, ол созылмалы холециститке апарады. Созылмалы холециститтің қосымша симптомдары белгісіз.
Диагностика
Дәрігер келесі қан талдауын тағайындайды:
Амилаза және липаза – ұйқыбезі ауруларын анықтау үшін
Қанның жалпы талдауы (ОАК)
Бауырдың функционалдық сынамалары – бауырдың қаншалықты жақсы жұмыс істейтіндігін білу үшін.
Өт қабындағы тастың немесе қабынудың болуын анықтайтын тексерулер:
Көбінесе, ауру хирургиялық жолмен емделеді. Өт қабын алып тастайтын операция холецистэктомия аталады.
Көбінесе, лапароскопиялық холецистэктомия қолданылады. Бұл операция кезінде хирург кішкене тіліктерді жасайды, бұл кейіннен тез қалыпқа келуге ықпал етеді. Науқастарды операция жасалған күні немесе ертеңіне үйге жібереді.
Ашық холецистэктомия іштің жоғарғы оң бөлігінде үлкен тілікті жасауды қажет етеді.
Сырқаты ауыр және басқа аурулар салдарынан операцияны көтере алмайтын науқастарда өт тастары дәрілік препараттармен ерітіледі. Алайда, бұл 2 жылға дейін созылуы мүмкін, ал тастар қайта түзілуі мүмкін.
Болжамы
Холецистэктомия – қаупі аз, кең таралған шара.
Мүмкін асқынулары
Несепқаптың қатерлі ісігі (сирек)
Сары ауру
Панкреатит
Жағдайдың нашарлауы
Қашан дәрігерге көріну қажет
Холециститтің симптомдары болса, дәрігерге көрініңіз.
Алдын алу
Аурудың алдын алу әрдайым мүмкін бола бермейді. Майлы тамақ тұтынуды шектеу жіті холециститке шалдыққан және өт қабы алынбаған адамдарда симптомдарды жеңілдетеді. Дегенмен, майлардың мөлшері төмен емдәмнің пайдасы дәлелденбеген.