Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – өкпенің ең жиі кездесетін ауруы, ол тыныс алу жолдарына ауа ағынының келуінің қайтымсыз ішінара шектелуімен сипатталады, және тыныс алудың қиындауымен қосарланады.
Өкпе конус тәрізді кеуекті қос ағза, кеуде қуысының оң және сол бөлігінде орналасқан. Өкпе – тыныс алу жүйесінің бөлігі. Оң өкпе үлестері аталатын үш бөліктен тұрады. Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Демді ішке тарту кезінде өкпе оттегіге толады, оттегі жасушалар мен тіндерге негізгі қызметін орындау үшін қажет. Дем шығару кезінде өкпе көмір қышқыл газын сыртқа шығарады, ол организмдегі заттек алмасуының өнімдері.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының адам организміне келтіретін зияны - қайтымсыз. Оның екі түрі бар: эмфизема және созылмалы бронхит, бұл тыныс алу жеткіліксіздігінің аса кең таралған себептері.
Созылмалы бронхит – бронхылардың (негізгі тыныс алу жолдарының) қабынуы, ол ұзақ уақыт бойы қақырықты жөтелмен, тыныс алудың қиындауымен, ентігумен және шаршаумен қосарланады. Ауру вирустық респираторлық инфекция саналады.
Эмфизема – өкпенің ауа қалташалары (альвеолары) бұзылысқа ұшырайтын ауру. Көбінесе, альвеолалардың және қоршаған тіндердің ушығатын бұзылысы байқалады. Аурудың кейінгі сатыларында өкпеде бұрын өкпе тіні болған тұстарда ауа қуыстары түзіледі. Эмфизема өкпенің ауа қалташаларының арасында қабырғалар әлсірегенде (жұқарғанда) пайда болады. Эмфизема өкпенің коллапсына апарады.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруынан зардап шегетін адамдардың көпшілігінде аурудың жоғарыда келтірілген екі түрінің бірігуі байқалады.
Темекі шегу – өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының негізгі себептерінің бірі. Адам көбірек темекі шеккен сайын өкпенің созылмалы обструктивті ауруының ықтималдығы жоғары болады.
Дегенмен, темекі шегетіндердің кейбірі сырқатқа шалдықпауы да мүмкін. Сирек жағдайда, темекі шекпейтін адамдарда организмінде алфа-1 антитрипсин ақуызының жеткіліксіздігінен эмфизема дамуы мүмкін.
1. ауруды науқастың тыныс алуын стетоскоптың көмегімен тыңдау арқылы анықтауға болады. Бірақ, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы болуында да өкпенің дыбысы қалыпты болатын жағдайлар кездеседі.
2. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруын анықтаудың оңтайлы тесті – спирометрия – өкпенің сыйымдылығын өлшейтін арнайы машина, ауырсындырмайтын зерттеу. Оның нәтижесі тест өткеннен кейін бірден бейнеленеді, науқастың жағынан дене ширығуы қажет болмайды, талдау үшін қан алу қажет емес, науқастың организмі радиацияға ұшырамайды.
3.Сондай-ақ, кеуде қуысының рентгені немесе компьютерлік томографиясы арқылы сырқатты анықтауға болады. Алайда, кейде мұндай бейнелеуде де өкпе қалыпты көрінуі мүмкін. Кейде науқастың қанын талдау қажет болады, қандағы оттегі мен көмір қышқыл газының мөлшерін өлшеу үшін.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруынан толық жазылуға кепілдік беретін әмбебап құрал жоқ, алайда, аурудың симптомдарын жеңілдету және аурудың нашарлауының алдын алу үшін көптеген тәсілдер бар.
Алдымен, өкпенің созылмалы обструктивті ауруынан зардап шегетін адам темекі шегуді қоюы қажет.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруын емдеуде қолданылатын дәрілік препараттар:
Ингаляторлар (бронхолитиктер, бронхыны кеңейтетін), тыныс алу жолдарын ашу үшін
Ингаляциялық стероидтар, өкпенің қабынуын азайту үшін
қабынуға қарсы препараттар.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының жіті көрінісі кезінде қолданылады:
Стероидтық препараттар, таблетка немесе инъекция күйінде
Бронхолитиктер, себу құралдарының көмегімен
оттегімен емдеу
науқасты өкпенің жасанды вентиляциясы аппаратына қосу.
Аурудың жіті түрінде науқасқа антибиотиктер тағайындалады, себебі, инфекциялар аурудың барысын ушықтыруы мүмкін. Үй жағдайында оттегімен емдеу қажет болуы мүмкін, науқас қандағы оттегінің жеткілікті деңгейін қолдай алуы үшін.
Оттегімен емдеу ауруды емдемейді, бірақ, науқастың белсенді болып қалуы үшін басқаша тыныс алуға үйретеді.
Денсаулықты нығайту үшін серуен, дене жаттығулары ұсынылады, олар аяқтың бұлшық етінің күшін сақтауға көмектеседі. Науқас дәрігерден күнделікті денсаулықты қолдау үшін қандай қашықтықты жүруі туралы сұрауы қажет. Біртіндеп қашықтықты арттыруға болады. Ентігу пайда болса, серуенді азайту қажет. Серуен кезінде өкпені келесі дем шығарғанға дейін толығымен тазарту үшін демді шығаруда ерінді жиыру қажет.
Үй жағдайында аурудың барысын жеңілдету үшін кеңестер:
Науқас өте суық ауадан алшақ болуы қажет.
Үйде ешкім темекі шекпеуі тиіс.
Түтін көздерін жойып, ауаның ластануы дәрежесін азайту қажет.
Науқастың рационы салауатты тағамнан, балықтан, тауықтан, еттен, жемістен, көкөністен тұруы тиіс. Мұндай емдәмді қадағалау кезінде салмақты қолдау қиынға түсетін болса, калориясы көбірек тағамды тұтыну жөнінде диетологпен кеңесу қажет.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының ауыр түрі бар науқастар дене жаттығуларының көпшілігін орындауда ентігуден зардап шегеді және ауруханада жиі емделеді.
Науқасты жасанды вентиляция аппаратына қосу қажеттігі, оттегімен емдеуді қолдану
Жүректің оң жақтық жеткіліксіздігі (оң жүрекшеден және жүректің оң қарыншасынан қанның ағуының қиындауы) немесе өкпелік жүрек (жүректің ұлғаюы және өкпенің созылмалы ауруының салдарынан жүрек жеткіліксіздігі)
Пневмония
Пневмоторакс (өкпенің және кеуде қуысының арасындағы плевра қуысында газ жиналуы)
Темекі шегу секілді зиянды әдеттен арылу көбінесе аурудың дамуына жол бермейді. Дәрігермен кеңесіп, сіз үшін темекі шегуді қоюдың қандай тәсілі жарамды екендігін білу қажет. Дәріханаларда темекі шегуді қоюға көмектесетін медициналық препараттар бар. Темекі шегуді қоюға нақты ұмтылу болса, дәрілердің тиімділігі басым болады.
Анықтамасы
Себептері
Симптомдары
Диагностикасы
Емі
Болжамы
Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс
Анықтамасы
Жедел бронхит – дегеніміз тыныс алу жолдарының қабыну және ісіну үрдісімен жүретін ауру. Қабыну үрдісі әсерінен тыныс алу жолдарның саңылауы тарылып, тыныс алу қиындап, тағы басқа симптомдармен көрінеді, соның ішінде бірден – бірі жөтел. Жедел терминін қолдануға сәйкес, бұл ауруда симптомдар аз уақытқа сақталады.
Себептері
Жедел бронхит бәрі дерлік суық тию немесе тұмау шақырушы инфекциямен залалданған тәрізді өтуі мүмкін. Ауру вируспен шақырылады. Аурудың бастапқы сатысында қабыну үрдісі мұрын қуысында, қойнауларда, тамақта (жұтқыншақ, көмей) жүреді. Одан кейін қабыну үрдісі төменгі тыныс алу жолдарына таралалып, жайылады. Кейде ауруды шақырушы инфекция - бактерияда бола алады, бұл кезде екіншілік инфекция деп қарастырылады.
Созылмалы бронхит - бұл бронхтардың созылмалы қабынуы. Созылмалы бронхит деп айта аламыз, егер қақырықпен бөлінетін жөтел 1 жыл ішінде 3 айдан аз емес уақыт мазаласа.
Симптомдары
Жедел бронхиттың симптомдарына жатады:
Кеуде қуысындағы ауырсыну (дискомфорт)
Түсі мөлдір немесе сары-жасыл болатын қақырықпен бөлінетін жөтел
Әлсіздік
Қызба, көбінесе субфебрильді температура (37-37 С)
Физикалық жүктеме кезінде күшейетін ентігу
Сырылдар (бронхиалді астмасы бар науқастарда)
Науқас сауыққаннан соң 1-4 апта аралықта құрғақ, жабысқақ жөтел мазалауы мүмкін.
Пневмония мен бронхитті ажырату өте қиын. Егер пневмония болса, науқаста жоғарғы температура, қалтырау, жалпы әлсіздік, және ентігу болады.
Диагностикасы
Медициналық қарап тексеру кезінде дәрігер науқастың өкпесін стетоскоп арқылы тыңдайды. Ол кезде терең, қатаң тыныс анықталуы мүмкін.
Ауруды диагностикалау ушін келесі әдістер қолданылады;
Кеуде қуысының жалпы шолу рентгенографиясы – пневмонияға күдіктенгенде.
Пульсоксиметрия – қанның оттегімен қанығуын анықтайды. Ол үшін арнайы құрылғыны саусақ ұшына орнату арқылы жүргізіледі.
Емі
Көп жағдайда жедел бронхиттің емінде антибиотиктерді тағайындамайды.
Инфекция өздігінен 1 апта ішінде кетеді. Жағдайыңызды біршама жақсарту үшін келесілер тағайындалады.
Сұйықтықты көп ішіңіз.
Егер сізде созылмалы өкпе аурулары немесе бронх демікпесі сияқты ауруларыңыз болса, өзіңіздің ингаляторыңызды қолданыңыз.
Дем алыңыз.
Қызба кезінде асперин қабылдаңыз. Ескерту: балаларға асперин беруге болмайды.
Ыстық ванна қабылдаңыз.
Егер тамағыңыз қыжылмап және қақырық тастағыңыз келсе, Zarbee’s.препараттын пайдалансаңыз болады.
Егер сіздің жағдайыңыз оңалмаса және өкпеңізден сыралдар естілетін болса, дәрігер тыныс алу жолдарын кеңейтетін ингаляторлар тағайныдайды.
Кейде вирусты инфкецияға бактерия да қосарлануы мүмкін. Сол кезде дәрігер антибиотиктер тағайындауы мүмкін.
Қосымша тағайындамалар:
Темекі шекпеңіз
Белсенді темекі шегетін жержен аулақ болыңыз.
Қолыңызды жиі жуыңыз, инфкецияны таратпау үшін.
Болжамы
Егер де өкпе тіндерінің зақымдану орын алмаса, ауру 7-10 күнде өтеді. Бірақ та құрғақ жөтел бірнеше айға дейін сақталуы мүмкін.
Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс
Дәрігерге келесі жағдайларда қаралыңыз:
Сізді біраз уақыт жөтел мазаласа.
Қан түкіруді байқасаңыз.
Сізде температура жоғары және қалтырау бар.
Сізде субфебрилді температура 3 күн бойы немесе одан да көп күн.
Сізде тұтқыр, сары-жасыл түсті, иісті қақарық пайда болса.
Сіз ентігуді немесе кеуде де ауырсынуды байқасаңыз.
Сізде созылмалы жүрек немесе өкпелік жеткіліксіз болса.