Лайм ауруының қоздырғышы - Borrelia burgdorferi (B. burgdorferi) атты бактерия.
Borrelia burgdorferi Лайм ауруын туындататын спирохета. Пішіні жағынан соқпасүзек және мерез секілді басқа ауруларды туындататын спирохеталарға ұқсас.
Бактериялар адамға бірнеше Ixodes тектес топқа жататын, жұқпаланған иксодтық кенелердің шағуы арқылы беріледі. Кенелер B. burgdorferi жұқтырған кеміргіштерді және ірі қара малды шаққанда жұқтырады.
Ауыспалы сақина тәрізді эритема (қызару) Лайм ауруының бірінші белгісі және көбінесе, кененің шаққан жерінде пайда болады. Бұл – қызыл, жалпақ немесе терінің үстінен сәл шығып тұратын, ұлғаятын бөріткен, оның диаметрі 10-50 см-ге дейін болады.
Лайм ауруының 3 сатысы бар:
1- саты, ерте шоғырлану сатысы. 1- сатыда инфекция организмге таралмаған.
2- саты бактериялардың организмге таралуының басталуымен сипатталады.
3- саты, кеш (кейінгі) саты, бактериялардың организмге таралуымен және кейбір ағзалар мен жүйелерді зақымдауымен сипатталады.
Лайм ауруының пайда болуының қауіп факторларға жататындар:
Ашық ауада өткізілетін іс-шаралар (мысалы, бағбандық, аңшылық немесе жорықтар)
Үй жануарлары, олар кенелерді үйге әкелуі мүмкін
Биік шөпте серуендеу
Кенелердің шағуы және Лайм ауруы туралы маңызды ақпарат:
Көпшілік жағдайларда кене денеде 36 сағат барысында жабысып тұрғанда бактериялар қан ағымына таралады.
Кенелердің өлшемі аса шағын, көзге көрінбейтіндей. Лайм ауруына шалдыққан көптеген адамдар кененің шағуын байқамайды немесе сезбейді.
Кененің шағуына ұшыраған көптеген адамдар Лайм ауруына шалдыға бермейді.
Лайм ауруының ерте сатысының симптомдары (1- саты) жұқпаланғаннан кейін бірнеше күн немесе апта өткенде пайда болады. Ол тұмаудың симптомдарына ұқсайды, мысалы:
қалтырау
температураның жоғарылауы
жалпы әлсіздік
бастың ауырсынуы
буынның ауырсынуы
бұлшық еттің ауырсынуы
мойын бұлшық етінің сіресуі
Кененің шаққан жерінде пішіні жағынан «Бұқаның көзі» секілді көрінетін, және жалпақ немесе сәл шығып тұратын бөріткен пайда болуы мүмкін. Көбінесе, бөріткеннің ортасында айқын шектелген аумақ болады. Бұл бөріткенді «жылжымалы эритема» деп атайды. Емделмеген жағдайда 4 апта немесе одан көп уақыт бойы орын алады.
Симптомдар пайда болып, жойылып кетуі мүмкін. Уақытылы емдеу болмаған жағдайда Лайм ауруы миды, жүректі, буындарды зақымдауы мүмкін.
Бактериялардың организмге таралу сатысының симптомдары (2-саты) кене шақаннан кейін бірнеше апталар немесе айлар өткенде пайда болуы мүмкін, оған жататындар:
Нервтердің бойымен ұйып қалу немесе ауырсыну
Бет бұлшық етінің салдануы немесе әлсіздігі
Жүректің ырғағының бұзылысы (жүректің жиі соғуы), төстің астындағы ауырсыну немесе ентігу
Лаймның кеш (кейінгі) сатысының симптомдары жұқпаланғаннан кейін айлар мен жылдар өткенде пайда болуы мүмкін. Аса жиі симптомы бұлшық ет пен буындағы ауырсыну. Басқа симптомдарына жататындар:
Лайм ауруының қоздырғыштарына антиденелерді анықтау үшін қанның талдау өткізіледі. Көбінесе, иммундық-ферменттік (ELISA) талдау (ИФТ) қолданылады. ИФТ нәтижелерін растау үшін «иммуноблоттинг» аталатын зерттеу әдісі қолданылады. Аурудың ерте сатысында қанның талдауы қалыпты болуы мүмкін.
Лайм ауруы кең таралған географиялық өңірлерде дәрігер ауруды таралу сатысында (2- саты) зертханалық зерттеулерді жүргізбей-ақ анықтайды.
Аурудың таралу сатысындағы зерттеу әдістеріне жататындар:
Электрокардиограмма
Эхокардиограмма
Мидың МРТ
Жұлынның пункциясы (жұлынның сарысуын зерттеу үшін белден алынатын пункция)
Лайм ауруы ерте анықталса, антибиотиктермен тиімді емделеді. Емделмеген жағдайда буындардың, жүректің және жүйке жүйесінің жағынан асқынулар пайда болуы мүмкін. Дегенмен, асқынуларды да емдеуге болады.
Сирек жағдайда антибиотиктермен емделгеннен кейін де күнделікті өмірге кедергі келтіретін симптомдар қалуы мүмкін. Бұл Лайм ауруының пост-синдромы ретінде белгілі. Бұл синдромның себебі белгісіз.
Аурудың 3-сатысы немесе таралу сатысы буындардың созылмалы қабыну ауруын (Лайм артриті) және жүрек ырғағының бұзылысын туындатуы мүмкін. Сондай-ақ, мидың және нерв жүйесінің зақымдануы мүмкін, келесідей түрде:
Кененің шағуының алдын алу үшін сақтық шараларын қабылдаңыз. Әсіресе, жылдың жылы уақытында абай болыңыз. Мүмкіндігінше, орманға жорыққа барудан және биік шөпте серуендеуден алшақ болу қажет.
Жорықтарда және жаяу қауіпті саналатын жерде серуендеуде кененің шағуының алдын алу шараларын қабылдаңыз:
Ашық түсті киім кию қажет, сонда кенені байқау оңай болады.
Жеңі ұзын киім кию қажет, шалбардың шетін шұлыққа салған жөн.
Дененің ашық бөліктеріне жәндіктерге қарсы спрейді себу қажет.
Үйге келгеннен кейін денеңізды мұқият қараңыз, оның ішінде, бастың терісін де. Байқалмаған кене болса, шайып тастау үшін тезірек душ астында шомылыңыз.
Денеңізге кене жабысса, оны алып тастау үшін келесі шараларды қабылдау қажет:
Кенені қысқышпен басына немесе құйрықшасына қарай ұстаңыз. Жалаңаш қолмен ұстамаңыз, мата немесе қағаз сүлгіні қолданыңыз.
Баяу түрде айналдыра отырып, кенені мұқият шығарып алыңыз. Оны қыспаңыз және жармаңыз. Теріде кененің басын немесе құйрықшасын қалдырмаңыз.
Зақымданған тұсты сабынды сумен жуыңыз. Қолыңызды да мұқият жуыңыз.
Кенені банкеге салыңыз.
Келесі бірнеше апта бойы Лайм ауруының симптомдарының пайда болуын бақылау қажет.
Кененің барлық бөліктерін алып тастмаған жағдайда, дәрігерге көрініңіз. Емдеуші дәрігерге кене салынған банкені беріңіз.
Бүйрек тастары - ұсақ кристалдардан тұратын қатты масса. Бүйректе немесе несепағарда бір немесе бірнеше тас болуы мүмкін.
Несеп тым қою болған кезде оның құрамында түрлі заттектер кристалдана бастайды, кейіннен олардан тастар түзіледі. Несепағар бойымен тас жүргенде күшті ауырсыну пайда болады. Бүйрек тастары бүйрек түбекшелерінде, тостақшаларында немесе несепағарда түзілуі мүмкін.
Себептері
Бүйрек тас ауруы жиі кездесетін ауру. Отбасы мүшелерінде қайталану бейімдігі байқалады. Бүйрек тастары шала туған сәбилерде жиі кездеседі.
Тастар әр түрлі болады. Аурудың барысы тастың түріне байланысты.
Несепте кристалдануға қабілетті заттектер көп болғанда тастар түзіледі. Осы кристалдар бірнеше апта немесе ай ішінде тасқа айналады.
Кальцийлі тастар жиі кездеседі. Олар көбінесе, 20-30 жас арасындағы ерлерде пайда болады. Кальций басқа заттектермен бірігіп, тас түзеді.
Оксалаттар - кальцийлі тастардың жиі кездесетін түрлері. Оксалаттар саумалдық секілді кейбір өнімдерде болады. Сондай-ақ, олар С дәруменді тағамдық қоспаларда кездеседі. Жіңішке (аш) ішектің ауруларында осы тастардың түзілу қаупі артады.
Кальцийлі тастар сондай-ақ, кальцийдің фосфатпен немесе карбонатпен қосылуында түзілуі мүмкін.
Тастардың басқа түрлері:
Цистинді тастар цистинурияға шалдыққан адамдарда түзіледі. Бұл тұқым қуалайтын ауру. Оның ерлерде және әйелдерде кездесу жиілігі бірдей.
Струвитті тастар, негізінен, несеп шығару жолдарының инфекциясына шалдыққан әйелдерде кездеседі. Бұл тастар үлкен өлшемге жетіп, бүйректі, несепағарды немесе несеп қапты бітеуі мүмкін.
Несеп қышқылының тастары әйелдерге қарағанда ерлерде жиі кездеседі. Олар подаграда немесе химиялық емдеуде пайда болуы мүмкін.
Дәрілік препараттар секілді басқа заттектер де тастың түзілуіне ықпал етуі мүмкін.
Бүйрек тасының пайда болуының басты қауіп факторы – сұйықтықты жеткіліксіз тұтыну. Бүйректе тас түзілуі несептің тәулігіне 1 литрден аз бөлінуінде ықтимал.
Симптомдары
Несепті несепқапқа апаратын несепағар бойымен тастар жылжығанға дейін, бүйректен несептің ағуы тежелгенге дейін аурудың симптомдары сезілмейді.
Негізгі симптомы – күшті ауырсыну, ол кенет басталып, кенет аяқталады.
Ауырсыну іштің аумағында немесе бел аумағында сезілуі мүмкін.
Ауырсыну шап аумағына немесе аталық безге ауысуы мүмкін.
Аурудың басқа симптомдары:
Несептің ауытқулы түсі
Несепте қан болуы
Қалтырау
Қызба
Жүрек айнуы
Құсу
Диагностика
Дәрігер науқасты қарап, тексеріс өткізеді. Іш немесе арқа аумағында ауырсыну сезілуі мүмкін.
Ауруды анықтау әдістері:
Қан талдауы: кальций, фосфор, несеп қышқылы және электролиттер деңгейін.
Бауыр қызметінің сынамаларын өткізу
Несеп талдауы: несептегі кристалдар мен эритроциттерді анықтау
Тасты зерттеу: оның түрін анықтау үшін.
Тастар немесе несеп ағуының жолындағы кедергі келесі тәсілдермен анықталуы мүмкін:
Іш қуысы ағзаларының/бүйректің магниттік - резонанстық томографиясы (МРТ)
Іш қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы
Көктамыр пиелографиясы (көктамырға контрастылық заттекті енгізу арқылы рентгенологиялық зерттеу)
Бүйректің УДТ (УЗИ)
Ретроградтық пиелография.
Емдеу
Емдеудің бағыты тастың түріне және симптомдарының ауырлығына байланысты.
Бүйректің кішкентай тастары әдетте, несеппен өздігінше шығуға қабілетті.
Шыққан тасты анықтау және зерттеу үшін несепті сүзу қажет.
Шығатын несептің мөлшерін арттыру үшін күніне 6-8 стақан су ішу қажет. Бұл тасты шығаруға көмектеседі.
Ауырсыну аса қарқынды болуы мүмкін. Ол кейде өздігінше өтеді, немесе анальгетикалық (ибупрофен, напроксен) және есірткілік дәрілік препараттарды қолданумен басылады.
Күшті ауырсынуы бар кейбір науқастарға ауруханада емделу қажет. Оларға көктамыр арқылы сұйықтық енгізу қажет болады.
Тастардың кейбір түрлерінде дәрігер тас түзілуіне кедергі келтіретін немесе организмнен тас түзілетін заттектерді шығаруға қабілетті дәрілік препараттарды тағайындайды.
Бұл препараттарға жататындар:
Аллопуринол (бүйрек қышқылының тастары үшін)
Антибиотиктер (струвитті тастар үшін)
Несеп айдайтындар
Фосфаттық ерітінділер
Натрий бикарбонаты немесе натрий цитраты
Тиазидті диуретиктер.
Сондай-ақ, келесі жағдайларда ауруды оперативтік емдеу қажет:
Тас тым үлкен және өздігінше шыға алмайды
Тас ұлғаюда
Тас несептің ағуын тежейді және бүйректің жұқпалануына немесе зақымдануына ықпал етеді.
Ауырсыну дәрілік препараттарды қабылдаумен басылмайды.
Қазіргі уақытта көптеген ем-шаралар бұрынғыға қарағанда аз инвазивті.
Литотрипсия бүйректе немесе несепағарда орналасатын 1 см және одан кіші тастарды жою үшін қолданылады. Ем-шара тастарды жарықшақтарға бөлу үшін дыбыстық немесе соққылық толқындарды қолдануға негізделеді. Бұл жарықшақтар организмнен несеппен шығарылады. Ем-шара дистанциялық соққылық-толқындық литотрипсия (ДУВЛТ) аталады.
Бүйректе ірі тас болуында, сондай-ақ, бүйректің және қоршайтын тіндердің ауыртқулы түрінде жасалатын ем-шара кезінде терідегі шағын хирургиялық тілік арқылы арнайы аспап енгізіледі. Тас түтік (эндоскоп) арқылы алынады.
Тастардың төменгі несеп жолдарында шоғырлануында уретероскопия қолданылуы мүмкін.
Сирек жағдайларда әдістер көмектеспегенде немесе мүмкін болмаса, ашық оперативтік араласу (нефролитотомия)қолданылады.
Дәрігермен кеңесіп, нақты жағдайда қандай тәсіл оңтайлы екендігін анықтау қажет.
Болжамы
Бүйректегі тастар ауырсыну береді, бірақ, көптеген жағдайларда олар организмнен зақымдану келтірместен шығарылады.
Несеп тас ауруы қайталануы мүмкін. Бұл - аурудың себебі анықталмаса және емделмесе орын алады.