Варикоцеле ұрықтық түтіктің бойымен өтетін көктамырлардың (веналардың) қақпақшаларының зақымдануында пайда болады. Бұл кезде олардағы қан ағымы бұзылады. Қанның іркілуі көктамырлардың ісініп, кеңеюіне апарады (бұл аяқтағы көктамырлардың варикоздық кеңеюіне ұқсас).
Варикоцеле біртіндеп, баяу дамиды. Ауру 15-25 жастағы ерлерде орын алады және ұманың сол жағында көбірек кездеседі.
Егде жастағы адамда кенеттен пайда болған варикоцеле бүйректің ісігінің салдарынан көктамырға баратын қан ағымының тежелуінен болуы мүмкін.
Джок белдігі немесе ыңғайлы іш киім жайсыздықты жеңілдетуге көмектеседі. Ұдайы ауырсыну болса немесе аурудың басқа да симптомдары пайда болса, науқасқа басқа емдеу қажет болуы мүмкін.
Варикоцелені түзету бойынша хирургиялық операция «варикоцелэктомия» аталады. Бұл ем-шара үшін:
Науқасқа анестезия жасалады.
Уролог іштің төменгі бөлігінде шағын тілік жасап, ауытқулы көктамырларды байлап тастайды. Бұл қан ағымын сау көктамырларға бағыттауға мүмкіндік береді.
Науқас ауруханадан операция жасалған күні шығуына болады.
Ісінуді азайту үшін операциядан кейін алғашқы 24 сағат ішінде шаптың аумағына мұзы бар пакет қою қажет.
Операцияның орнына варикоцеленің эмболизациясы жасалуы мүмкін. Бұл ем-шара үшін:
«Катетер» аталатын шағын қуыс түтік шапта немесе мойын аумағында орналасқан көктамырға енгізіледі.
Дәрігер рентгенологиялық бақылау үстінде түтікті варикоцелеге қарай жылжытады.
Түтік арқылы варикоцелеге кішкентай катушка енгізіледі. Ол зақымданған көктамырдағы қан ағымын тежеп, оны сау көктамырларға бағыттайды.
Ісінуді азайту үшін шаптың аумағына мұзы бар пакет қою керек және ұманы ұстап тұруы үшін біраз уақыт бойы таңғышпен жүру қажет.
Науқас ауруханадан ем-шара жасалған күні шығуына болады. Бұл ем-шараның барысында операцияға қарағанда кішірек тілік жасалады, сондықтан қалпына келу кезеңі тезірек өтеді.
Варикоцеле – қауіпсіз ауру, ол көбінесе, емдеуді қажет ете бермейді.
Операциядан кейін шәуеттің көлемі артуы мүмкін, бірақ, бұл ұрықтылыққа әсер етпейді. Егер операция жасөспірімдік жаста жасалмаған болса, көпшілік жағдайда аталық бездің қызметін қалпына келтіру немесе жақсарту мүмкін емес.
Шаптың жарығы – іш қуысының және жамбас қуысының ағзалары (ішек, үлкен шарбы, аталық без) шаптың каналы арқылы ішқуысының алдыңғы қабырғасынан тыс шығып тұратын жағдай.
Шаптың жарығы түрлі ауырсынудың (әсірес, дене ширығуында) сезілуімен шаптың аумағында томпаюдың білініп тұруымен көрініс береді.
Егер іш қуысының ағзалары шаптың әлжуаз аумағы арқылы шығуында пайда болады. Бұл кезде ұмада немесе шапта дөңестену түзіледі, ол көбінесе, аса ауырсынады.
Негізгі симптомы – шаптың немесе ұманың аумағында дөңестену (ісікке ұқсайтын) пайда болуы. Шаптың жарығының кез келген түрінде ерлерде ішек ұмаға енуі мүмкін, бұл әдетте, шаптағы және ұмадағы ауырсынбайтын дөңестеніп, шығумен қосарланады. Адам тұрған кезде бұл түзілістің өлшемі артуы мүмкін, ал жатқанда азаюы мүмкін, себебі, жарықтың ішіндегісі ауырлық күшінің әсерімен артқа және алға жылжиды.
Дөңестеніп, шығып тұру бірнеше апта немесе бірнеше айлар бойы түзілуі мүмкін. Ауыр көтергенде, күшті жөтелде, еңкеюде, ширығуда, күлгенде кенеттен пайда болуы мүмкін.
Жарық кезінде ауырсыну болмауы да мүмкін.
Ауырдың симптомына басқа да жататындар: жарықтың аумағындағы ісіну және ауырлық сезімі, күйдіру сезімі. Әдетте, бұл симптомдар жатқан кезде жеңілдейді. .
Егер кенеттен ауырсынуды, жүрек айнуын немесе құсуды сезінсеңіз, жарықта ішектің бөлігі болуын білдіреді. Мұндай симптомдар болса, шұғыл дәрігерге көріну қажет.
Симптомдарға және қарау деректеріне сүйеніп, диагнозды қою қиын емес. Шаптағы немесе ұмадағы дөңестенуді жеңіл қолмен ұстап, сезуге болады. Қиын жағдайда ультрадыбыстық (УЗИ) диагностика қажет.
Шаптың жарығын хирург емдейді. Жайсыздықтың алғашқы симптомдарында дәрігерге көріну қажет.
Жарықты емдеудегі хирургиялық араласу жайсыздық пен өлшемінің көлеміне байланысты.
Егер ішектің бөлігі шаптың каналында қысылса, ішектің осы бөлігінде қабыну дамуы мүмкін. Мұндайда шұғыл операция қажет, ішекті шаптың каналынан шығарып, саңылауды жарық қайта шықпайтындай етіп тарылту үшін. Ішектің қысылған бөлігі тіршілігін жойса, хирургиялық жолмен алынады.
Шаптың жарығы өздігінше өтпейді. Мазаламаса, хирургиялық араласуды жоспарлы түрде өткізуге болады. Алайда, кейде аурудың асқынуы мүмкіндігін есте ұстау қажет. Науқастардың көпшілігіне хирургиялық емдеу қажет, симптомдары мазаламаса да.
Хирургтер ішек жарық каналында қысылатын қысылған жарыққа қарағанда жоспарлы операция науқас үшін аз зақымды санайды. Егер жарық шағын болса, ауырсынбайтын болса, оны ішті басып, жеңіл түрде орнына салуға болады, операцияны кейінге қалдыруға болады. Жаңа туған сәбилер мен кішкентай балалар қысылуға бейім келеді. Сол себепті балалар хирургиялық емдеуге мұқтаж болады.
Операциядан кейін де жарықтың қайта пайда болу ықтималдығы бар. Оны азайту үшін қауіп факторынан алшақ болу қажет – темекі шекпеу қажет, салмақты қадағалау, ауыр көтермеу қажет, дәретханада ширықпауға тырысу қажет.