.

жедел жәрдем | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

жедел жәрдем

Мазмұны

ЖӨР (СЛР) дегеніміз не?

1 қадам. Баланың жағдайын тексеріңіз

2 қадам. Баланың тыныс алу жолдарын ашыңыз

3 қадам. Екі «құтқару» демін беріңіз

4 қадам. 30 рет басуды орындаңыз

5 қадам. Басудан және жасанды дем беруден тұратын циклді қайталаңыз

 

ЖӨР (СЛР) дегеніміз не?

ЖӨР (СЛР) – жүрек-өкпе реанимациясы. Бұл шаралар тіршілік белгісін (естің немесе тыныс алудың болмауы) бермейтін адамдарды құтқаруға бағытталған.

ЖӨР – «жедел жәрдем» келгенге дейін ми және басқа маңызды ағзалар арқылы  оттегімен құнарландырылған қан айналымын қамтамасыз ету мақсатында жүректің тікелей емес массажын және «құтқару» демін беруді жүргізу. Оттегімен  құнарландырылған қан айналымы мидың зақымдануының және бірнеше минут ішінде ұшырауы мүмкін өлім-жітімнің алдын алуға көмектеседі.

ЖӨР жүргізу қиын емес. Келесі алгоритмді орындау қажет:

 

1 қадам. Баланың жағдайын тексеріңіз

Бала есін біледі ме? Баланы иығынан алып, сілкілеңіз және сөйлеп, шақырыңыз. Егер ол жауап бермесе, қасыңыздағы біреуге «103» телефоны арқылы шұғыл «жедел жәрдемді» шақыруын сұраңыз. (егер баламен жалғыз өзіңіз болсаңыз, алғашқы 2 минут бойы көмек көрсетіп, содан кейін «жедел жәрдемді» шақырыңыз).

Тез, бірақ абайлап, баланы арқасына, қатты, тегіс орынға жатқызыңыз.

Күрделі қан кетуі болмауына көз жеткізіңіз. Қан кетуі болса, сол тұсты басып, тоқтатуға тырысыңыз. Қан кетуін бақылауға алғанға дейін ЖӨР жүргізбеңіз.

 

2 қадам. Баланың тыныс алу жолдарын ашыңыз

Бір қолыңызбен баланың басын артқа қарай жіберіп, екінші қолмен иегінен көтеріңіз. Бұл оның тыныс алу жолдаын ашуға мүмкіндік береді.

10 секунд ішінде баланың тыныс алуын тексеріп көру қажет.

Тыныс алуын тексеру үшін басыңызды аузына әкеліңіз, өзіңіз бұл кезде аяқ жағына қарауыңыз қажет. Тыныс алу бар болса, кеудесінің сәл көтерілуін көресіз және тыныс алуының дыбысын естисіз. Бала тыныс алса, бетіңізбен оны сезесіз.

 

3 қадам. Екі «құтқару» демін беріңіз

Егер бала тыныс алмаса, екі қысқа дем беріңіз, әрқайсысының ұзақтығы бір секундтан тұратын. Баланың мұрны мен аузын ерніңізбен алып, екі рет өкпесіне - кеудесі көтерілгенге дейін дем беріңіз, дем беру арасында ауаның қайта шығуы үшін үзіліс жасаңыз.

Баланың өкпесі сіздікіне қарағанда біршама кіші екендігін есе ұстаңыз, оны толтыру үшін толық емес дем беру қажет. Тым терең және үдемелі дем шығаруда ауа баланың асқазанына түсуі мүмкін.

Егер кеудесі көтерілмесе, тыныс алу жолдары бітелген. Бұл жағдайда тұншығу кезінде жасалатын алғашқы көмекті орындау қажет.

 

4 қадам. 30 рет басуды орындаңыз

Баланы арқасына жатқызып, екі немесе үш саусақтың ұшын кеудесінің ортасына, емшектердің ортасынан өтетіндей сызықтан сәл төменірек орналастырыңыз.

Саусақ ұшымен кеуде қуысын басуды орындай бастаңыз, бұл кезде ол 3,5 – 4 сантиметрдей түсуі қажет. Басу жұлқынбастан, толқынды түрде болуы тиіс.

Минутына 100-ден 30 басуды орындаңыз. «бір және екі және...» деп дауыстап санап, санды атағанда – басып, одан кейін ішіңізден «және» деп, орындаған жөн.

30 басудан кейін екі жасанды демді орындаңыз (3-қадам). (кеуде қуысын басудан және жасанды дем беруден тұратын әрбір цикл 24 секунды алуы тиіс).

 

5 қадам. Басудан және жасанды дем беруден тұратын циклді қайталаңыз

Жүректі 30 рет басудан және екі дем беруден тұратын циклді орындауды жалғастырыңыз. Егер баламен өзіңіз жалғыз болсаңыз, алғашқы 2 минут бойы ЖӨР жасап, содан кейін «103» телефоны арқылы шұғыл «жедел жәрдемді» шақырыңыз.

Жүректің тікелей емес массажын және жасанды тыныс алдыруды көмек келгенге дейін немесе тіршілік белгісі пайда болғанға дейін орындаңыз. Егер тым шаршасаңыз, АСД (АВД) – автоматты сыртқы дефибриллятор қолдануға болады.

Бала өзін жақсы сезінеді деп санасаңыз да, «жедел жәрдем» дәрігері баланың тыныс алу жолдары толығымен өтімділігін және кез келген басқадай ішкі зақымдану жоқтығына көз жеткізуі қажет.

Мазмұны

Бөгде зат дегеніміз не?

Кімде бөгде зат мәселесі жиі туындайды?

Қандай заттар әдетте, бөгде зат саналады?

Баланың бөгде затты жұтуының симптомдары қандай?

Қандай көмекті өзіңіз көрсете аласыз?

Баланың тыныс алу жолдарында бірдеңе тұрып қалуының симптомдары қандай?

Қандай көмекті өзіңіз көрсете аласыз?

Мұрындағы бөгде заттың болуының симптомдары қандай?

Қандай көмекті өзіңіз көрсете аласыз?

Баланың құлағында бөгде зат болса, не істеу қажет?

Баланы осы мәселелерден қалай қорғай аласыз?

Дәрігерге қашан көріну қажет?

 

Бөгде зат дегеніміз не?

Бөгде зат – құлаққа, мұрынға немесе көмейге түсіп, тұрып қалған зат.

 

Кімде бөгде зат мәселесі жиі туындайды?

Бөгде зат мәселесі кез келген жаста туындайды, бірақ, 1-3 жастағы сәбилерде жиі кездеседі.

 

Қандай заттар әдетте, бөгде зат саналады?

Кішкентай, әдемі, жылтыр заттар балалардың назарын аударады және жеңіл түрде бөгде зат болады.

Кішкентай балалар әдетте, тамақты жұтады (ет, жаңғақ, дәндер, кәмпит, жеміс сүйектері және попкорн). Тиындар, шарлар, түйреуіштер, кнопкалар, қарындаш бөліктері, ластиктер, қағаз бөліктері, тастар және моншақтар бөгде зат болуы мүмкін.

Балалар кішкентай батареяларды жеңіл жұтуы мүмкін. Олар уыттылығына сай қауіпті.

Тіс тазартқыш және ұстаралар да қауіпті.

Сондай-ақ, ұсақ бөліктер, мысалы, винт, ойыншықтардың көзі, мұрны, басқа бөліктері қауіпті.

 

Баланың бөгде затты жұтуының симптомдары қандай?

Егер бала бірдеңе жұтып қойса, балада жайсыздық сезімі пайда болады. Тыныс алуында, сөйлеуде, жұтуда немесе жылауда мәселелер пайда болады. Балада сілемей ағуы күшейеді, құсу, кеудесінде немесе асқазанында ауырсыну пайда болады.

 

Қандай көмекті өзіңіз көрсете аласыз?

Егер бала кішкене батареяны жұтып қойса, шұғыл түрде дәрігерді шақырыңыз.

Егер бала бірдеңе жұтып қойғандығын білсеңіз, жайсыздық белгілерін қадағалаңыз.

Егер балада тыныс алуында, сөйлеуде, жұтуда немесе жылауда мәселе болса, сондай-ақ, лоқсу, сілемей ағуы, құсу, кеудесінде немесе ішінде ауырсыну болса, шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз.

Күшті жайсыздықта немесе баладағы жайсыздық тиынды жұтқаннан кейін пайда болса, «жедел жәрдемді» шақырыңыз. Өзін жақсы сезінсе де, бірнеше күн бойы қадағалап, нәжісінен жұтқан тиынды тексеріңіз.

Әдетте, бала бір затты (түйреуіш немесе әйнек секілді өткір болса да) кездейсоқ жұтып қойса, олар нәжіспен өздігінше шығып, зиян келтірмеуі мүмкін.

Баланың нәжісін тексеріп, бөгде заттың организмнен шығуына көз жеткізіңіз.

Іш жүргізетін немесе қосымша талшық бермеңіз.

Егер бөгде нысан бірнеше күн бойы нәжісте болмаса, дәрігерге көрініңіз.

 

Баланың тыныс алу жолдарында бірдеңе тұрып қалуының симптомдары қандай?

Егер бір затты жұтуда ол көмейде тұрып қалса, оның тыныс жолдары бітеліп қалуы мүмкін.

Егер тыныс алу жолдары жартылай жабық болса, жөтел, қарлығу немесе басқа тыныс алу мәселелері пайда болуы мүмкін. Шұғыл медициналық көмек қызметіне хабарласу қажет.

Бұл симптомдар өздігінше өтсе, баланы бірнеше күн бойы респираторлық инфекция симптомдарына (мысалы, қызба немесе жөтел) қадағалаңыз. 

Баланың тыныс алу жолдарында бөгде зат тұрып қалуы туралы инфекция немесе қабыну пайда болғанша білмеуіңіз де мүмкін.

Егер баланың тыныс алу жолдары толық жабылып қалса, бала тыныс ала алмайды.

 

Қандай көмекті өзіңіз көрсете аласыз?

Дереу дәрігерге хабарласыңыз, егер баланың көмейінде бөгде зат тұрып қалды деп санайтын болсаңыз.

Тыныс алуы қиындаса, «жедел жәрдемді» шақырыңыз. Егер бала есін білсе және өздігінше тыныс алатын болса, көмек келгенге дейін мұқият қадағалаңыз. Егер бала есін білмесе, немесе тыныс алмаса, әдісін білсеңіз, жасанды тыныс алуды,  Геймлих шарасын, арқасын қағып, іш қабырғасын саусақпен аздап ұрғылауды орындаңыз.

Балаға тамақ, су бермеңіз, бөгде затты саусақпен итермеңіз.

 

Мұрындағы бөгде заттың болуының симптомдары қандай?

  • Мұрыннан шығатын бөлінді сасық иісті немесе қан араласқан.
  • Мұрынмен тыныс алу қиындаған.
  • Мұрындағы тітіркеніс.
  • Бала мұрнында бөгде затты сезеді.

 

Қандай көмекті өзіңіз көрсете аласыз?

Мұрындағы бөгде зат тітіркеніс, инфекцияны, немесе тыныс алудың қиындауын туындатуы мүмкін. 

Көрінбейтін немесе жеңіл түрде алынбайтын нысанды алуға тырыспаңыз, себебі, оны әрі қарай мұрын қуысына қарай итеріп жіберуіңіз мүмкін.

Қысқышты, мақта тығынды немесе басқа аспаптарды бөгде затты алу үшін қолданбаңыз. 

Бала мұрын арқылы емес, ауыз арқылы тыныс алсын.

Егер жеңіл және қауіпсіз істей алсаңыз, мұрында қандай нысан тұрып қалғандығын анықтаңыз. Бір жағын басып, баланы абайлап, бөгде зат тұрып қалған екінші жағымен тыныс алуын сұраңыз. Осы жағымен тым қатты немесе көп тыныс алмауын өтініңіз.

Бұл шара көмектеспесе, немесе нысанды алып тастау қиын болса, дәрігерге көрініңіздер.

Егер баланың мұрын қуысы бөгде затты алып тастаған соң тітіркенген, немесе жұқпаланды деп санасаңыз, дәрігерге көрініңіздер.

 

Баланың құлағында бөгде зат болса, не істеу қажет?

Құлақтағы бөгде зат құлақтың инфекциясын туындатуы мүмкін.

Дәрігер баланың құлағында тұрып қалған кез келген затты алып тастауы қажет. Көптеген зақымдаулар ата-аналар өздері бөгде затты алып тастауға тырысқанда орын алады.

Қысқыш, мақта тығынды немесе басқа аспаптарды бөгде затты алу үшін қолданбаңыз.

Дәрігерге көрініңіздер.

Құлақта қоңыз және басқа жәндіктер тұрып қалуы мүмкін.

Кейде жәндіктерді жылы сумен мұқият жуып, алып тастауға болады.

Бұл да көмектеспесе, дәрігерге көрініңіз.

 

Баланы осы мәселелерден қалай қорғай аласыз?

Ұсақ, әдемі, жылтыр заттарды баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

7 жасқа дейінгі балаларға жұтып қоймас үшін арахис, попкорн немесе сағызды беруге болмайды.

Тамақты ұсақ бөліктерге кесіңіз, бала оны жеңіл шайнай алады. Етті және тұтас жүзімді ұсақ етіп кесіңіз, хот-догтарды – ұсақ таяқшаға (дөңгелек бөліктерге емес) бөліңіз.

7 жасқа дейінгі балаларға қақалып қалмас үшін сағызды немесе соратын кәмпитті бермеңіз.

Кішкентай батареяларды баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Ойыншықтардың жапсырмасын оқыңыз, баланың жасына қатысты ұсыныстарды орындаңыздар.  3 жасқа дейінгі балаларға ұсақ бөлігі бар ойыншықтармен ойнауға рұқсат бермеу қажет.

Баланың ойыншығын қарап отырыңыз. Сынбауын тексеріп, сынғандарын лақтырып отырыңыз.

Балаларға ауызға, мұрынға ойыншықтарды салмауын, немесе жұтпауын айтыңыздар.

Балалар жылағанда немесе жиі тыныс алғанда тамақ жегізбеңіздер. 

Тұншығудың алдын алу үшін балаларға тамақ ішетін кезде ойнауға, күлуге немесе сөйлеуге жол бермеңіздер.

 

Дәрігерге қашан көріну қажет?

Баланың тыныс алу жолдарында бірдеңе тұрып қалса, (тыныс алуы кенет қиындаса) медициналық жәрдемді шақырыңыз.

Егер балаңыз жайсыздықты сезінсе, оны шұғыл жәрдем бөлімшесіне жеткізіңіз.

Балаңыздың жағдайы туралы күмәніңіз немесе сұрақтарыңыз болса,  дәрігерге көрініңіз.