Көздің жарақатын емдеу
Мазмұны
«103» телефоны бойынша жедел әрдемді шақырыңыз, егер
Көзге химиялық заттектер түсуі
Көзге соққы тиюі
Көзге бөгде заттар түсуі
«103» телефоны бойынша жедел әрдемді шақырыңыз, егер:
- Қандай да бір нысан, мысалы, әйнектің немесе металдың сынығы көзден шығып тұрса.
Көзге химиялық заттектер түсуі
- Көзді уқаламаңыз.
- Дереу көзді судың мол мөлшерімен шайыңыз. Қолда бар кез келген су көзін қолданыңыз: - фонтан, душ, бақша шлангы.
- Көзді шайып жатқанда, немесе 15-20 минут бойы шайғаннан кейін, жедел жәрдемді шақырыңыз.
- Көзге таңғыш салмаңыз.
Көзге соққы тиюі
- Суық компресс қойыңыз, бірақ, көзді қатты баспаңыз.
- Ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдаңыз - ацетаминофен немесе ибупрофен, ауырсынуды азайту үшін.
- Көгеру, қан кету, көрудің бұзылысы немесе көзді қозғалтқанда ауырсыну болса, шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз.
Көзге бөгде заттар түсуі
-
Көзді уқаламаңыз.
-
Жоғарғы қабақты төмен тартып, жиі кірпік қағыңыз.
-
Егер бөгде зат кетпесе, көзді сумен шайыңыз.
-
Сумен шаю да көмектеспесе, көзді жабыңыз, мұқият түрде таңғыш салып, дәрігерге көрініңіз.
Информация, представленная на данном сайте, предназначена для общего ознакомления с интересующим Вас вопросом и не является основанием для диагностики и лечения заболеваний или каких-либо проблем со здоровьем.
Обратитесь к врачу, имеющему соответствующий диплом об окончании медицинского ВУЗа за консультацией по поводу диагностики и лечения заболеваний или каких-либо проблем со здоровьем. В случае экстренных ситуаций звоните в скорую помощь.
