.

Аноректалдық қатерлі ісік | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Аноректалдық қатерлі ісік

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Симптомдары

Емдеу

 

Жалпы ақпарат

 Аноректалдық қатерлі ісік – қатерлі ісіктердің сирек түрі. Айналшық (анус) – ас қорыту жолдарының төменгі ұшындағы саңылау, ол арқылы организмнен нәжіс сыртқа шығарылады. Ол тік ішектің ұшында  терінің сыртқы қабатымен қалыптасқан. Аноректалдық қатерлі ісік – айналшықтың тіндерінде қатерлі ісік жасушалары пайда болатын ауру.

Симптомдары

Симптомдарына айналшық саңылауы аумағындағы қан кетуі, ауырсыну немесе ісінулердің пайда болуы жатады. Айналшықтың қышуы және бөлінділер де анаоректалдық қатерлі ісіктің симптомдары болуы мүмкін.

Емдеу

Емдеу әдістеріне сәулемен емдеу, химиялық емдеу және хирургиялық араласу жатады. Емдеу әдісі ісіктің таралуына, түріне, өлшеміне және орналасуына байланысты анықталады.

 

Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/001010.htm

Аудармашы: Ирина Гончарова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі

Редакциялық алқа:

Алмаз Шарман, медицина профессоры

Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.

Сәлім Смайылов, б.ғ.к.

Информация, представленная на данном сайте, предназначена для общего ознакомления с интересующим Вас вопросом и не является основанием для диагностики и лечения заболеваний или каких-либо проблем со здоровьем.
 
Обратитесь к врачу, имеющему соответствующий диплом об окончании медицинского ВУЗа за консультацией по поводу диагностики и лечения заболеваний или каких-либо проблем со здоровьем.  В случае экстренных ситуаций звоните в скорую помощь.