.

Паронихия - тырнақ айналасындағы тері инфекциясы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Паронихия - тырнақ айналасындағы тері инфекциясы

Бұл не? Паронихия - тырнақ айналасындағы тері инфекциясы (саңырауқұлақтық немесебактериальді). Бұл ауру дерматит, псориаз, қанайналу бұзылуы нәтижесінде болуы мүмкін. Ең жиі себебі Candida albicans туысындағы саңырауқұлақтар болып табылады.

Симптомдары қандай? Жедел түрінде қызару немесе ісіну симмтомдары кенеттен дамып, қысқа уақыт аралығына созылады.Созылмалы түрінде симптомдар үзіліссіз немесе кезеңді болуы мүмкін. Созылмалы паронихия – ыдыс жуушы, кір жуушы, бармен және шаштараздардың кәсіптік ауруы. Инфекцияны жұқтыру қолды ұзақ уақыт суда ұстау, жарақат, қырыну, заусеницны кесіп алуы нәтижесінде болуы мүмкін.

Нестеу керек? Аздаған қызару мен ісінуді үй жағдайында мұқият тазалау арқылы кетіруге болады. Кей жағдайда антибиотиктермен немесе саңырауқұлаққа қарсы заттармен емдеуді қажет етеді. Кейде кішігірім хирургиялық ем жасауға-зақымдалған аймақты дренаждау үшін дәрігер көмегі керек.

Тері күтімін дұрыс жүргізу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша тері ауруларының маманына жолығыңыз.

Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы
Информация, представленная на данном сайте, предназначена для общего ознакомления с интересующим Вас вопросом и не является основанием для диагностики и лечения заболеваний или каких-либо проблем со здоровьем.
 
Обратитесь к врачу, имеющему соответствующий диплом об окончании медицинского ВУЗа за консультацией по поводу диагностики и лечения заболеваний или каких-либо проблем со здоровьем.  В случае экстренных ситуаций звоните в скорую помощь.