Жалпақ теміреткі
Жалпақ теміреткі - бұл сирек, қайталанатын тері ауруы, қышитын, жылтыр, терідегі қызыл-күлгін дақты аймақ, ауызда ақ-сұр түсті дақты аймақ және аздаған дақты шаш түскен аймақ ретінде көрінеді. (атрофиялық тыртықты алопеция)
Жалпақ теміреткінің симптомдары кенеттен және біртіндеп пайда болады. Ең алғаш пайда болған теміреткі бірнеше аптаға немесе айға, ал рецидивтері бірнеше жылға созылуы мүмкін.
Жалпақ теміреткі жұқпалы емес. Нақты пайда болу себебі белгісіз, жиі стрессте, шаршағанда, медикаменттер немесе химикаттармен байланысқанда пайда болуы мүмкін. Ерлерге қарағанда әйелдерде жиі кездеседі.
Жалпақ теміреткінің емідәрілік кремдер арқылы қышуды жеңілдетуге бағытталған. Қатты қышу кезінде рецепт бойынша ішке дәрі-дәрмек қабылдауы мүмкін немесе жеңіл терапия тағайындайды.
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы
Информация, представленная на данном сайте, предназначена для общего ознакомления с интересующим Вас вопросом и не является основанием для диагностики и лечения заболеваний или каких-либо проблем со здоровьем.
Обратитесь к врачу, имеющему соответствующий диплом об окончании медицинского ВУЗа за консультацией по поводу диагностики и лечения заболеваний или каких-либо проблем со здоровьем. В случае экстренных ситуаций звоните в скорую помощь.
