Мальабсорбция синдромы
Мальабсорбция синдромы – асқазан-ішек жолынан қанға қоректі заттарды, дәрумендерді, минералды заттарды сіңіру қабілетінің бұзылысы.
Себептері бола алады:
- Белгілі бір асқорыту ферменттерінің болмауы немесе төмендеуі.
- Ұйқы без ауруы, соның ішінде фиброзды-кистозды дегенерация.
- Паразиттермен шақырылған аурулар, соның ішінде лямблиоз, гельминтер, амебиаз.
- Асқазан-ішек жолдарындағы микрофлорасының өзгерісі.
- Асқазан-ішек жолдарының өзі-өзінің зақымдауы, соның ішінде глютенді ауру.
- Асқазан-ішек жолдарының ұзындығы өзгертетін немесе жалпы өзгеріске әкелген операция.
- ЖИТС (Жедел иммунды тапшылық синдромы).
Симптомдары болып табылады:
- Газ бөліну, іштің кебуі, іш қуысының дискомфортты.
- Іш өту және сасық нәжіс.
- Әлсіздік.
- Дене салмағының төмендеуі.
Сіздің дәрігеріңіз Сіздің жалпы жағдайыңызға қарап, себебің анықтап, емді тағайындайды. Емге арнайы диета, спазмді азайтатын және асқорыту ферменттерінің орнын басатын медикаментозды ем, ақуызды-минералды қоспа, соның ішінде B12 және темір.
Аударған: Бердібек Ағабек
Информация, представленная на данном сайте, предназначена для общего ознакомления с интересующим Вас вопросом и не является основанием для диагностики и лечения заболеваний или каких-либо проблем со здоровьем.
Обратитесь к врачу, имеющему соответствующий диплом об окончании медицинского ВУЗа за консультацией по поводу диагностики и лечения заболеваний или каких-либо проблем со здоровьем. В случае экстренных ситуаций звоните в скорую помощь.
