Тромбофлебит
Тромбофлебит – бұл венада ұйыған қан түзілуімен және қан тамырдың қабынумен жүретін патологиялық жағдай. Симптомдарына ауырсыну, терінің температурасының жоғарлауы және венаның қызаруы.
Тромб – венада, тері астында немесе аяқтың терең веналарында түзіледі. Тері астында түзілген тромб қанайналымға түспегендіктен ауыр жағдайға әкелмейді.. Дәрігер тромб түзілгенін анықтаған жағдайда, пациент үй жағдайында да емделуге де болады.
Тромбофлебит веналарда да түзіледі, соның ішінде жиі – аяқтың терең веналарын зақымдайды. Аяқтың терең веналарында түзілген тромб болжамы қолайсыз болып табылады, себебі тромб бөлініп, қанайналым арқылы өкпеге барып, өкпе қантамырларын бітеп тастауы мүмкін. Аяқтың терең веналарының тромбозында аяқтың ісінуі, ауырсыну, вена бойының қызаруы, екі аяқтың айырмашылығы, яғни бірі үлкейіп кетеді белгілер көрінеді. Тағы да аяқтың терең веналарының тромбозының симптомдарына – жүру кезінде және аяты жоғарға қарай бүгу кезінде ауырсыну жатады.
Аударған: Бердібек Ағабек
