.

Тыныс жеткіліксіздігі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Тыныс жеткіліксіздігі

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Емі

 

Жалпы ақпарат

Тыныс жеткіліксіздігі - өкпеден қанға оттегінің жетіспеуінен пайда болатын патологиялық жағдай. Организм толық жұмыс атқару үшін оттегіге бай қан қажет. Және де тыныс жеткіліксіздігі өкпенің көмірқышқыл газын шығара алмаған кезде даму мүмкін. Организмде көмірқышқыл ғазының мөлшерінің көбеюі зиянды әсер көрсетеді.

http://www.zdrav.kz/images/refs3/dyhned.jpg

Себептері

Тыныс алу функциясына әсер ететін әртүрлі патологиялық жағдайлар және аурулар тыныс жеткіліксіздігіне алып келеді. Мысалы:

  • Өкпе аурулар: ӨСОА (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы), пневмония, өкпе эмболиясы және кистозды фиброз
  • Тыныс алуға қатысатын бұлшықеттер мен нерв зақымдалатын патологиялық жағдайлар: жұлынның жарақаттары, бұлшықеттік дистрофия және инсульт
  • Өкпе айналасындағы тіндер мен қабырғалардың жарақаты. Кеуде торының бұзылысы осы патологияны шақыру мүмкін.
  • Наркотиктар мен ішімдіктің артық мөлшерлері
  • Түтін мен зиянды газдардан пайда болатын зақымданулар

 

Емі

Емдік тактика тыныс алу жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесіне және жедел немесе созылмалы түріне байланысты. Және де ем тактикасы осы тыныс алу жеткіліксіздігін шақырған себебіне байланысты. Тыныс алуды жеңілдету үшін оттегілік терапия немесе басқа да емдер ала аласыз.

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Информация, представленная на данном сайте, предназначена для общего ознакомления с интересующим Вас вопросом и не является основанием для диагностики и лечения заболеваний или каких-либо проблем со здоровьем.
 
Обратитесь к врачу, имеющему соответствующий диплом об окончании медицинского ВУЗа за консультацией по поводу диагностики и лечения заболеваний или каких-либо проблем со здоровьем.  В случае экстренных ситуаций звоните в скорую помощь.