Ми қан айналымының өтпелі ишемиялық бұзылуы
Ми –адам ағзасының сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ететін басты орталық. Ол бас сүйектерімен және ми қабығы деп аталатын үш жұқа мембранамен қапталған. Оны жұлын сұйықтығы қоршап тұрады. Бұл сұйықтық ми қабығының кеңістіктерінде және қарыншаларында таралады.
Жүйке жасушалары арқылы ақпарат мидан басқа органдарға жеткізіліп, қайта оралады. Жүйкелердің кейбіреуі миды тікелей көзбен, құлақпен байланыстырады. Ми және дене мүшелерінің байланысы жұлын арқылы қамтамасыз етуі де мүмкін. Бас миының және жұлынның глиальды жасушалары жүйке жасушаларын сыртынан қоршайды. Ми біздің дем алу, жүру, сөйлеу, көру, есту, дәм және иіс сезу қабілеттерімізді басқарады. Сондай-ақ,ми мінез-құлығымызға, эмоцияларға жауапты.
Мидың қызметін басқаратын негізгі үш бөлімі бар:
Үлкен ми жарты шарлары—бас миының ең үлкен бөлігі болып саналады. Ми жарты шарлары, мидыңжоғарғы-бүйір бетіндеорналасқан.Олар дене мүшелерден ақпаратты жинап, біздің жасап жатқан іс-әрекеттерімізге жауаты.Мидың жарты шарлары біздің білім алу, сөйлеу, ойлау, және эмоцияларға қабілеттерімізді басқарады.
Ми сол және оң жарты шарлардан тұрады. Олардың әр қайсысы әр түрлі қызметке жауапты. Мидың оң жарты шары дененің сол жақ бұлшық еттерінің қызметін басқарады.
Ал мидың сол жарты шары, керісінше, оң жақ бұлшық еттінің жұмысына жауапты.
Мишық—үлкен ми жарты шарларының астында орналасқан. Мишық адамның қозғалысы, тепе-теңдігі, сөйлеу қабілетіне жаупты. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.
Сопақша ми—бас миымен жұлынды байланыстырады. Сопақша ми жөтелу, құсу, түшкіру, ему, жұту, сөл бөлуді басқарады. Сондай-ақ, сопақша ми жүрек пен қан тамырлар жұмысын ретке салып. өз-өзінен жұмыс істейтін тынысалу орталығы арқылы өкпе жұмысын жақсартады. Жұлын сияқты сопақша ми қозуды жұлыннан мидың басқа бөлімдеріне өткізеді. Егер сопақша ми зақымданса, тыныс алу мен жүректің тоқтауынан адам тез өліп кетеді.
Аударған: Тілеубек Нұридін
