Стэнфорд университетінде мерзімсіз жүктілікті қан талдауымен анықталатын жаңа әдіс әзірленді

РНҚ талдау әдісі жүктіліктің ерте босануын 70-80 пайызға дейінгі анықтауға мүмкіндік береді. Әлемде жыл сайын мерзімсіз жүктілік 15 миллион жағдайға дейін байқалады және ол нәресте өлімінің басты себептерінің бірі болып табылатын. Жаңа әдіс қымбат ультрадыбыстық әдістер секілді жүктілік пен болжамдық босану мерзімін бағалауға мүмкіндік береді. Ол жүкті әйелдің, ұрықтың және плацентадағы белок құрылысында генетикалық ақпаратты тасымалдаушы молекуланы, яғни жасушадан тыс РНҚ-ны зерттеу арқылы анықталады. Ғалымдар қан үлгілерін ұрықтың мерзіміне және мерзімінен ерте босану қаупіне жауап беретін гендердін белсенділігін зерттеу барысында анықтаған болатын.
Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады. Дерек көзі: Blood test for pregnant women can predict premature birth, Stanford-led study reports






