Баяу дамыйтын ісіну әдетте қауіпті емес. Ісіну (ісіну) аяқты толығымен жазуға немесе бүгуге, біріктірілген қозғалысты немесе «қаттылықты немесе тығыздықты» сезінуді шектейді.Егер ісіну үй жағдайында емделсе, басқада бір өзгерістер болмаса онда дәрігерге тексерілу міндетті емес.
Аяқ-қолдың ісінуі жиі отырғаннан немесе тұрғаннан пайда болады. Ісіну ыстық немесе суық күндерде пайда болады. Орындықта немесе көлденең күйде болғанда және ісініп тұрған аяқты биікке көтеріп қойса осындай ісікті қайтарады.
Ісіктің аса ауыр болуы мүмкін, егер:
Аллергиялық реакцияға ұқсас жәндіктердің шағуынан немесе жаңа дәріні қабылдағаннан қатты ісінудің болуы (білек және шынтақ, табан және тізе).
Ісінген аймақтың қандануы азайған немесе тоқтап қалса.
Ол тек бір аяққа әсер етсе. Терең венадағы қан уюы мүмкін.
Лимфалық шумақтарды алып тастағанда, мысалыға кеуде безін алып тастағанда кеуде рагы кезінде. Бұл ісіну лимфодемодан болуы мүмкін.
Егер жүрек жеткіліксіздігі не болмаса жүрек ақаулары болса аяқтардың ісінуінің артуы.
Инфекцияның белгілері болса.
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Аллергиялық рекция дегеніміз не ?
Аллергиялық рекциялардың даму механизмдері қандай ?
Симптомдары
Аллергиялық рекция дегеніміз не ?
Аллергиялық рекция дегеніміз - аллергия тудырушы(аллерген) затқа адам ағзасындағы иммундық жүйесінің шамадан тыс активтенуі.Аллергия тудырушыларға:химиялық заттар,тағамдар,дәрі-дәрмектер,түрлі өсімдіктер,шаң-тозаңдар болып табылады.
Аллергиялық рекциялардың даму механизмдері қандай ?
Аллергиялық реакциялар жеңіл дәрежеден басталып,өмірге деген қауіп тудыратын өте ауыр жағдайға дейін ауытқуы мүмкін.Ағзаның иммундық жүйесі аллергия тудырушы затқа бірнеше механизм бойынша жауап қайтарады.Осылардың ішіндегі негізгі механизм қанның ақ жасушалры-лимфоциттердің қатысауымен болады . Лимфоциттердің 2 түрі кездеседі В-лимфоциттер және Т-лимфоциттер.В-лимфоциттер организмдегі бөгде денелер мен бактерияларға қарсы және оларды жоюға арналған заттар-антиденелер бөледі.Антиденелер аллергия тудырушы заттар мен байланысып аллергиялық реакция тудырады,осы үрдіске қатысатын антиденлерді иммуноглобулин Е категориясына жатқызамыз. Т-лимфоциттер антидене өндірмейді-олар тікелей бөгде денеге әсер етеді.Осы лимфоциттердің үрдіске қатысуына байланысты аллергиялық процестің типін анықтайды жеделдетілген түрі (В-лимфоциттердің қатысуымен иммуноглобулин Е өндірілуі арқылы )және баяулатылған түрі (Т-лимфоциттердің қатысуымен) .
Симптомдары
реакциялардың симптомдары жеңіл дәрежеден басталып,өмірге деген қауіп тудыратын өте ауыр жағдайға дейін ауытқуы мүмкін.Аллергия тудырушы заттар организмнің кез келген жеріне түсуі мүмкін мысалы:мұрын қуысына,көзге,асқазан-ішек жолдарына,өкпеге және теріге.Кейбір аллергиялық рекциялар жәндік шаққаннан кейін,өсімдіктердің немесе химиялық заттардың теріге жанасуынанпайда болып тек организмнің бір ғана бөлігі зақымдалады.Басқа аллергиялық рекциялар кезінде барлық организм зақымдалады-терінің қышуы,ісіну,тыныс алудың қиындауы,ал ауыр аллергиялық рекция кезінде анафилактикалық шок дамып тіпті адам өлуі де мүмкін.Кейбір аллергиялық рекциялар аллергия тудырушы затпен бірінші жанасқанда пайда болмайды ол ақырындап күннен-күнге байланысып барып сезімтал болады.
Айқын дермографизм
Қолдағы дермографизм
Денедегі есекжем
Терідегі есекжем
Есекжем
Балалардағы ауыз қуысының зақымдалуы
Беттің ісінуі,безеу,аллергиялық реакция
Тұмау
Ауыз қуысының зақымдалуы
Аударған: Мелис Айбек
Латекске аллергиялық реакция
Латекс дегеніміз - каучук ағашынан (гевея - Hevea brasiliensis) алынатын табиғи өнім.Көбінесе адамдарда латекстен жасалған қолғаптарға аллергиялық реакция дамиды.Қазіргі уақытта бұл аллергияның түрі өзекті мәселеге айналып барады.
Симптомдары:
Латекске қарсы аллергиялық рекция әр түрлі дамиды-ол өмірге қауіп тудырмайтын жағдайдан басталып ауыр жағдайға дейін алып келуі мүмкін.Мысалы:
· Терілік реакциялар:Жанаспалы дерматит, есекжем немесе жаппай қышынуға алып келеді
· Тыныс алуға әсері.Науқастың тыныс алу жүйесіне жеңіл әсер етсе-жөтел,түшкіру немесе мұрыннан көптеген бөлінділер бөлінеді,ал ауыр жағдайда-ентігу,тамақтың ісінуі немесе қатты естілетін сырылмен тыныс алу болады.
· Анафилаксиялық шокта кездеседі.
Кандай адамдарда латекске қарсы аллергиялық реакция дамиды?
Латекске қарсы аллергиялық реакция көбінесе резинадан жасалған заттар шығаратын мекемеде істейтіндер де, медицина қызметкерлерінде және операциясына латекстен жасалған құралдар көп қолданылған науқастарда дамиды.
Латекске қарсы аллергиялық реакция дамуын арттыратын қауіп факторлары.
Мысалы, мына заттарға банан, каштан, киви, авокадо және қызанаққа аллеригялық реакциясы бар адамдарда латекске қарсы аллергиялық реакция дамуы мүмкін.Себебі осы өнімдер мен латекстің құрамында бірдей белок кездеседі.Сонымен қатар латекске қарсы аллергиялық реакция анамнезінде атопиялық дерматиті бар науқастарда даму қаупі жоғары.
Латекстен жасалған заттар қай жерде кездеседі ?
Құрамында латекс бар медициналық бұйымдар:
Медициналық қолғаптар
Дренаж, жгут,катетер және бинт
Операцияны тануға арналған жабысқақ ленталар құрамында
Құрамында латекс бар жеке немесе үйде қолданылатын заттар:
Контрацептивтар мысалы: мүшеқап
Төсемелер және гигиеналық жастықтар
Сәбилерге қолданылатын емізік құрамында
Шарлар және резинадан жасалған ойыншықтарда
Компьютер тышқанына арналған төсеме құрамында.
Диагностикасы.
Латекске қарсы аллергиялық реакция бар екенін білу үшін анамнезіне,обьективті жағдайына және лабораторлық тексерулерге қараймыз.Лабораторлық тексерурлерге қанның құрамындағы латекске қарсы антиденені анықтау жатады,сонымен қатар латекстен жасалған қолғапты кигізіп көру және аллергиялық тері астылық сынама жасалады.Осы сынамаларда білікті дәрігер жасайды себебі рекция болған жағдайда дер кезінде көмек көрсете білу керек.
Емі.
Дәрілік препараттар тек қана симптомдарды азайтады, ең тиімдісі латекспен контактыны толық шектеу болып табылады. Ауру асқынған жағдайда науқас жан сақтау бөлімінде емделеді.
Латекске қарсы ауыр аллергиялық реакциясыны басынан өткізген науқастар әрқашан өзімен бірге аллергияға қарсы дәрілер және адреналин дайындалған сөмкені ұстап жүруі тиіс.
Егер аллергия болған жағдайда латекстен қалай сақтану керек?
Латекс өнімдерінің терімен жанасуына жол бермеу керек егер денсаулық сақтау қызметкерлері болса онда гипоаллергенді қолғаптарды қолданады .
Латекстен жасалған қолғаптардың қасында тыныс алуды шектеу керек.
Аударған: Мелис Айбек
Ангионевротикалық ісіну немесе Квинке ісінуі – есекжемге ұқсас болып келеді, бірақ Квинке ісігі зақымдалу тереңдегіне байланысты ажыратылады. Ангионевротикалық ісігі кейбір кезде бөртпе шығуынсыз да болуы мүмкін.
Пайда болу себептері:
Квинке ісігі – аллергиялық реакцияның есебінен пайда болуы мүмкін. Аллергиялық реакция кезінде гистамин және тағы сол сияқты химиялық заттар қанағымға босап шығады. Организм гистаминді иммунды жүйе ағзаға жат затты анықтағанда, яғни аллергенді сол сәтте бөледі.
Көп жағдайда ангионевротикалық шоктың пайда болу себебі анықталмайды.
Келесі себептер ангионевротикалық ісіктің пайда болуына әкелуі мүмкін:
Медициналық препараттар; антибиотиктер, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, қан қысымын тұрақтандырушы дәрілер.
Шаң-тозаңдар.
Есекжем мен квинке ісігі – жүйелі қызыл жегі, лейкемия, лимфома сияқты аутоиммунды аурулардан кейін немесе сол кезде пайда болуына да мүмкін.
Ангионевротикалық ісік кейбір түрлері тұқым қуалаушылық жолмен беріледі, сонымен қатар себептеріне, асқынуларына, еміне байланысты айырмашылық болады.
Симптомдары
Аурудың негізгі симптомы – кенеттен пайда болатын терінің беткей қабатының ісінуі. Сонымен қатар терінің беткі қабатында ісіктер мен тыртықтар пайда болуы да мүмкін.
Бірінші кезекте көз айналасының және еріннің ісінуі болады. Сонымен қатар ісіну – қолда, аяқта, тамақта пайда болуы да мүмкін.
Тері бетіндегі тыртықтар мен бөртпелер ауырсынуды және қышынуды тудыруы мүмкін. Бұл симптомдар есекжемге тән. Бөртпелер тітіркенгенде ақ түске енеді. Ауырсыну ангионевротикалық ісіктің теріні зақымдаған тереңдігіне байланысты болады.
Басқа да симптомдар жатады:
Іштегі спазм – құрысу, тырысу.
Тыныс алудың қиындауы.
Ауыз бен көздің ісінуі.
Көздің кілегей қабатының ісінуі.
Диагностикасы
Дәрігер пациентті қарап тексеру кезінде теріде пайда болған өзгерістерге байланысты, тітіркендіргіш немесе химиялық заттардың әсерінен болғанын немесе болмағанын сұрауы керек. Сонымен қатар қарап тексеру де ісіну тамақта болатын болса, пациенттің тыныс алуы кезінде қалыптыдан тыс дыбыстар шығуы мүммкін.
Дәрігер сонымен қатар аллергиялық реакцияны байқау үшін қан анализін алуы мүмкін.
Емі
Жеңіл симптомдары кезінде ауруды емдеу қажет етпейді. Ауыр және орташа симптомдары кезінде ауруды емдеу керек.
Квинке ісігімен ауыратын науқастар келесі ережелерді сақтау керек:
Ауруды шақыратын кез-келген факторлардан немесе аллергендерден алшақ болғаны жөн.
Дәрігеріңіз тағайындамаған дәрілерден, қабылдауға болмайтын азық-түліктерден шектелу керек.
Ісік пайда болған жерге суық дәке орамалын басу керек, ауырсынуды төмендету мақсатында.
Ангионевротикалық ісікте қолданылатын дәрілер:
Антигистаминдік препараттар.
Қабынуға қарсы дәрілер
Эпинефринді егу
Тыныс алу жолдарын ашатын ингаляциялық дәрілер.
Ранитидин.
Егер де Квинке ісігі кезінде науқаста тыныс алудың қиындауы болса, тез арада жедел жәрдем шақыру керек, себебі анигиневротикалық ісік тыныс алу жолдарын толық бітеп өмірге қауіп қатер әкелуі мүмкін.
Әдетте тыныс алу жолдарының бітемейтін және симптомдары жеңіл өтетін ангионевроткалық ісіну біірнеше күн ішінде қайтады.