Ауыз қуысының қатерлі ісігі, әдетте ерін мен тілді зақымдайды. Сонымен қатар мына жерлерде де дами алады:
Ұрттың шырышты қабатында
Ауыз қуысының түбінде
Иектерде
Таңдайда
Ауыз қуысының қатерлі ісіктерінің көбісі жалпақ жасушалы қатерлі ісіктерге жатады. қатерлі ісіктің осы түрі тез таралу қабілетіне ие.
Темекі шегу және табактарды қолдану ауыз қуысының қатерлі ісігінің негізгі себепшісі болып табылады. Сонымен қатар алкагольды қолдану да осы ауруды шақыруы мүмкін.
Ауыз қуысының қатерлігі ісігінің басқа да қауіп факторларына мыналар жатады:
Созылмалы үйкелістер (мысалы, тістің бетінің қатпарлы болуы, тіз протездері мен пломбылар)
Адам папиллома вирусының инфекциясы (АПВ) (жыныстық мүшелерде сүйелдерді туғызатын вирус)
Иммунитетті төмендететін дәрі-дәрмектерді қолдану (иммуносупрессорлар)
Ауыз қуысының және тістердің нашар күтімі
Ауыз қуысының қатерлі ісіктерінің кейбіреулері, ауыз қуысының ақ дақтары (лейкоплакия) немесе жаралары ретінде басталады.
Ерлер арасында ауыз қуысының қатерлі ісігі әйелдерге қарағанда 2 есе көп кездеседі. Жиі 40 жастан асқан ер адамдарда кездеседі.
Дәрігер немесе стоматолог сіздің ауыз қуысыңызды мұқият тексеріп шығады. Тексеріс барысында мыналар анықталуы мүмкін:
Еріндегі, тілдегі немесе басқа да жерлердегі эрозиялар
Жаралар немесе қан кетулер
Ауыз қуысының қатерлі ісігінің диагностика әдістеріне мыналар жатады:
Иектің биопсиясы
Тілдің биопсиясы
Рентген және КТ, МРТ және ПЭТ қатерлі ісіктің басқа да ағзаларға таралуын анықтауға көмектеседі.
Емі
Ісіктің көлемі кішкентай болса, оған хирургиялық операцияны қолдануға болады. Ал ісіктің көлемі үлкен болса, онда хирургиялық операцияны сәулелік терапия және химиотерапиямен қатар жүргізеді.
Адамға қандай емді тағайындағанына байланысты, көмектесуші терапияларға мыналарды жатқызуға болады:
Сөйлеу жаттығулары
Шайнауды, жұтуды жеңілдетуге арналған жаттығулар
Тұрақты салмақты ұстап тұру үшін нәруыздар мен калорийді қолдануды бақылауда ұстау. Дәрігерден сізге көмектесе алатын сұйық қоспалар туралы ақпарат алуға болады.
Ауыз қуысы құрғаған кезде пайда болатын симптомдарды жою мақсатында тағайындалатын терапия
Болжамы
Диагнозды дер кезінде қойып ем тағайындалғанына қарамастан науқастардың жартысы 5 жылдан артық өмір сүрмейді. Егер ауыз қуысының қатерлі ісігі бастапқы кезеңінде анықталса, яғни басқа мүшелерге таралмаған кезінде, онда аурудан айығып кету 90% құрайды. Қатерлі ісікті анықтаған кезде, жартысында ол басқа тіндерге таралып үлгерген болады. Әдетте қатерлі ісік тамақ пен мойынның тіндеріне таралады.
Мүмкін болатын асқынулар
Ауыз қуысының қатерлі ісігінің асқынуларына мыналар жатады:
Сәулелік терапия кезіндегі асқынуларға ауыз қуысының құрғауы және жұтынудың бұзылуы жатады
Хирургиялық емнен кейін беттің, бастың және мойынның пропорциясының өзгеруі
Қатерлі ісіктің таралуы (метастаз)
Дәрігерге қай кезде қаралу керек
Ауыз қуысының қатерлі ісігі тіс дәрігеріндегі тексеріліс кезінде анықталуы мүмкін.
Ауыз қуысының, еріннің, тілдің жаралары және мойындағы төмпешіктің 1 ай ішінде кетпеген жағдайда дәрігерге қаралыңыз. Ауыз қуысының қатерлі ісігі ертерек анықталып, ем тағайындалса, аурудан аман қалу мүмкіншілігі жоғарылай түседі.