Қызба – организмнің инфекцияны тудыратын микробтармен күресуінің белгісі. Егер 3 айлықтан 3 жасқа дейінгі балада дененің субфебрильдік температурасы болса (38,8 °C дейін), оған дәрі бермеуге болады. Дәрілік препараттарды тағайындау дене температурасы 38,8 °С асқанда ұсынылады.
Егер 3 айлықтан жас сәбиде дене температурасы 38,8 °С асқанда, шұғыл түрде дәрігерге немесе жедел медициналық жәрдемге хабарласыңыз. Кішкентай сәбилерде қызба ауыр инфекцияның белгісі болуы мүмкін.
2 айлық жастан кіші сәбиге дәріні дәрігермен ақылдасып қана беруге болады.
Ацетаминофен ауырсынуды және қызуды түсіреді. Дәрігермен балаға жарамды препараттың мөлшерлемесі туралы кеңесіңіз. Мөлшерлеме баланың жасы мен салмағына сәйкес есептеледі.
6 айлықтан асқан баланың температурасын түсіру үшін басқа препарат ибупрофен қолданылады. Оны балаға берудің алдында дәрігермен кеңесу қажет. Дәрігер балаға қажетті препараттың дұрыс мөлшерлемесін айтады.
· Балаға күніне препараттың 5 мөлшерлемесінен артық бермеңіз.
· 2 айлықтан кіші сәбилерге тек дәрігердің тағайындауымен ғана дәрі беруге болады.
· Препаратқа нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Балаға препараттың дұрыс мөлшерін беруге көз жеткізіңіз.
· Сұйық дәрілік құралдарды дұрыс өлшеу үшін арнайы өлшем стақан немесе қасықты қолданыңыз. Оларды дәріханадан сатып алуға болады. Қарапайым шәй қасығын қолдануда препараттың мөлшерінен қателесуге болады.
Жоқ. Сирек жағдайларда аспирин балаларда Рейе синдромының дамуына апаруы мүмкін. Бұл өлім-жітімге апаруы мүмкін күрделі ауру. Дәрігерлер 18 жастан кіші балаларға аспирин беруді ұсынбайды.
Ацетаминофенді және жылы ванна қабылдау баланың қызуын түсіруге көмектеседі. Ацетаминофенді ваннаның алдында беріңіз. Егер бала ваннаға түсер алдында препаратты қабылдамаса, ол дірілдей бастауы мүмкін, оның организмі қайтадан температураны арттыруы мүмкін. Бұл баланың жағдайын нашарлатады. Салқын сулы ваннаны қабылдауға және баланы спиртпен ысқылауға болмайды.