.

Бас ауруы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Бас ауруы

Түнгі апноэ ұстамалары ересек адам тыныс алғанда 10 секунд бойы ұйқы кезінде оны баяулатқан немесе кешіктірген кезде пайда болады. Олар бір сағат ішінде дем алуды тоқтату (апноэ) немесе оның баяулату (гипонеа) санына байланысты күшті, қалыпты немесе әлсіз болуы мүмкін.

Апноэның негізгі 3 түрі бар:

  • Обструктивтік түнгі апноэ (OA), яғни ұйқы кезінде тыныс жолдарындағы кедергі нәтижесінде яғни , тыныс жолдарының тарылуына байланысты пайда болады. Басқа факторлар, мысалы, семіздік түнгі түнгі апноэге ықпал етеді.
  • Орталық түнгі апноэмидан тыныс бұлшықеттеріне белгілердің дұрыс жеткізілмеуі нәтижесінде пайда болады. Апноэның бұл типі жүрек жеткіліксіздігі, ми ісігі, мидағы инфекция және талма ұстамалары секілді жағдайлармен бірге жүруі мүмкін.
  • Аралас түнгі апноэ- орталық жіне обтурациялық апноэның қосылуы нәтижесінде пайда болады.

Түнгі апноэмен ауыратын адам қатты қорылдауы мүмкін, тыныс алудың қиындығымен ұйқысы мазасыз болады. Басының қатты ауыруымен оянып, күні бойы өзін өте шаршаңқы сезінеді.

Түнгі апноэ ұйқы дағдысын өзгертімен бірге жүруі мүмкін, мысалы, арқасымен жатып ұйықтамау. Кейбір жағдайларда арнайы құрылғылар ұйқы кезінде тыныс алуға көмектеседі, кейбір жағдайларда хирургия қажет болуы мүмкін.

Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептер

Үйдегі күтім

Дәрігерге қашан көріну қажет

Дәрігерге көрінуден нені күту қажет

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Бастың немесе мойынның аумағындағы жайсыздықты бас ауруы деп атайды.  Бас ауруының себебі, көбінесе, күрделі емес. Күнделікті өмір салтын өзгертіп, түрлі релаксация әдістерін үйреніп немесе дәрі препараттарын қабылдап, бас ауруына шалдыққан адамдардың көпшілігі өзін жақсы сезінеді.

 

Себептері

Көптеген жағдайда бас ауруы иық белдеуінің, мойынның, шаш түбінің және иектің бұлшық еттерінің ширығуына байланысты. Бас ауруының бұл түрі ширығудан бас ауруы аталады:

  • Ол күйзеліспен, депрессиямен, үрейленумен, бастың жарақатымен немесе бас пен мойынның ыңғайсыз орналасуымен байланысты болуы мүмкін.

  • Бастың мұндай ауруы екі жақтан да сезіледі. Ол желкеден басталып, алдына қарай таралады. Батып, немесе қысып ауырсынуы мүмкін, иыққа, мойынға немесе иекке таралуы мүмкін.

Сақина тәрізді ауырсыну күшті болуы мүмкін. Ол әдетте, басқа симптомдармен қосарланады, мысалы, дыбысқа немесе жарыққа сезімталдықпен немесе жүрек айнуымен. Сақина кезінде:

  • Ауырсыну солқылдауы мүмкін. Ол әдетте, бастың бір жағынан басталып, бастың бүкіл аумағына таралуы мүмкін.

  • Аура  - бас ауруының алдында пайда болатын белгілердің жиынтығы – орын алуы мүмкін. Ауырсыну әдетте, дене орналасуын өзгерткенде күшейеді.

  • Сақина тағамға кейбір өнімдерді: шоколадты, сырдың кейбір түрлерін немесе натрий глутаматын тұтынудан туындауы мүмкін. Сондай-ақ, сақина ұстамасының себебі кофеин, ұйқы қанбауы немесе алкоголь қабылдау болуы мүмкін.

 

Рикошеттік (жанамалық) бас ауруы – ұдайы қайталануға бейім. Ол көбінесе, ауырсынуды басатын дәрілік препараттарды шамадан тыс көп қабылдаудан жиі пайда болады. Мұндай ауырсыну аталған препараттарды аптасына 3 күннен артық қабылдағанда дамуы мүмкін.

Бас ауруының басқа түрлері:

  • Кластерлік бас ауруы – кенеттен болатын, өте күшті ауырсыну, ол бір айдың ішінде күніне бірнеше рет пайда болуы мүмкін. Одан кейін біраз уақытқа тоқтауы мүмкін. Бас ауруы әдетте, бір сағатқа созылады және күн сайын бір уақытта қайталанады.

  • Синустық бас ауруы бастың алдыңғы бөлігінде және бетте пайда болады. Ол жақтың, мұрынның және көздің артында орналасқан қуыстың қабынуына байланысты. Ауырсыну таңертең және басты алға еңкейткенде күшейеді.

  • Бас ауруы суық тигенде, тұмауда, қызбада немесе етеккір алды синдромында пайда болуы мүмкін.

  • Бас ауруы самайлық артерииттің симптомы болуы мүмкін. Бұл қанды бастың самай тұсына және мойынға тасымалдауына жауапты артерияның қабынуы. 

 

Сирек жағдайда бас ауруы келесі ауыр жағдайлардың симптомы болуы мүмкін:

  • Ми мен оның бетін жауып тұратын жұқа қабықшаның арасындағы аумақта қан кетуі (субарахноидалдық қан кетуі)

  • Жоғары артериалдық қысым

  • Мидың инфекциялық аурулары: менингит, энцефалит немесе абсцесс

  • Мидың ісігі

  • Бас сүйегінің астында сұйықтық жиналуы, бұл мидың ісінуіне апарады (гидроцефалия)

  • Бас сүйектің ішіндегі қысымның артуы, бұл псевдотумороздық синдромның пайда болуымен байланысты (ісік емес)

  • Иісті газбен улану

  • Ұйқы кезіндегі оттегінің жетіспеуі (ұйқы апноэсі)

  • Қан тамырларының аурулары:  артерия-вена мальформациясы (АВМ), мидың аневризмасы, инсульт және миға қан құйылуы.

 

Үйдегі күтім

Үйде жасауға болатын, бас ауруын басатын шараларды ұсынамыз. Олар көбінесе, сақинаны немесе ширығудан болатын бас ауруы кезінде жарамды. Бұл шараларды аурудың алғашқы симптомдары пайда бола бастағанда орындаңыз.  

Сақинаның бірінші симптомдарында:

  • Сусыздану болмас үшін суды көбірек ішіңіз, әсіресе, құсу болса.

  • Тыныш, қараңғы бөлмеде демалыңыз.

  • Басқа салқын компресс қойыңыз.

  •  Өзіңіз білетін түрлі релаксация техникасын қолданыңыз.

 

Бас ауруының күнделігін жүргізу оның себебін анықтауға көмектеседі. Бас ауруы пайда болса, күнделікке келесіні жазып қойыңыз:

  • Бас ауырған күнді және басталған уақытын

  • Соңғы 24 сағат бойы не ішіп, жегеніңізді

  • Қанша уақыт ұйқтағаныңызды

  • Бас ауруының алдында не істегеніңізді және қайда болғаныңызды

  • Бас ауруы қанша уақытқа созылғандығын және не себепті тоқтағандығын.

Күнделікті дәрігерге көрсетіңіз, бұл бас ауруының себебін анықтауда маңызды. Бұл дәрігеріңізбен бірге емдеу жоспарын әзірлеуге көмектеседі. Бұл себептерді білу аурудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Егер дәрігер сіздің бас ауруыңыздың түрін емдеу үшін дәрі тағайындаған болса, оны нұсқаулығына сай қабылдаңыз.

Ширығудан болатын бас ауруы кезінде ацетаминофен, аспирин немесе ибупрофен препараттарын қабылдаңыз. Ауырсынуды басатын дәрілерді аптасына 3 күннен артық қабылдайтын болсаңыз, дәрігермен кеңесіңіз.

 

Дәрігерге қашан көріну қажет

Бас ауруының кейбір түрлері күрделі аурудың белгісі болуы мүмкін. Келесі жағдайлардың кез келгенінде шұғыл медициналық жәрдемге жүгініңіз:

  • Бірінше рет пайда болған бас ауруы, және ол күнделікті тіршілікке кедергі келтіреді.

  • Кенеттен пайда болған бас ауруының күшті ұстамасы

  • Бас ауруының аталған ұстамасы – ең «нашар» түрі, ұдайы бас ауруынан зардап шегетін болсаңыз да.

  • Бас ауруымен қатар сөйлеудің өзгерісі, көрудің бұзылысы, қол мен аяқты қозғай алмау, тепе-теңдікті жоғалту, естің қалыпты болмауы немесе есті жоғалту.

  • Бас ауруы соңғы 24 сағат ішінде ушығу үстінде.

  • Қызба, желке бұлшық еттерінің сіресуі, жүрек айнуы және құсу болса.

  • Бас ауруы бастың жарақатынан кейін пайда болса.

  • Бір көздің аумағындағы күшті ауырсыну, көздің қызаруымен қосарланған болса.

  • Бас ауруы пайда бола бастағанда, әсіресе, жасыңыз 50-ден асқан болса.

  • Бас ауруы көрудегі мәселемен, шайнаудағы ауырсынуымен немесе салмақ жоғалтумен байланыстырылатын болса.

  • Бас ауруының жаңа түрі пайда болса, сондай-ақ, отбасында қатерлі ісікпен ауырған жағдайлар болса.

 

Дәрігерге көрінуден нені күту қажет

Дәрігер аурудың тарихын зерттеп, науқастың басын, көзін, құлағын, мұрнын, тамағын, мойнын және жүйке жүйесін тексереді.

Емдейітн дәрігеріңіз бас ауыруына қатысты көптеген сұрақтарды қояды. Диагноз аурудың симптомдарына байланысты қойылады.

Ауруды анықтау үшін тағайындалады:

  • Қан талдауы немесе жұлын пункциясы (инфекция белгілерінде)

  • Мидың КТ немесе МРТ, бас ауруымен қатар күрделі симптомдар болса 

  • Қуыстардың рентгені

  • Компьютерлік немесе МР - ангиография

 

Синонимдары

Рикошеттік (жанама) бас аурулары; дәрілік препараттарды шамадан тыс көп қабылдау кезіндегі бас ауруы. 

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Мойынның қисаюы – мойынның жұмсақ тіндерінің, қаңқасының және нервтерінің өзгерісінен туындаған ауру, ол бастың еңкеюімен және қарсы жағына бұрылуымен көрініс береді.

Қисық мойын- дистонияның түрі (бұлшық еттің ұзақ уақыт бойы жиырылуы), бұл кезде мойынның бұлшық еті, әсіресе, басты иетін бұлшық ет, еріксіз жиырылады, осыдан бастың бір жағына қарай бұрылуы орын алады. Мойынның қисаюы белгісіз себепті пайда болуы мүмкін, тұқым қуалау салдарынан немесе бұлшық ет жүйесінің зақымдануы нәтижесінде жүре пайда болуы мүмкін.   

 

Себептері

Қисық мойын болуы мүмкін:

  • Гендік туа біткен ауытқудан
  • Жүре пайда болуы – жүйке жүйесінің, омыртқаның жоғарғы бөлігінің немесе бұлшық етінің зақымдануы нәтижесінде дамиды.

 

Егер аурудың себебі белгісіз болса, бұл идиопаттық (түсініксіз себепті) қисық мойын аталады.

Қисық мойын балалық шақта немесе ересек жаста да болады.

Туа біткен қисық мойын (туғанда болатын) пайда болады, егер сәби құрсақ ішінде дұрыс орналаспаған болса, немесе мойынның бұлшық еті зақымданса және қанмен қамтамасыз етілуі бұзылысқа ұшыраған болса.

 

Симптомдары 

  • Бастың қозғалу ауқымы шектелген

  •  Бастың ауыруы

  • Бастың дірілдеуі

  • Мойынның ауыруы

  • Бір иықтың көтеріліп тұруы

  • Мойын бұлшық етінің сіресуі

  • Мойын бұлшық етінің ісінуі (туғаннан болуы мүмкін)

 

Диагностика

Бастың және мойынның ауыруының басқа мүмкін себептерін ескеру үшін түрлі тексерулер жүргізілуі мүмкін. Медициналық тексерістің барысында анықталуы мүмкін:

  • Бастың бұзылыс жағына қарай еңкеюі, бұл кезде иек қарсы жағына қарай бұрылған
  • Мойын бұлшық етінің қысқаруы
  • Мойын еңкейген және бір жағына бұрылған (ауыр жағдайларда)

 

Ауруды анықтау әдістері:

  • Мойынның компьютерлік томографиясы
  • Аса зақымданған бұлшық етті анықтау үшін электромиография (ЭМГ)
  • Мидың магниттік-резонанстық томографиясы (МРТ)

 

Емдеу

Туа біткен қисық мойынды емдеуге қысқарған бұлшық еттің созу жатады. Аздап созу және бекіту жас сәбилер және кішкентай балаларда қолданылады. Бұл емдік шаралар көбінесе табысты, әсіресе, егер олар өмірінің алғашқы 3 айында басталса.

Мойынның бұлшық етін түзету бойынша хирургиялық операция мектепке дейінгі жаста жүргізілуі мүмкін, егер емдеудің басқа әдістері тиімсіз болса.

Жүйке жүйесінің, омыртқаның немесе бұлшық еттің зақымдануына байланысты болған қисық мойын бұзылыстың себебін анықтау және түзету арқылы емделеді.

Жылуды қолдану, омыртқаның мойын бөлімін созу, массаж мойындағы және бастағы ауырсынуды жеңілдетуге көмектеседі.

Созуға жаттығулар және мойын корсеттері бұлшық ет түйілуін азайта алады.

Дәрілік препараттар қолданылуы мүмкін, оның ішінде, антихолинергиялық препарат баклофен.

Ботулиндік  токсин инъекциялары жағдайды уақытша жеңілдетеді, бірақ, инъекцияларды әр 3 ай сайын қайталау қажет болады.

Омыртқадағы хирургиялық араласу қажет болуы мүмкін, бұл кезде қисық мойын омыртқаның жылжуымен байланысты. Кейбір жағдайда, хирургиялық емдеуге мойын бұлшық етіндегі кейбір нервтерді бұзу немесе миды ынталандыру жатады.

 

Болжамы

Ауруды жас сәбилерде және балаларда емдеу оңайырақ. Қисық мойынның созылмалы түрге көшуінде мойын аумағындағы жүйке түбіршектерінің қысылуынан ұйып қалу, шаншу сезімі пайда болуы мүмкін.

Ұдайы стимуляция және дене жаттығуларына байланысты бұлшық еттің өзі үлкеюі мүмкін (гипертрофиясы).

 

Мүмкін асқынулары

Асқынуына жататындар:

  • Ұдайы ширығудан бұлшық еттің ісінуі
  •  Мойын аумағындағы жүйке түбіршектерінің қысылу симптомдары

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Егер аурудың симптомдары емдеуде жақсармаса, немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігерге көрініңіз.

Ауыр қисық мойын жарақаттан кейін немесе аурудан кейін пайда болуы мүмкін. Бұлай болғанда, дереу дәрігерге көріну қажет.  

 

Алдын алу

Бұл аурудың алдын алудың ешқандай белгілі тәсілі болмаса да, ерте емдеу арқылы ушығуының алдын алуға болады.

 

Синонимдары

Қисық мойын; Локсия.

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Тағамдық улану бактериялармен, вирустармен немесе уыттармен залалданған өнімдерді тұтынғанда пайда болады. Көпшілік жағдайда тағамдық улануды келесі бактериялар туындатады: алтын түсті стафилококк (Staphylococcus aureus) және ішек таяқшасы (Escherichia coli).

 

 

Себептері

Ішек таяқшасының негізгі көзі – жұқпаланған (жұқпаланған адамдардың) жануарлардың нәжістері. Сондай-ақ, ол тазартылмаған суда болады.

Алтын  түсті стафилококк бактериялары әдетте, адамдардың терісінде болады, ал тамаққа түскенде уытты өндіріп, осы ауруды туындатады. Тағамдық улану жұқпаланған тағам организмге түскенде орын алады. Ауру залалданған тағамды тұтынғаннан кейін бір адамда немесе адамдардың тобында пайда болуы мүмкін. Көбінесе, тағамдық улану жорықтарда, асхана, дәмхана, т.б. қоғамдық тамақтану орындарында тамақтанғанда пайда болады.

Бактериялардың тағамға түсу жолдары:

  • Қолын дұрыс жумаған адам дайындаған кез келген тағам
  • Жуылмаған ас үй жабдығымен, тақтайшаларда, т.б. аспаптармен дайындалған кез келген тағам
  • Өнімдерді дайындау кезінде немесе жуғанда (көкөністер мен жемістер) нашар суды қолдану
  • Сүт өнімдері немесе құрамында майонез бар өнімдер, тоңазытқышта тым ұзақ сақталған
  • Мұздатылған немесе салқындатылған өнімдер, сәйкес температурада сақталмаған, немесе дұрыс қыздырылмаған
  • Толық пісірілмеген ет немесе жұмыртқа

 

Жоғары қауіпке бейім:

  • Сәбилер және 5 жасқа дейінгі балалар
  • Егде жастағы адамдар
  • Диабет немесе бүйрек ауруы секілді күрделі аурулары бар адамдар
  • Иммунитеті әлсіреген адамдар.

 

Симптомдары

Әдетте, залалданған тағамды тұтынғаннан кейін 2-6 сағат ішінде келесідей көрініс береді:

  • Жүрек айнуы
  • құсу
  • диарея (іш өтуі)
  • іштегі ауық-ауық ауырсыну және түйілу
  • қызу
  • бас ауыруы
  • әлсіздік

 

Диагностика

Тағамдық уланудың нақты қоздырғышын анықтау үшін келесі талдаулар жүргізіледі:

  • нәжістің
  • құсықтың
  • қанның (вирус пен уытты анықтаудың экспресс-талдауы)
  • ауырғандар тұтынған тағам өнімдерінің

 

Емдеу

Әдетте, тағамдық уланудың симптомдары бірнеше күн ішінде өтеді. Жұмсақ емдәм ұстанған жөн: қиын қорытылатын және тітіркендіретін өнімдерді тұтынбау қажет.

Организмдегі су үйлесімін қолдау үшін аурудың барысында суды көп ішу қажет – күніне 2-3 литрден. Регидронды қолдану көп құсу мен диарея кезіндегі электролиттерді жоғалтуды толықтырады.

Организмнен уыттарды шығару және симптомдардың ауырлығын азайту үшін энтеросорбенттер (энтеросгель, белсендірілген көмір) қолданылады.

Микробқа қарсы препараттарды емдеуші дәрігер ғана тағайындайды, және тағамдық уланудың ауыр жағдайларында қолданылады.

 

Аурудың болжамы

Адамдардың көпшілігі дұрыс емделгенде 12-48 сағат ішінде тағамдық уланудан толығымен айығады. Алайда, тағамдық уланудың ауыр өтуінде күрделі асқынулар болуы мүмкін. Сау адамдарда тағамдық  уланудан өлім-жітімге ұшырау аса сирек болады.

 

Мүмкін асқынулар

Жиі кездесетін асқынуы – сусыздану.

Тағамдық улану кезінде күрделі асқыну сирек болады. Оларға жататындар:

  • асқазан-ішек қан кетуі
  • жүйке жүйесінің зақымдануы
  • бүйректегі мәселелер
  • Артрит (буынның қабынуы)
  • Перикардит (жүректі жабатын қабықшаның қабынуы)

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

  • Тыныс алудың күрт бұзылуы
  • Бұлшық еттегі әлсіздік
  • Жоғары температура
  • Қан аралас көп іш өтуі
  • Жүкті әйелдер мен балалардағы тағамдық улану
  • Организмнің күшті сусыздануы және су тәрізді жиі іш өтуі
  • Келесі уыттану белгілерінің болуы: күшті бас ауыруы, бас айналуы, салқын және ылғалды тер, естен тану жағдайлары.

 

Алдын алу

  • Гигиенаны қадағалап, тамақ алдында қол жуу қажет
  • Көкөністер мен жемістерді тұтыну алдында мұқият жуу қажет
  • Өнімдерді тоңазытқышта дұрыс температурада сақтау
  • Тағамды дұрыс қыздырып өңдеу
  • Қоғамдық тамақтанудың күмәнді орындарынан алшақ болу
  • Жүкті және емізетін әйелдерге ерекше сақ болып, кез келген тағамдық уланудан алшақ болу қажет.

 

Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы осы тұстан толығырақ біліңіз.