.

Бөртпе | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Бөртпе

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Таралуы

Профилактика

 

Жалпы ақпарат

Вирусты геморрагиялық қызбалар (ВГҚ, ВГЛ) төрт түрлі вирустармен шақырылатын ауру тобы болып табылады. ВГҚ жатады: Эбола, Марбург, Ласса және Сары қызба. ВГҚ ортақ белгілері бар: олар көптеген ағзаларға әсер етеді, өз кезегінде қан тамырларды зақымдап, организмнің өзін-өзін реттеуін бұзады. Кейбір ВГҚ оңай өтеді, бірақ кейбіреуі, мысалы Эбола қызбасы немесе Марбург қызбасы, ауыр өтіп және өлімге алып келеді.

Таралуы

ВГҚ бүткіл дүние жүзінде таралған. Белгілі бір аурулар, әдетте жануарлардың арнайы өмір сүру аймағымен шектелген. Мысалы, Ласса қызбасы Батыс Африканың ауыл аймақтарындағы, тышқан және мысықтар өмір сүретін аймақпен шектелген.

Профилактика

Туристтерге ауырып қалу қаупі төмен, бірақ осы аурулар бар болған аймақтардан аулақ жүру керек. Себебі бұл ауруларды емдейтін эффективті әдістер жоқ. Және осы вирустарды қолдану биотеррозимнің бір себебі деген сақтық бар.

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

 

Атопиялық дерматит дегеніміз - теріге бөртпелер шығып және оның қышуымен сипатталатын терінің жұқпалы емес ауруы.

Атопиялық дерматит тұқым қуалайтын ауру.Егер ата-анасының немесе жақын туыстарының біреуінде атопиялық дерматит,демікпе немесе аллергиялық ринит болса онда балада осы аурудың пайда болуы 50% құрайды.Сонымен қатар атопиялық дерматитпен ауыратын туысқандарының 30% аллергияның көріністері көрінбеуі мүмкін.

Атопиялық дерматит көп себептерден болатын ауру.Аурудың пайда болуына және ауырлық дәрежесіне адамның ішкі және сыртқы жағдайлары әсер етеді.

АД дамуына алып келетін негізгі қауіп қатер тобына мыналар жатады.

  • · Жақын туысқандар арасында аурудың болуы
  • · Жүктілік кезінде анасының дурыс тамақтанбауы және баласын емшек сүтімен ретті емізбеу.
  • · Жүктілік немесе емшек сүтімен емізу кезендерінде анасының зиянды әдеттерге жақын болуы (темекі тарту,алкоголь ішу).
  • · Баласын ерте жасанды тамақтандыру және емшек сүтіне жәй алу.
  • · Күн тәртібін сақтамау және тері күтімінің нашар болуы.
  • · Вакциналарды алу реттілігін бұзу.
  • · Қолайсыз ауа-райының әсері.
  • · Өмір сүруге қолайсыз жағдайлар,экологияның және тұрмыс жағдайының нашар болуы.
  • · Жүктілік немесе емшек сүтімен емізу кезендерінде анасының антибактериальды дәрілерді қабылдауы.
  • · Туа біткен асқазан-ішек жолдарының ауруларының болуы-энзимопатия, дисбактериоз.

 

Атопиялық дерматит алғаш рет баланың-нәресте, жасөспірім және ересек кездерінде ауыр ағымда көрініс береді.

Диатез (атопиялық немесе экссудативті диатез) деп-емшек сүтіндегі балалардағы атопиялық дерматитті атайды.50% жағдайда ерте нәрестелік кезеңде көрініс береді.

Ересектерде ұзақ уақыт бойы атопиялық дерматитті-нейродермит деп атады,ал бұл атау аурудың дамуына жүйке жүйесінің бар екендігін көрсетеді.

Атопиялық экзема-аурудың екінші аты.Экзема туралы айтатын болсақ қазіргі кезде тері қабынуларының түрлі белгілері (ісіну, қызару,дымқылдану) осы ауруға жатады.

Атопиялық дерматит жыл маусымдарына тәуелді:қыста-аурудың күшеюі және қайталануы болса, жазда-толық немесе жартылай ауру басылады. Аурудың дамуына азық-түліктерден (цитрусты жемістер,тәттілер,ащы тағамдар,алкогольді ішімдіктер),дәрілерден (антибиотиктер, витаминдер, сульфаниламидтер, пиразолон туындылары) және басқа да факторлар әсер етеді.

Атопиялық дерматит кезінде аллергендер мыналар:

  • · Үй жануарларының жүні
  • · Аквариум балықтарына арналған құрғақ тағам
  • · Матрас және жастықтардағы қауырсындар
  • · Өсімдіктер тозаңы
  • · Косметика және хош иісті заттар
  • · Азық түліктер (бал,цитрусты жемістер,жаңғақтар,шоколадтар,құрамында бояғыштар мен консерванттары бар өнімдер)

Атопиялық дерматит кезінде толық комплексті ем қабылдайды,оған тағам режимін сақтау және аурудың дамуына алып келетін алллерген мен қарым катынаста болмау негіз болып табылады.

 

Аударған: Мелис Айбек

Қышыма – терінің үстінде өте майда кененің әсерінен пайда болатын терінің қышуы. Қышыма кенесі инфицирленген адаммен тікелей жанасу кезінде немесе бір төсек орнын пайдаланғандан жұғады.

Қышыманың симптомдары: түнгі уақытта күшейетін терінің қышуы, ұзыннан немесе айнала орналасқан майда ойық жара немесе көпіршіктерден құралған бөртпенің пайда болуы. Бұл белгілер саусақтар арасында, шынтақ қатпарларында, білезік маңайында, сыртқы өтіс тесік айналасында пайда болады. Балаларда қышыма мойында, бетте, алақанда, табанда болады.

Қышыма симптомдары көрініп болғанша, паразиттермен инфицирленген уақыт аралығанда басқаларға да таралып үлгеруі мүмкін. Бірінше рет жұқтырған да симптомдар 4-6 аптада пайда болады. Ал екінші рет немесе қайталамалы жұқтырған жағдайда симптомдар бірнеше күнде пайда болады.

Қышыма өздігінен басылмайды. Емі дәрілер тағайындаған кремдер немесе лосьондар болып табылады. Дәр кезінде емделмеу паразиттерді басқа адамдарға тарату қауіпі жоғарлайды.

Қышымен ауырған адамдың төсектік жаймаларын, киімдерін, қол орамалдарын тазартудан өткізу керек.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл дегеніміз не? Петехия - кіші қантамырлардың ақауынан теріге және тері астына қан құюлардан болатын, теріде немесе ауыз қуысындағы қызыл немесе қызғылт түсті майда біртекті дақтар. Петехиялы дақтар көлеміне байланысты өте кішкентайдан үлкенге дейін болады. Қыжуды және ауырсынуды шақырмайды. Туа пайда болған дақтардан және гемангиомадан айырмашылығы – егер майда біртекті, тұрақты қызыл дақтар-петехияны басатын болсақ ағарып, біраздан соң қайта орнына қайта келеді.

Бұл нені білдіреді?Петехия көп жағдайда басында аз ғана аймақты қамтып, бірнеше сағат ішінде біршама бөлікке таралуы мүмкін. Егер петехия бірнеше сағат ішінде тез таралатын болса, онда қауіпті инфекцияның немесе қан ұю жүйесінің жеткіліксіздігі – тромбицитарлы жеткіліксіздіктің әсерінен болуы мүмкін. Көп жағдайда қан ағудан ағзаны қорғау нәтижесіндегі қорғаныс жүйесінің бұзылысы деп қарастырылады. Бұндай жағдайда тез арада медициналық араласулар қажет.

Аударған: Бердібек Ағабек