Жарақат; акромио-бұғаналық буынның жарақаты – иықпен құлау кезінде болады.
Соған байланысты 3 түрлі жарақат түрлері бар.
1 тип – буынды созып алу.
2 тип – жартылай буынның қозғалысы (дислокация)
3 тип – толық буынның қозғалысы
Емі. Көп жағдайдаакромио-бұғаналық буынның жарақаты кезінде хирургиялық араласулар керек етпейді. Әдетте ауырсынуды бастатын және қабынуға қарсы препараттарды жергілікті немесе жалпы қолданады.Емдік жаттығулар бұршықеттік белсенділікті және байламның серпінділігін қалпына келтіреді.
Егер буынның функциональді бұзылыстары жарақаттан кейін 3-6 айға сақталса, хирургиялық араласулар керек етеді.
Аударған: Бердібек Ағабек
Біз қолымызды жоғары көтерген сайын айналмалы манжетка және синовиальді қапшықта, буында беткей орналасқан супрасиналді сіңір жауырыннан (акромион) төмен қарай қарама-қарсы бағытта сырғып кетуі мүмкін.
Акромион бет жағы тегіс болмағандықтан синовиалді қапшық пен сіңірді сылып тастауы мүмкін.
Бұндай жағдайда қолды қайта жоғары көтеру, синовиалді қапшық (бурсит) пен сіңірдің (тенденит) қабынуын тудыруы мүмкін.
Уақыт өте келе акромион жақ бетте сіңір сылуы мүмкін.
Сондықтан сіңірде майда жыртылуылар пайда боуы мүмкін. Қайта қалпына келу мақсатында бұл жыртылулардың орнына тыртықты тіндер пайда болады.
Соңында сіңір айналмалы манжеткеде қолды жоғары көтеретін бұлшықеттін тепе-теңдігін ұстай алмай қалады. Бұл ары қарай айналмалы манжетканың бұзылысына әкеліп, қайтадан жыртылулар мен қайтадан тыртықты тіннің пайда болуына әкеледі. Сіңір неғұрлым әлсіз, солғұрлым бөліктік немесе толық жыртылуларға әкеледі.