Бүйрек– асқазанның төменгі бөлігінде, омыртқаның екі жағында орналасатын жұп үрмебұршақ тәрізді мүше. Нақты орны - құрсақ қуысының артқы жағы болып саналады. Бүйректің көлемі жұдырыққа сай келеді. Бүйректің жоғарғы бөлігінде бүйрек үсті безі орналасады. Бүйрек және бүйрек үсті безі май тінімен және фиброзды капсуламен (Герот фасциясы) қоршалған.
Бүйрек – зәр шығару жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Бүйректің қызметі – қандан улы заттар мен қалдық өнімдерді бөліп, зәрдің бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Зәр әр бүйректің орталық бос кеңістігіне жиналады. Сосын зәр бүйрек мен қуықты жалғастыратын несепағар арқылы қуыққа құйылып, қуықтан зәр шығару түтігі арқылы сыртқа шығады.
Бүйрек тек зәрді синтездейтін мүше ғана емес, сонымен қатар қан қысымын тепе-теңдікте ұстайтын және эритроциттердің түзілуіне әсер ететін химиялық заттарды да өндіреді.
Гломерулонефрит организмнің иммундық жүйесіндегі бұзылыстарға байланысты болуы мүмкін. Көбінесе, оның пайда болу себебі анықтала бермейді.
Шумақтарының зақымдануы бүйректен несеппен бірге қан мен ақуызды жоғалтуға апарады.
Бұл жағдай тез дамуы мүмкін, бүйректің қызметі бұл кезде бірнеше апта немесе ай бойы жоғалтылады (тез ушығатын гломерулонефрит).
Ұзақ уақыт бойы өтетін гломерулонефриті бар адамдардың төрттен бір бөлігінде қандай да бір бүйрек ауруы болмаған.
Келесі жағдайлар гломерулонефриттің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін:
Қан айналым және лимфа жүйесіндегі бұзылыстар
Көміртекті еріткіштердің әсері
Отбасында қатерлі ісік ауруының болу тарихы
стрептококтық, вирустық, жүрек инфекциялары немесе абсцестер.
Көптеген жағдайлар гломерулонефритті немесе оның пайда болу қаупін туындатуға қабілетті, оның ішінде:
Амилоидоз
антигломерулярлық мембраноздық антиденелердің жиналуына байланысты ауру (организмнің ауру қоздырғыштарына және генетикалық бөгде заттектер мен жасушаларға қарсы телімді қорғаныс факторы)
қантамырларының аурулары, мысалы, васкулит немесе полиартериит
Фокалды сегментарлық гломерулосклероз
Гудпасчер синдромы (өкпенің альвеоларының және бүйректің гломерулярлық аппаратының базальдық мембраналарының зақымдануымен өтетін ауру)
Ауырсынуды басатын құралдарды жиі қабылдау, әсіресе, НПВП (стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды )
Несептегі қан (несептің қошқыл, тот басқандай, қоңыр түске боялуы)
Несептің көпіршікті болуы (несепте ақуыздың мөлшері көп болуынан)
Беттің, көздің, тобықтың, табанның, аяқтың немесе іштің ісінуі
Сондай-ақ, тағы басқа симптомдары кездеседі:
Іштің ауырсынуы
Құсықтағы және нәжістегі қан
Жөтел және ентігу
Диарея
Несеп жүрудің жиілеуі
Қызба
Жалпы өзін нашар сезіну, әлсіздік, тәбетті жоғалту
Бүкіл дене немесе бұлшық еттің ауырсынуы
Мұрыннан қан кетуі
Уақыт өте келе бүйректің созылмалы ауруының симптомдары дамуы мүмкін. Сондай-ақ, біртіндеп созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің симптомдары күшеюі мүмкін.
Емдеу аурудың себептеріне, түріне және симптомдарының ауырлығына байланысты. Жоғары артериалдық қысым бақылауға келмеуі мүмкін. Оны бақылау әдетте, емдеудің маңызды құрамбөлігі.
Тағайындалатын препараттарға жататындар:
жоғары артериалдық қысымды бақылауға арналған дәрілер, көбінесе, бұл ферментті ангиотензин-айналдырушы тежеуіштер және ангиотензин рецепторларын тежеуіштер
кортикостероидтар
иммундық жүйені тежейтін дәрілер
Организмдегі иммундық бұзылыстардың салдарынан дамыған гломерулонефрит кезінде плазмоферез аталатын ем-шара қолданылады. Бұл шара кезінде құрамында антидене бар қанның сұйық бөлігі жойылады және көктамыр арқылы сұйықтықтың немесе донорлық плазманың (антиденелер болмайтын) құйылуымен алмастырылады. Антиденелерді жою бүйрек тінінің қабынуының азаюына ықпал етеді.
Тұзды, сұйықтықты, ақуыз бен басқа заттектерді тұтынуды шектеу қажет.
Осы ауру бар адамдар бүйрек жеткіліксіздігінің симптомдарының дамуын мұқият қадағалауы қажет. Түбінде диализ немесе бүйрек алмастыру қажет болуы мүмкін.
Уақытылы емдеу қажет, олай болмаса, асқынуы мүмкін.
Асқынатын гломерулонефрит келесілерге апарады:
созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
бүйрек қызметінің төмендеуі
бүйрек ауруының соңғы сатысы
Егер науқаста нефроздық синдром болса, оны бақылауға алуға болады, басқа симптомдарды да бақылауға болады. Олар бақылауға алынбаса, бүйрек ауруының соңғы сатысы орын алуы мүмкін.
Гломерулонефриттің көпшілік жағдайларының алдын алатын тәсілдер жоқ. Кейбір жағдайда орагникалық еріткіштердің, сынаптың және стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың (НПВП) әсерін шектеу немесе алшақ болу арқылы алдын алуға болады.