Тері– ең көлемді мүше болып саналады. Тері – жоғарғы температурадан, күн сәулесінен, жарақаттардан, инфекциядан қорғайды. Тері – дене температурасын бірқалыпты ұстауға көмектеседі, сұйықтық пен майды организмде ұстайды және Д витаминні өндіруге қатысады.
Тері 2 қабаттан тұрады: эпидермис және дерма. Эпидермис – негізгі бөлігін сквамозды, жалпақ жасушалар құрайды. Сквамозы жасушалардың астында базалды жасушалар орналасады. Ал эпидермистің төменгі қабаттын меланоциттер құрайды.
Дерма – капиллярлы қантамырлардан, лимфа тамырларынан, тері астылық бездерден құралады. Бұл бездердің кейбірлеулері тер бөлу арқылы дене температураны бірқалыпта ұстап тұрады. Кейбір бездер өзінен тері майларын бөлу арқылы, теріні ылғалдандырып, құрғаудан қорғайды. Тер мен тері майлары теріде болатын – терілік саңылаулары арқылы терінің беткей қабатына енеді.