Сүт безінің инфекциясы – сүт безі тіндерінің жұқпалануы.
Суретте сау сүт безінің анатомиялық құрылысы көрсетілген.
Емізетін әйелдерде көптеген инфекциялар бактериялардың емшек ұшы арқылы енуінде пайда болады. Ауыр инфекцияларда абсцестер (іріңді қабыну) пайда болады. Емдеу үшін антибактериалдық препараттар қолданылады.
Сүт безінің қабыну ауруларын сау адамның терісінде болатын алтын түсті стафилококк секілді кең таралған бактериялар туындатады. Бактериялардың енетін тұсы – емшек ұшындағы жарылу немесе сызаттар.
Инфекция сүт безінің теріастылық-майлық жасушасында шоғырланады, бұл оның қабынуына апарады. Қабыну үрдісі сүт безінің түтіктері бойынша таралады. Нәтижесінде ісіну және ауырсыну пайда болады.
Әдетте, бұл ауру емізетін әйелдерде пайда болады. Бала емізуге байланысты емес емшек инфекциялары сүт безінің қатерлі ісігінің сирек түрі болуы мүмкін.
Емізетін әйелдер әдетте, тексерілмейді. Алайда, жиі тексеру ауруды анықтауға көмектеседі және абсцесс (іріңді қабыну) секілді асқынуларының алдын алады.
Ұзақ уақыт бойы өтетін инфекциялық үрдісте емшек сүтін бактериологиялық себу арқылы тексеріс өткізіледі. Емізбейтін әйелдерде сүт безінің биопсиясы немесе маммография өткізілуі мүмкін.
Ауру ауыр өткенде абсцесс (іріңді қабыну) дамуы мүмкін. Абсцесс хирургиялық жолмен босатылуы тиіс. Абсцеске шалдыққан әйелдер уақытша емізуді тоқтатуы тиіс.