Ангионевротикалық ісіну немесе Квинке ісінуі – есекжемге ұқсас болып келеді, бірақ Квинке ісігі зақымдалу тереңдегіне байланысты ажыратылады. Ангионевротикалық ісігі кейбір кезде бөртпе шығуынсыз да болуы мүмкін.
Пайда болу себептері:
Квинке ісігі – аллергиялық реакцияның есебінен пайда болуы мүмкін. Аллергиялық реакция кезінде гистамин және тағы сол сияқты химиялық заттар қанағымға босап шығады. Организм гистаминді иммунды жүйе ағзаға жат затты анықтағанда, яғни аллергенді сол сәтте бөледі.
Көп жағдайда ангионевротикалық шоктың пайда болу себебі анықталмайды.
Келесі себептер ангионевротикалық ісіктің пайда болуына әкелуі мүмкін:
Медициналық препараттар; антибиотиктер, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, қан қысымын тұрақтандырушы дәрілер.
Шаң-тозаңдар.
Есекжем мен квинке ісігі – жүйелі қызыл жегі, лейкемия, лимфома сияқты аутоиммунды аурулардан кейін немесе сол кезде пайда болуына да мүмкін.
Ангионевротикалық ісік кейбір түрлері тұқым қуалаушылық жолмен беріледі, сонымен қатар себептеріне, асқынуларына, еміне байланысты айырмашылық болады.
Симптомдары
Аурудың негізгі симптомы – кенеттен пайда болатын терінің беткей қабатының ісінуі. Сонымен қатар терінің беткі қабатында ісіктер мен тыртықтар пайда болуы да мүмкін.
Бірінші кезекте көз айналасының және еріннің ісінуі болады. Сонымен қатар ісіну – қолда, аяқта, тамақта пайда болуы да мүмкін.
Тері бетіндегі тыртықтар мен бөртпелер ауырсынуды және қышынуды тудыруы мүмкін. Бұл симптомдар есекжемге тән. Бөртпелер тітіркенгенде ақ түске енеді. Ауырсыну ангионевротикалық ісіктің теріні зақымдаған тереңдігіне байланысты болады.
Басқа да симптомдар жатады:
Іштегі спазм – құрысу, тырысу.
Тыныс алудың қиындауы.
Ауыз бен көздің ісінуі.
Көздің кілегей қабатының ісінуі.
Диагностикасы
Дәрігер пациентті қарап тексеру кезінде теріде пайда болған өзгерістерге байланысты, тітіркендіргіш немесе химиялық заттардың әсерінен болғанын немесе болмағанын сұрауы керек. Сонымен қатар қарап тексеру де ісіну тамақта болатын болса, пациенттің тыныс алуы кезінде қалыптыдан тыс дыбыстар шығуы мүммкін.
Дәрігер сонымен қатар аллергиялық реакцияны байқау үшін қан анализін алуы мүмкін.
Емі
Жеңіл симптомдары кезінде ауруды емдеу қажет етпейді. Ауыр және орташа симптомдары кезінде ауруды емдеу керек.
Квинке ісігімен ауыратын науқастар келесі ережелерді сақтау керек:
Ауруды шақыратын кез-келген факторлардан немесе аллергендерден алшақ болғаны жөн.
Дәрігеріңіз тағайындамаған дәрілерден, қабылдауға болмайтын азық-түліктерден шектелу керек.
Ісік пайда болған жерге суық дәке орамалын басу керек, ауырсынуды төмендету мақсатында.
Ангионевротикалық ісікте қолданылатын дәрілер:
Антигистаминдік препараттар.
Қабынуға қарсы дәрілер
Эпинефринді егу
Тыныс алу жолдарын ашатын ингаляциялық дәрілер.
Ранитидин.
Егер де Квинке ісігі кезінде науқаста тыныс алудың қиындауы болса, тез арада жедел жәрдем шақыру керек, себебі анигиневротикалық ісік тыныс алу жолдарын толық бітеп өмірге қауіп қатер әкелуі мүмкін.
Әдетте тыныс алу жолдарының бітемейтін және симптомдары жеңіл өтетін ангионевроткалық ісіну біірнеше күн ішінде қайтады.
Аударған: Бердібек Ағабек
Есекжем –терінің дәріге, тамаққа және басқа заттектерге аллергиялық серпіні. Есекжем бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Есекжем көтеріңкі, қызыл, қышитын, түрлі пішінді және өлшемді, шеттері айқын және ортасы солғын келетін күлдіреумен көрінеді.
Есекжем пайда болып, өздігінше жойылуы мүмкін. Бір орыннан келесіге көшуі мүмкін. Өлшемі 1-10 см немесе одан үлкен болуы мүмкін. Дақтары бірігіп, терінің ауқымды ісінген және қызарған бөліктерін құрауы мүмкін. Ісіну бетте пайда болса, әсіресе, көз бен еріннің аумағында, тамырлық ісіну туралы айтылады. Сонымен қатар, тамырлық ісіну қол ұшында, аяқ ұшында, тамақ (көмей) аумағында байқалуы мүмкін.
Есекжем өз алдына қауіпсіз, бірақ тамырлық ісіну өмір үшін қауіпті аллергиялық серпіннің бірінші белгісі болуы мүмкін (анафилаксияның), бұл шұғыл көмекті қажет етеді.
Себебі. Есекжем дәріге, тамаққа (балық, жаңғақ, жұмыртқа, сүт, т.б.), жануарлардың түгіне, өсімдік тозаңына, инфекцияға (мононуклеоз), жәндік шағуына серпін ретінде көрінуі мүмкін. Басқа мүмкін себептері – өсімдікпен, ингаляцияда қолданылатын құралдармен жанасу, күйзеліс, макияж және ыстық-суықтың, күннің әсері. Есекжем көңіл-күй күйзелісінің, тершеңдіктің, аутоиммундық аурудың немесе лейкемияның салдарынан дамуы мүмкін. Көбінесе, себебін анықтау қиын.
Диагностика әдетте қиынға түспейді, себебі, есекжемнің аллергиялық тегі айқын болады, алайда, кейде аллергияға арнайы тестілер қажет – тері тестілері немесе қан талдауы.
Емдеу. Көбінесе, арнайы емдеу қажет болмайды себебі, симптомдары өздігінше тез жойылуы мүмкін. Аллергияға қарсы құралдар - антигистаминдік препараттар – тавегил, супрастинді пайдалану аса тиімді. Қышыну мен ісінуді азайту үшін терінің зақымданған жеріне салқын компрессті қою ұсынылады (шағын мата, салқын суға малынған). Терінің үлкен аумағы зақымданса, салқын ванналарды ұсынуға болады. Ыстық ванна мен душ қабылдауға болмайды. Сондай-ақ, қысатын киім киюге болмайды.
Жоғарыда айтылғандай, аллергиялық ісіну өмір үшін қауіпті аллергиялық серпіннің бірінші белгісі болуы мүмкін (анафилаксияның), бұл шұғыл көмекті қажет етеді. Анафилаксия көмейдің ісінуін туындатып, тыныс алудың едәуір қиындауына – тұншығуға апаруы мүмкін. Анафилаксияға күмән болса, шұғыл түрде жедел жәрдемді шақыру қажет.
Алдын алу. аллергияны туындататын дәрілерден, өнімдер мен заттектерден алшақ болу қажет. Ыстық ванна қабылдаудан, қысатын киім киюден алшақ болуға тырысу қажет, себебі, олар есекжемнің симптомдарының қайталануына ықпал етуі мүмкін.