Ұйқы безі – іш қуысында асқазан мен бел омыртқаның арасында орналастын, асқорыту жүйесінің маңызды мүшесі болып табылады. Ол – бауырмен, ішектермен және басқа да ішкі мүшелермен шектеседі. Қалыпты жағдай ұйқы безіның ұзындығы 15 см құрайды. Қалпы – ұзын алмұрт тәрізді. Ұйқы безінің енді бөлігін – басы, ортаңғы бөлігін – денесі, жіңішке бөлігін – құйрығы деп атаайды.
Ұйқы безі –өзінен инсулин және тағы да басқа гормондар бөледі. Бұл гормондар қанағымға еніп, бүкіл организмге таралады. Бұл гормондардың қызметі – тамақ арқылы түскен энергияны сақтау және пайдалану болып табылады. Мысалы, инсулин қандағы қанттың деңгейін қалыпты да ұстап тұруға қатысады. Инсулиннің жеткіліксіздігін – қант диабетті деп атайды.
Ұйқы безі сонымен қатар асты қорытуға қажетті асқорыту сөлін – ферменттерді өндіреді. Өзінен өндірілген асқорыту ферменттері арнайы түтікшелер арқылы он екі ішекке түседі. ( он екі ішек – біз қабылдаған тамақтың алғашқы корытылуы жүретін, аш ішектің бастапқы бөлігі.)
Аударған: Бердібек Ағабек
Бауыр– адам ағзасындағы ең ірі мүше болып табылады. Ол іш қуысының оң жақ қабырға астында орналасады.
Бауыр – екі бөліктен тұрады: үлкен – оң бөлігі, кіші – сол бөлігіден.
Бауыр ағзадағы өте маңызды қызметтерді орындайтын мүше. Ол - қанды улы заттардан тазартатын қызмет атқарады. Сонымен қатар бауыр асты қорытуға ферменттер мен өтті синтездейді. Сонымен бірге бауыр аш ішекте сіңген тамақ өнімдерін, зат алмасуға, өсуге, дамуға керекті өте майда өнімдерге дейін синтездейді. Бауыр екі қантамыр арқылы қанданады. Оның ішінде негізгісі – бауырдың қақпа венасы болса, екіншісі – бауыр артериясы болып табылады.