.

галлюцинация | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

галлюцинация

Заңсыз есірткі - дәрігер тағайындамаған немесе дәріханада сатылмайтын заттар.
 
Заңсыз есірткінің кейбір түрлері - героин (транквилизатор); кокаин (стимулятор); ЛСД, мескалин, фенилциклидин, метамфинамин және псилоцибин (галлюциноген); марихуана және гашиш (қарасора); және гамма-гидроксибутират.
 
Заңсыз есірткінің салдары күтпеген болуы мүмкін, себебі:
  • Көп наркотиктер тәуелділікті шақырады.
  • Наркотиктің бір түріне әр адамға әр түрлі әсер көрсетеді.
  • Наркотиктің әсері неше түрлі болуы мүмкін.
  • Олардың құрамында белгісіз заттар болуы мүмкін. Заңсыз есірткі дәрі-дәрмектердің рецепті үшін қажетті сапаны бақылауға жатпайды.
  • Олар басқа препараттармен немесе алкогольмен күтпеген жағдайда өзара әрекеттесе алады.
 
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
 
Бастарту синдромы - әдетке айналған алкоголді немесе есірткіні пайдалануды тоқтатудан кейін пайда болатын ыңғайсыз физикалық немесе психикалық өзгеріс. Симптомдары бірнеше күнге созылуы мүмкін және жүрек айну, құсу, шаршағыштық, мазасыздану, бір орнында отыра алмау, қобалжушылық пайда болады.
 
Бастарту синдромының симптомдары алкогольді немесе есірткіді шамадан тыс қолданғанда пайда болады.
 
Алкоголден бас тарту синдромының симптомдары алкоголді ішкенен кейін 4-12 сағаттан соң пайда болады немесе соңғы ішкен күнінен бірнеше күннен кейін пайда болады. Алкоголге тәуелділік неғұрлым жоғары, солғұрлым бас тарту синдромның симптомдары анығырақ болады. Елесті ауруы кезінде көздік және құлақтық галлюцинация, ашушаңдылық және шатасу, дірілдеу және талма сияқты белгілер байқалады. Кейбір жағдайларда елесті ауруын емдемесе, өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
 
Есірткіден бастарту синдромының симптомдары есірткіге тәуелділіктің түрлеріне байланысты болады. Жалпы симптомдары жүрек айну, құсу, іштің ауырсынуы, талма болып табылады.
 
Алкоголден және есітркіден бас тарту синдромы кезінде емі болып дәр-дәрмек немесе орын басушы терепаия табылады. Алкоголизмде және есірткі қабылдау кезінде көбінесе емі ретінде реабилитация қолданылады.
 

Аударған: Бердібек Ағабек