.

гормондық бұзылыстар | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

гормондық бұзылыстар

Цистит – қуықтың сілемей қабатының қабынуы  (сондай-ақ, қараңыз: Несепқап (қуық) инфекциясы). Бұл несеп-жыныс ағзаларының ішіндегі ең кең таралған қабыну ауруларының бірі. Әйелдердің 20-25 % циститтің қандай да бір түріне шалдығады, ал 10 % созылмалы циститтен зардап шегеді, бұл сан жыл сайын үздіксіз арта түсуде. Ерлер бұл аурумен сирек ауырады – цистит ерлердің 0,5%-да кездеседі.

Циститтің алғашқы және екінші, жіті және созылмалы, жұқпалы және жұқпалы емес түрлері  болады.

Екінші цистит қуық (тас, ісік) немесе жақын ағзалардың (аденома және қуық асты безінің қатерлі ісігі, жыныстық ағзалардың созылмалы қабыну аурулары) аурулары кезінде дамиды.

Алғашқы жіті цистит – негізінен, әйелдер шалдығатын ауру. Оның пайда болуы салқын тиюмен, жұқпадан кейін, құралмен тексеруден кейін, жеке гигиена ережелерін бұзумен байланысты. Циститтің дамуының болжамды факторларының бірі - қант диабеті. Циститтің дамуы организмнің аллергиялық серпінінің салдарынан да болуы мүмкін.

Циститтің дамуына ықпал ететін факторлар – сілемей қабаттың жарақаты, жамбас қуысындағы көктамырлардың қан ағыны, гормондық бұзылыстар, дәруменсіздік, салқын тиюі, т.б. Сондай-ақ, уродинамиканың бұзылысының маңызы зор, оның ішінде, қуықтың босатылуының қиындауы немесе толық босатылмауы, қуық бұлшықетінің   ширақтығының бұзылуына, несептің іркілуіне немесе ыдырауына апарады. Жұқпалы циститте жоғары немесе төмен қарай, лимфа немесе қан арқылы жұқпалану жолдары болуы мүмкін.

Балаларда циститтің пайда болуының және барысының кейбір екрешеліктері болады. Мысалы, ұлдарда несеп жолдарының жұқпалануға ықпал ететін қандай да бір анатомиялық өзгерістері (несеп шығару түтігінің сыртқы саңылауының немесе клапанының стенозы, қуық мойнының туа біткен склерозы) болмағанда жіті цистит сирек пайда болады. Қыздарда цистит жеке гигиенаның бұзылысымен жиі байланысты. Балаларда ауру еріксіз несеп шығарумен, оның ішінде, түнде уақытта төсекте , кейде – нәжістің еріксіз шығуы болуы мүмкін.

Циститті емдеу. Егер циститтің белгілері пайда болса – өз бетіңізбен емдеуге тырыспаңыз, және ауруды ушықтырмаңыз. Дұрыс емделмеген немесе соңына дейін емделмеген цистит созылмалы түрге көшуі мүмкін, оны өмір бойы емдеуге тура келеді. Тез арада урологқа немесе гинекологқа көріну қажет.

Жіті цистит кезінде тыныш күйді сақтау, емдәм ұстану, сұйқтықты көп мөлшерде (күніне 2-2,5 л) ішу ұсынылады; денеге салқын тигізбеу, ішектің ұдайы қызметін қолдау қажет, жыныстық қатынасқа түсуге болмайды. Ауырсыну қатты болса, ректальдық (айналшық ішіне) немесе вагиналдық (іншек ішіне) ауырсынуды басатын суппозитарийлер қою тағайындалады. Бактерияға қарсы емдеу антибиотикограмма бойынша өткізіледі, оған дейін кең ауқымды әрекет ететін антибиотиктер, нитрофурандар, антигистаминдік препараттар тағайындалады. Алғашқы созылмалы циститті емдеуде инфекция ошағын анықтау және жою, әйелдерде – гинекологиялық ауруларды немесе іншек жұқпаларын емдеу  маңызды роль атқарады. Циститтің себептерінің бірі – иммунитеттің төмендеуі болғандықтан, жалпы күш жинау үшін дәрумендік немесе физио-емдеу курстарын өткізу қажет. Созылмалы циститті қабынуға қарсы емдеу антибиотикограмма бойынша 3-4 апта бойы өткізіледі, одан кейін ұзақ уақытқа (3-6 ай) нитрофурандар немесе бактрим  тағайындалады. Ай сайын несептің бактериологиялық зерттеуін өткізу қажет, әсіресе, дәрі қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі 6 ай ішінде.

Созылмалы циститті емдеу , әсіресе, интерстициалдық түрін, әйелдерде біршама қиындық туындатады. Антигистаминдік және гормондық препараттарды (гидрокортизон, преднизолон) қолдану жарамды, гепаринмен емдеуге болады (инстилляция және инфузиялық емдеу). Интерстициалдық циститте физио-емдеу шаралары тағайындалады. Қуықтың тыртықты өзгерісінде хирургиялық операция тағайындалуы мүмкін. 

 

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Гормондардың қызметі

Гормондық бұзылыстардың себептері

 

Жалпы ақпарат

Эндокриндік жүйе  негізгі сегіз безден тұрады. Бұл бездер гормондарды өндіреді. Гормондар – бүкіл организмнің жұмысына әсер ететін химиялық заттектер.

 

Гормондардың қызметі

Қан ағымы жүйесі бойынша гормондар тіндерге немесе ағзаларға тасымалданады. Гормондар баяу жұмыс істейді, олар организмде өтетін барлық үрдістердің жұмысын реттейді. Мысалы:

  • Өсу және даму

  • Метаболизм – ас қорыту, шығарылу, тыныс алу, қан айналымы және дене температурасын қолдау

  • Жыныстық қызмет

  • Репродуктивтік қызмет

  • Көңіл-күй

 

Гормондық бұзылыстардың себептері

Егер Сіздің гормондарыңыздың деңгейі тым жоғары немесе төмен болса, Сізде гормондық бұзылыс орын алуы мүмкін. Сондай-ақ, гормондық аурулар организмнің гормондарға қалыпты жағдай кезіндегідей емес серпіні кезінде де пайда болады. Күйзеліс, инфекция, қан құрамының өзгеруі, электролиттер балансының бұзылысы да гормондардың деңгейіне әсер етуі мүмкін.

Эндокриндік аурулардың көптеген түрлері бар, ең кең таралған түрі – қант диабеті. Ол әдетте, организмде өндірілетін гормондар деңгейін бақылау арқылы емделеді. Егер мәселе қандағы гормондардың төмен деңгейінде болса, гормондық препараттармен алмастыру емдеуін тағайындау көмектесуі мүмкін.