.

ірің | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

ірің

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Үшкірбасты кондилома

Себептері

Симптомдар

Диагностика

Емі

Болжамы

Асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Профилактика

 

Жалпы ақпарат

Жұтқыншақ артқы абсцессі – жұтқыншақтың артқы бетіндегі тіндерде іріңнің жинақталуы. Бұл адам организміне қауіпті болып келеді.

http://www.zdrav.kz/images/refs3/zagabsc.jpg

Жұтқыншақтын анатомиялық құрылымына өңеш, трахея, көмекей және бадамшалар кіреді.

 

Себептері

Жиі абсцесс 6 жасқа дейінгі балаларда кездесе, бірақ та ол кез-келген жаста да кездесу мүмкін.

Инфицирленген материал (ірің) жұтқыншақтың артқы қабырғасында жинақталады. Ауру жұтқыншақтын инфекцясын жұқтырғанда немесе жұқтырғаннан кейін пайда болу мүмкін.

 

Симптомдар

  • Тыныс алу қиындауы
  • Жұтыну қиындауы
  • Сілекей ағу
  • Жоғары қызба
  • Тыныс алған кездегі ысқырық (стридор)
  • Тыныс алу кезінде қабырғааралық бұлшықеттердің кіліуі (қабырғаралық ретракция)
  • Тамақтағы қатты ауру сезімі
  • Бас бұру кезіндегі қиындықтар

 

Диагностика

Дәрігерге сіздің жұтқыншағыңызды тексеру қажет болады. Дәрігер немесе мейірбике жұтқыншақтың артқы қабырғасын мақталық тығынмен ақырындап сүртеді. Бұл процедура жұтқыншақтағы дақылды тексеру үшін лабораториялық тексеру әдісі болып табылады.

Басқа тексеру әдістері:

  • Жалпы қан анализы (ЖҚА)
  • Мойынның компьютерлік томографиясы (КТ)
  • Мойынның рентгенографиясы

 

Емі

Зақымдалған аймақты тазалау үшін хирургиялық әдіс қолданылады. Кейде тыныс жолдарының ісінуін азайту үшін кортикостероидтар тағайындалады. Антибиотиктердің жоғары дозасы тамырішілік енгізу инфекция емінде қолданылады.

Осылай, тыныс алу жолдары ісіну кезінде бітелмей қорғаныста болады.

 

Болжамы

Бұл ауру кезінде міндетті түрде шұғыл медициналық көмек қажет болады. Бұл жағдай тыныс алу жолдарын бітеу мүмкін. Ол өмірге қауіпті. Уақытында басталған ем толық қалпына келтіреді.

 

Асқынулар

  • Тыныс жолдарының обструкциясы (бітелуі)
  • Аспирация (тыныс жолдарына әртүрлі бөтен заттардың түсуі)
  • Медастинит (көкірек аймақындағы тіндердің қабынуы)
  • Остеомиелит (сүйкетің ішіне өтіп кететін инфекция)

Бұл тізім барлық асқынуларды қоспайды.

 

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Егер сіз немесе сіздің балаңызда жоғары температура және тамақтағы қатты ауру сезімі болса дәрігерге қаралыңыз.

Шұғыл түрде жедел жәрдем шақырыңыз, егер:

  • Тыныс алу қиындаған
  • Тыныс алу кезінде ысқырықты дыбыстар (стридор)
  • Қабырға арасындағы бұлшықеттер тыныс алу кезінде кіріп кетеді (қабырғаралық ретракция)

 

Профилактика

Уақыты фарингитті немесе басқа тыныс алу инфекцияларын диагностикалау және емдеу, жұтқыншақ артқы абсцессін пайда болуын алдын алады.

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Қашан дәрігерге көріну қажет

 

Жалпы ақпарат

Остеомиелит – сүйектің инфекциясы, бактериялардан  немесе басқа микроорганизмдерден туындайды.

 Остеомиелит – сүйектің инфекциясы. Көбінесе, инфекция басқа көзден шығады және қан арқылы сүйекке таралады. Остеомиелит бактериялардан немесе зеңдерден туындайды.

 Себептері

Сүйектің жұқпалануы көбінесе бактериялардан болады, сирек - зеңдерден  немесе  басқа микроорганизмдерден болады. 

Бактериялар сүйекке зақымданған теріден, жақындағы бұлшық еттен немесе сіңірлерден таралуы мүмкуін. Терідегі жаралар мен ойық жаралар арқылы берілуі мүмкін.

Инфекция дененің басқа бөлігінінен шығып, қанмен таралып, сүйектің жұқпалануына апаруы мүмкін.

Сондай-ақ, жұқпалану сүйекке хирургиялық операциялардан кейін де орын алуы ықтимал. Бұл көбінесе, сүйекке метал білік және пластина енгізгенде орын алады.

Балаларда остеомиелитке қол мен аяқтың ұзын сүйектері, ересектерде – аяқтың, омыртқаның және жамбастың сүйектері ұшырайды.

Қауіп факторлары :

·         Диабет

·         Гемодиализ

·         Қанмен нашар қамтамасыз етілу

·         Жарақаттардан кейін

·         Тыйым салынған есірткілік заттектерді енгізу

Остеомиелитке шалдығу қаупі көк бауыры алынған адамдарда жоғары болады.

Симптомдары

·         Сүйектегі ауырсыну

·         Дене  температурасының артуы

·         Жалпы дімкәстану, әлсіздік

·         ісіну, қызару және жергілікті температураның артуы

·         қалтырау

·         тершеңдік

·         бел аумағындағы аурысыну

·         буындар мен аяқтың ісінуі.

 Диагностика

Қарау барысында зақымданған аумақта ісіну мен қызару анықталады.

Тексеруге келесі әдістер жатады:

·         қан өсіндісін бактерияға тексеру

·         сүйек Биопсиясы

·         сүйек Рентгенографиясы

·         Қанның жалпы талдауы

·         С-реактивті ақуызды анықтау (СРБ)

·         эритроциттердің шөгу жылдамдығын (СОЭ) анықтау 

·         Сүйек МРТ

·         Жұқпаланған сүйектің маңындағы жиналған сұйықтыққа пункция.

Емдеу

Емдеудің мақсаты – инфекцияны жою және сүйектіжәне қоршайтын тіндердің зақымдануын азайту.

 

Жұқпамен күресте антибиотиктер қолдану. Антибиотиктердің бірнеше тобын қолдануға болады.

Көбінесе, антибиотиктер вена арқылы енгізіледі.

Антибиотиктермен емдеу курссы 4-6 аптаға жуық болады.

Емдеудің тиімсіз болуында тіршілігін жойған сүйек тінін алып тастау үшін хирургиялық операция қажет болады.

Жұқпаланған сүйекке метал пластина қойылған болса, оны алып тастау қажет.  

Сүйек тінін алып тастағаннан кейін қалған кеңістік трансплантатпен немесе басқа арнайы материалмен алмастырылады. Аталған әрекеттер жаңа сүйек тінінің өсуіне ықпал етеді.

Буынды протездеуден кейін болған жұқпалану жұқпаланған тінді алып тастау және жаңа протезге алмастыру операциясына мұқтаж болады. көбінесе, дәрігерлер буынды  қайтадан толық протездеу орындалғанға дейін толық жазылуды күтеді.

Диабетке шалдыққан болсаңыз, ауру ұдай бақылауда болуы тиіс. Жұқпаланған аумақтыың қан айналымын жақсарту және емдеу үшін хирургиялық операция қажет болуы мүмкін.  

 

Аурудың болжамы

Уақытылы емдеуде аурудың болжамы, әдетте, оңтайлы.

Созылмалы остеомиелитке шалдыққандар үшін болжамы аса оңтайлы емес. Аурудың симптомдары көптеген жылдар бойы пайда болып отыруы мүмкін, хирургиялық операция  жасалғанның өзінде. Диабетке шалдыққан және қанмен нашар қамтамасыз етілген науқастарда аяқтың ампутациясы болуы мүмкін.

Жасанды протездің жұқпалануында болжамы  келесі факторларға байланысты:

·         Науқастың денсаулық жағдайы

·         Инфекцияның түрі

·         Протезді тез және қауіпсіз алу мүмкіндігі.

 

 Қашан дәрігердің көмегіне жүгіну қажет

·         Остеомиелиттің симптомдары болуында

Өткізілген емдеуге қарамастан, остеомиелиттің симптомдары тоқтамайтын болса.

 

Sourcehttp://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000437.htm

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Қауіп топтары

Симптомдары

Үй жағдайында емдеу

Дәрігерге қашан көріну қажет

Емдеу

 

Жалпы ақпарат

Абсцесс (іріңқалта) – бұл тері астында іріңнің жиналуымен сипатталатын инфекция. Абсцесс әдетте алтын түсті  стафилококк және стрептококк секілді бактериялармен байланысты. Бұл бактериялар терідегі сызаттар мен жаралар арқылы енеді. Бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін зақымданған тұста қызару, ауырсыну, температураның артуы және ісінуі пайда болады, дене температурасы артуы мүмкін. Абсцесс тері бетінің инфекциясын заманауи және сәйкес емдемеген жағдайда орын алуы мүмкін. Сәйкес емдеу болған жағдайда бұл аурудың болжамы сәтті. 

Метициллин-резистентті стафилококк (МРЗС) - пенициллин қатарындағы антибиотиктерге тұрақтылығы бар бактериялар тобы, бұл көптеген онжылдықтар бойы стафилококты және тері инфекцияларын антибиотикпен емдеудегі күрделі мәселе болды. Бұрынырақта МРЗС халықтың аз тобында, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінде және егілетін наркотиктерді қолданатын адамдар арасында таралған болатын. Бүгінде МРЗС жалпы халықтың тері инфекциясының жиі себебі болуда. МРЗС қазір «пенициллин қатарынан емес» антибиотиктермен және зақымданған теріге жергілікті күтім жасау арқылы табысты емделеді. Сирек жағдайда МРЗС терінің және жұмсақ тіндердің күрделі (терең) инфекцияларын туындатуы мүмкін. Стафилококты инфекция, әдетте, ұсақ қызыл түйіндерден немесе ірің толған түйіндерден басталады, олар қысқа уақыттың ішінде терең, ауырсынатын ойық жараға айналуы мүмкін. Егер теріңізде қызыл түйінді немесе ірің толған түйінді байқасаңыз және инфекцияның белгілері болса (зақымданған тұстың ауырсынуы, қызаруы және ісінуі) шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз. Көптеген науқастар түйіндерді өрмекшінің шағуы деп санап, қателеседі. Антибиотикпен емдеуді өткізудің алдында дәрігер терінің зақымданған тұсынан қырынды алып, зерттеу тағайындауы мүмкін. МРЗС жұқпалану симптомдарына ұқсайтын белгілер болуында, және МРЗС талдауының нәтижесі оң болса, дәрігер таблетка түріндегі антибиотик қабылдауды және зақымданған теріге жергілікті емдеу тағайындайды. Инфекцияның сау жерге таралмауы үшін  қолды және дененің басқа ашық тұстарын таза ұстау қажет, ал жаралар емдеу кезінде зарарсыз дәкемен таңылуы тиіс.

 

Себептері

Абсцестің пайда болуына бейімдейтін факторлар:

  • Терінің кез келген инфекциялары, әсіресе, емделмеген кезде
  •  Диабет
  • Семіздік
  • Вена (көктамыр) арқылы есірткі енгізу
  • Негізгі аурудың немесе оны емдеудің салдарынан иммундық жүйенің әлсіреуі

 

Қауіп топтары

Абсцесс кез келген адамда және дененің кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін.

Зақымданған бөлікті басқан кезде абсцестегі сұйықтықтың бар екенін сезуге болады.

 

Симптомдары

1-2 аптаның ішінде ауырсынуы, қызаруы және ісінуі пайда болады. Терінің астында іріңнің болуы әдетте, көрінбейді. Дене температурасының артуы және жалпы дімкәстік байқалуы мүмкін.

 

Үй жағдайында емдеу

Абсцесті өздігінше емдеу дұрыс емес. Дәрігерге барғанға дейін зақымданған бөлікке жылы компресс қойып, және ісіну мен ауырсынуды жою үшін негізінде ибупрофен бар қабынуға қарсы дәрі қабылдау қажет. 

 

Дәрігерге қашан көріну қажет

Зақымданған бөліктің ауырсынуы, қызаруы және ісінуі пайда болса, медициналық көмекке жүгініңіз. Егер абсцесс бетте болса және тез таралса немесе қозғалуды шектейтін жерде орналасатын болса, шұғыл медициналық көмекке жүгіну қажет.

 

Емдеу

Алдын ала ауырсынуды басу шарасынан кейін дәрігер зақымданған тұсты аздап тіледі, және абсцестегі сұйықтықты немесе іріңді шығарады. Бұл бактериялардың көпшілігін жойып, организмге қалған аз мөлшерімен күресуге көмектеседі. Кейбір жағдайда, бөлінген ірің бактериологиялық зерттеу өткізу үшін зертханаға жіберіледі. Қоздырғышын анықтау тиімді антибиотикті таңдау үшін қажет. Зерттеу 2-3 күнде өтеді. Талдаудың нәтижелерін алғанға дейін дәрігер Сізге кең ауқымды әрекет ететін антибиотик тағайындауы мүмкін. Ауыр инфекция болмаса, антибиотикпен емдеу тағайындалмайды.

Егер жағдай жақсармаса, немесе инфекцияның қоздырғышы кең таралмаған болса, дәрігер антибиотиктердің әр түрін тағайындауы мүмкін. Антибиотиктер тағайындалған жағдайда, жағдай жақсарып, сауығу байқалғанына қарамастан, емдеудің толық курсын өту қажет. Егер емдеу басталғаннан кейін 2-3 күн ішінде жағдай жақсармаса, дәрігерге хабарлау қажет. 

 

Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/001010.htm

Аудармашы: Ирина Гончарова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі

Редакциялық алқа:

Алмаз Шарман, медицина профессоры

Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.

Сәлім Смайылов, б.ғ.к.

 

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулар

Дәрігерге қашан көріну қажет

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Биттер  - басқа адамдармен тығыз қатынас арқылы жұғатын кішкентай жәндіктер (Pediculushumanuscorporis).

Биттердің екі түрі бар: бастағы және қасағадағы биттер.

Бұл дене битінің үлкейтілген бейнесі. Биттер қышуды және тырнақтың ізіне ұқсайтын тері бөріткенін туындатады. Биттер қызбаны, бөртпе сүзегін және траншеялық қызбаны туындататаын микроорганизмдердің тасымалдаушысы болуы мүмкін.

 

Себептері

Биттер киімнің тігісінде және қатпарында тіршілік етеді. Олар адамның қанымен қоректенеді және жұмыртқаларын, тіршілігінің қалдықтарын теріде және киімде қалдырады.

  • Олар киімде 1 айға дейін тіршілік етеді.
  • Биттер адамнан түскенде бөлме температурасында 5-7 күнде тіршілігін жояды.

 

Биті бар адаммен тікелей қатынаста биттер жұғады, сондай-ақ, жұқпаланған киімнен, сүлгіден немесе төсек жабдығынан жұғады.

Дене биттері басқаларына қарағанда ірі келеді.

Киімді немесе денені жиі жумағанда, немесе тығыз (адамдар көп орналасқан) жағдайда биттерді жұқтырудың ықтималдығы жоғары.

Биттер пайда болмайды, егер:

  • Ұдайы жуынатын болса
  • Киімді және төсек жабдығын, кемінде, аптасына бір рет жуатын болса.

 

Киімді ыстық кептіргіш қондырғыда өңдеу киімдегі биттерді жоюға көмектеседі.

 

Симптомдары

Биттер күшті қышуды туындатады. Қышу әдетте, белдің, қолтық астының аумағында, киімнің денеге жабысқан тұсында (мысалы, іш киімінің бауының астында) көбірек болады.

Теріде қызыл түйіншектер пайда болуы мүмкін. Түйіншектер қабыршақтанып, немесе қасығаннан кейін қатты болуы мүмкін.

Белдің немесе шаптың аумағындағы тері қалыңдап немесе түсі өзгеруі мүмкін, егер ұзақ уақыт бойы осы аумақтар битпен зақымданған болса.

 

Диагностика

Дәрігер тері мен киімді биттердің болу белгісіне тексереді.

  • Ересек биттер – күнжіт тұқымындай өлшемді, алты аяғы болады және ақшыл-сұр түсті.
  • Сіркелер – биттердің жұмыртқалары. Олар биті бар адамдардың киімінде, әдетте, белінде және қолтығында байқалады.

 

Денесінде биті бар адамның басын, денесінің ашық тұстарын биттер болуына тексеру қажет.

 

Емдеу

Биттер, негізінен, киімде тіршілік етеді. Биттерден құтылу үшін жұқпаланған киімді жою немесе ыстық суда (кемінде, 55°С) жуу қажет, одан кейін кір жуатын машинада ыстық айналыммен жуу қажет.

Сондай-ақ, дәрігер құрамында Перметрин, Малатион (Карбофос) немесе Бензил Алкоголь бар кремді теріге жағу үшін немесе жууда қолдану үшін тағайындайды.

Киімді, төсек жабдығын, сүлгілерді  жуу – биттерді емдеудегі ең маңызды қадам.

Аталған шараларды орындау мәселені шешеді.

 

Аурудың болжамы

Тиімді емдеу (өңдеу) арқылы биттер толығымен жойылады.

 

Мүмкін асқынулары

Терідегі тырнақ іздері жұқпалану қаупін арттырады. Сирек жағдайда биттер траншеялық қызба секілді кейбір сирек аурулардың тасымалдағышы болады. Биттер биті бар адамның қасындағыларға жеңіл берілетін болғандықтан, оларды да биттердің болуына мұқият қарау қажет.

 

Дәрігерге қашан көріну қажет

Киімде бит табылса немесе ұзақ уақыт бойы қышу өтпесе, медициналық қызметкерді шақыру қажет.

 

Синонимдары

Дене биттері; Педикулез; кезбелер ауруы.