Ішек иерсиниозы және псевдотуберкулез инфекциондық ауруларға жатады. Yersinia enterocolitica энтероколиттің қоздырғышы болып табылады. Энтероколит – балалық кезде жиі кездесетін жіңішке ішек пен тоқ ішектің қабынуымен сипатталатын ауру.
Сурет: Жіңішке ішек асқорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі болып табылады, оның ұзындығы шамамен 6 метрді құрайды. Ол асқазанда тоқ ішекпен байланыстырады және көптеген қатпарлардан (құрсақ қуысына сыю үшін) тұрады. Қабылданатын тағамдардың көп бөлігі жіңішке ішекте сіңіріледі. Ол үш бөліктен тұрады: он екі елі ішек, мықын ішек және аш ішек.
Себептері
Зақымдану шикі немесе жеткілікті термиялық өңдеуден өтпеген шошқа етін тамақпен қабылдаған кезде және пастерленбеген сүтті ішкен кезде пайда болады. Сондай-ақ, зақымдану ауру жануарлармен байланыс кезінде, ласталған құдық суын пайдаланған кезде немесе сирек жағдайларда - инфицирленген қан құю кезінде пайда болады. Аурумен жиі иммундық жүйесі әлсіреген балалар ауырады. Инкубациялық кезең шамамен 4-6 күнді құрайды.
Yersinia enterocolitica жіңішке ішек пен тоқ ішектің қабынуын ғана емес, сонымен қатар іш өтуі мен дене температурасының көтерілуі сияқты симптомдарды да тудырады. Науқас баланың дәреті қан мен шырышты қоспалы болуы мүмкін. Бұл симптомдар 1 аптадан 3 аптаға дейін, кейде ұзағырақ созылуы да мүмкін.
Осы кең тараған симптомдармен қатар, организмінде темірдің жоғары мөлшері (қан құю кезінде) бар немесе иммундық жүйесі әлсіреген және басқа да аурулары бар жасы кіші балаларда бактериемияның (бактериялардың қан ағымымен таралуы) дамуы мүмкін. Жасөспірімдерде аппендициттің симптомдарына ұқсас (жалған аппендицит синдромы), оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну сияқты симптомдар пайда болуы мүмкін. Сирек жағдайларда бұл ауру тамақтағы ауыру сезімімен, көздің қабынуымен, менингит және пневмониямен көрінеді. Өткерілген инфекциядан кейін жасөспірімдерде буындардағы ауырсыну сезімі және балтырында қызыл бөртпе (түйінді эритема) пайда болуы мүмкін.
Псевдотуберкулезбен ауыратын балаларда температураның көтерілуі, бөртпе, іштегі ауыру сезімі және псевдоаппендицит синдромы сияқты симптомдар пайда болуы мүмкін. Кейбір балаларда іш өтуі, бөртпе және аяқ-қолдың ісінуі болуы мүмкін.
Дәрігерге қашан қаралу керек
Балаңыздың нәжісінде қан болса, медициналық көмекке жүгініңіз. Іш өтуден туындайтын ауыздың құрғауы, шөлдеу және зәр шығару жиілігінің төмендеуі сияқты сусыздану симптомдарына көңіл бөліңіз.
Дәрігер баланың нәжісінен Yersinia-ны анықтауға арналған анализдерді тағайындауы мүмкін. Сондай-ақ, қоздырғыштарды тамақтың шырышты қабатынан жағынды алу арқылы, зәр анализі және бактерияларға қарсы антиденелерді анықтау үшін қан анализін жүргізу арқылы анықтауға болады.
Иерсиниоз салыстырмалы түрде сирек кездесетін инфекция болғандықтан, аздаған зертханалар ғана нәжістен Yersinia-ны анықтай алады.
Емі
Көп жағдайда ауру өздігінен өтеді. Кейбір жағдайларда иерсиниоз антибиотиктермен емделеді. Іш өтуі кезінде, науқастарға сусыздануды болдырмау және емдеу үшін көп су ішу тағайындалады.
Балаңыз шикі немесе шала пісірілген шошқа етін, пастерленбеген сүт пен ластанған суды қолданбауын қадағалаңыз. Шошқаның ішек-қарнын өңдегеннен кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.
Іштің өтуі мен құсу қауіпті болуы мүмкін, себебі, организмнің сусыздануына апарады. Организм сұйықтықтың үлкен мөлшерін жоғалтқанда сусыздану дамиды. Егде жастағы адамдарда сусыздану тез дамиды, бірақ, сусыздану кез келген жаста пайда болуы мүмкін.
Құсу мен іштің өтуінің пайда болу себептері қандай?
Іштің өтуі мен құсу вирустық, бактериалдық, паразитарлық аурулардың симптомы, кейбір аурулар мен дәрілік препараттарды қабылдаудың салдары болуы мүмкін. Кейбір өнімдерді, шала піскен етті немесе балықты қорытудың бұзылысы да іштің өтуі мен құсуды туындатуы мүмкін.
Қалай организмнің сусыздануының алдын алуға болады?
Іштің өтуі мен құсу ұстамасы байқалған кез келген адамға жоғалтылған сұйықтық пен электролиттердің орнын толтыру қажет.
Іштің өтуі мен құсу кезінде жоғалтылған сұйықтықтың орнын толтыру үшін ересектер мен егде жастағы адамдар күніне, кемінде, 7-8 стақан су ішуі қажет. Егде адамдарға жоғалтылған сұйықтықтың орнын толтыру үшін ішуге арналған регидратациялау ерітінділері тағайындалуы мүмкін (нұсқау).
Құсу мен іштің өтуін тоқтату үшін дәрілік препараттарды қабылдау қажет пе?
Әдетте, қажеті жоқ, себебі, құсу мен іштің өтуі тез өтеді. Инфекциялар кезінде құсу мен іштің өтуі - инфекциялық бөлікті организмнен шығаруға организмнің қорғаныстық реакциясы. Құсу мен іштің өтуін тоқтататын дәрілерді қабылдау организмнің өздігінше қалпына келуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, антибиотиктерге де қажеттілік жоқ. Дәрілік препараттар қажет деп санасаңыз, дәрігерге айтыңыз.
Балаңызда немесе жақын адамыңызда сусыздану дамығандығын қалай білуге болады?
Адамда сусыздану дамығандығын болжау қиын. Әдетте, сусызданудың симптомдары ауыр дәрежесіне өткенде пайда болады. Сусызданудың келесі симптомдарының бірі байқалса, әсіресе, егде жастағы адамдарда, дәрігерге көріну қажет. Ауыр сусыздану жағдайында іштің өтуі мен құсу кезінде жоғалтылған сұйықтықтың орнын толтыру үшін науқасқа көктамыр (вена) арқылы сұйықтық енгізу қажет болуы мүмкін.
Сусызданудың симптомдары
Несептің мөлшерінің азаюы немесе болмауы, түсінің қошқыл болуы
Несептің жүруінің сиреуі
Шөлдеу
Ашушаңдық
Тәбеттің болмауы
Салмақ жоғалту
Ауыздың құрғауы
Терінің созылымдылығын және серпімділігін жоғалту
Ұйқы басуы.
Қашан дәрігерге көріну қажет
Іштің өтуі мен құсу ушығатын болса, немесе іштің өтуіне және/немесе құсуға ұшыраған адамда келесілер байқалса:
Сусыздану белгілері болса (жоғарыда келтірілген).
Құсу 8 сағаттан артық жалғасса немесе басылмайтын сипатта болса.
Нәжісте қан пайда болса.
Құсықта қан пайда болса.
8 сағат ішінде несептің жүруі болмаса.
Улы зат жұту кезінде.
Бұлшық еттің ширығуы немесе бастың күшті ауырсынуы болса.
Енжар немесе ұйқы басқан болса.
2 сағаттан артық уақыт бойы іште ауырсыну болса.
Дәрігерге қойылатын сұрақтар
Іштің өтуі мен құсу басқа аурудың симптомдары болуы мүмкін бе?
Іштің өтуі мен құсуды емдеу үшін қандай дәрілік препараттар көмектеседі?