.

Ісік | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ісік

Меланома – терінің қатерлі ісігі (көздің торы, ми, шырышты қабықшалар), ол меланоциттерден дамиды. Ең жиі кездесетін жағдайлар (70% жағдайда): меланома қайта туындайды, зиянсыз дақ сияқты болып көрінеді.

 

Бұл ісіктің түрі әйелдер және еркектерде кездеседі бірақ әйелдерде 1,5-2 есе жиірек кездеседі. Орташа есеппен 45 жастағылар ауырады, уақыт өте келе меланома жастарда да кездесіп жүр (15-25 жас).

Меланома - қатерлі ісіктердің ішінде ең қауіптісі. Ол тез арада теріні зақымдап, терінің бірнеше қабатына дейін өседі, ол лимфа және қан тамырлары арқылы басқа органдарға таралады (өкпе, бас миына, бауырға), сол жерде ошағы дамиды.Егерде сол органдарда ошақталса оның салдары өлім болып табылады. Меланоманы ерте кезден анықтаған маңызды. Үнемі бар дақтарды бақылап отырыңыз. Егер олардың кез-келгені кенет түрде тез өссе, пішінін өзгертсе, түсі мен тығыздығы өзгерсе, қабынуы немесе ауыра бастаса, шұғыл онкологқа көрінү  керек. Мүмкін бұл нағыз меланоманың өзі болуы мүмкін.

 

Меланоманың емі

I  кезең . Емінде хирургиялық жолмен сау тінге дейін меланоманы алып тастайды. Оны алу үшін қаншалықты енгеніне байланысты. Меланомаға жақын орналасқан рутинді лимфа түйіндерін алу, I кезеңі меланомасы бар науқастардың өмір сүруін жақсартпайды.

IIкезең. Егер лимфа түйіндерінің (ісіктердің жанында орналасқан) зақымдалуына күдік болса, олардың біреуінің биопсиясы орындалады, егер ол зақымдалса, осы аймақтың барлық қалған лимфа түйіндерін жою қажет.

Меланоманың осы кезеңінде қосымша емдеу тағайындалуы мүмкін, мысалы, альфа интерфероны немесе қайталану ықтималдығын азайтатын басқа да препараттармен.

III кезең. Меланоманың осы сатысында, бастапқы ісіктің бөлінуінен басқа барлық жақын орналасқан лимфа түйіндері жойылады. Бірқатар жағдайларда инферферонмен иммунотерапияны тағайындау меланоманың рецидивінің пайда болуын кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.

Егер науқаста бірнеше меланома болса, онда оларды жою керек. Егерде бұл мүмкін болмаса, онда БЦЖ вакцинасын немесе интерферонды тікелей ісікке салынады. Осы санаттағы пациенттерді оңтайлы емдеу бүгінгі күніге дейін табылмады. Зақымдалған аймаққа сәулелі терапиясын, сондай-ақ химиотерапияны немесе иммунотерапияны қолдануға болады, бұл әдістерді біріктіруге болады.

IV кезең. Меланоманың бұл кезеңімен ауыратын науқастарды толық емдеу мүмкін емес. Операциямен жағымсыз симптомдарды тудыратын ірі ісік түйіндерін алып тастауға болады.

Кейде метастаздарды ішкі органдардан алып тастайды, бірақ бұл олардың орналасуына және белгілеріне байланысты. Паллиативтік мақсатымен бірнеше науқастарда сәуле мен химиотерапияны қолданды.

Химиотерапия IV кезеңдегі меланомасы бар науқастарда өте шектеулі мүмкіндіктерге ие. Химиотерапия ісіктің азаюына әкелуі мүмкін, бірақ бұл әсер қысқа мерзімді және әдетте 3-6 айға созылады.

Интерферон немесе интерлейкин-2 қолдану арқылы иммунотерапия осындай кезеңмен ауыратын науқастардың өмірін ұзартады. Кейбір дәрігерлер иммунотерапиямен бірге химиотерапияны қолдануды ұсынады.
IV кезең меланомасы бар пациенттердің көпшілігінің жағымсыз болжамына қарамастан, олардың кейбіреулері емделуден кеін бірнеше жыл бойы өмір сүреді. 

 

Аударған: Айтмұқаев Ернұр

Аденома - негізі безді эпителийден (тіннен)құралған қатерсіз ісік.Бұл безді эпителийден (тіннен) тұратын кез келген мүшеде кездесуі мүмкін.

Аударған: Мелис Айбек

Бұл не? Анафилаксия – өмірге қауіп тудыратын, бүкіл организмді зақымдайтын, ауыр аллергиялық реакция. Ол ағзаға белгілі бір аллерген әсер еткенде, бірнеше секундта немесе минутта дамуы мүмкін. Анафилаксияда астма сияқты тез пайда болатын аллергиялық реакцияға жатады. Астма – тыныс алу жолдарын зақымдайтын аллергиялық реакция болса, ал анафилакция –бүкіл организмге таралатын аллергиялық реакция болып табылады. 
Анафилакцияның симптомдары:

  • Қышыну 
  • Теріде қызыл бөртпелердің шығуы
  • Ысқырықты немесе тыныс алудың қиындауы
  • Жергілікті немесе жалпы ісінулер. Ісінулердің – ерінде, тілде, ауыз қуысында, жұтқыншақта пайда болуы қауіпті, себебі тұншығуды әкелуі мүмкін.
  • Іштегі спазм
  • Қан қысымының төмендеуі, шок және есінен тану. 

Адамға аллерген әсер еткеннен кейін, симптомдар неғұрлым тез дамыса, солғұрлым анафилакциялық реакция ауыр болады. Анафилакциялық реакция – аллергенмен бірінші рет жанасқанда немесе соңғы рет жанасқан немесе бірнеше рет жанасқан да дамуыда мүмкін. Аллергеннің саны маңызды емес, аз мөлшерде болса да аллергиялық реакцияны шақыра алады.
Емі: Анафилакциялық реакция – өмірге өте қауіпті және ауыр жағдай. Анафилакциялық реакция- жедел жәрдемді (медициналық көмекті) талап етеді. Ем бірінші минуттан жүргізілуі керек және жедел мына дәрілерді иньекция жасау керек: адреналин, антигистаминдік препараттар,бронх кеңейткіштер, инфузиялық сұйықтықтар.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

 

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Менингит – бұл миды және жұлынды жауып тұратын қабықшаның бактериалдық қабынуы.

 

Себептері

Менингиттің жиі себебі әдетте, емдеусіз өтетін вирустық инфекциялар. Бірақ, бактериалдық инфекциядан болған  менингит – аса күрделі ауру және сәйкес емдегеннің өзінде өлім-жітімге немесе мидың зақымдануына апаруы мүмкін.

Сондай-ақ, менингитің себептері:

  • Химиялық заттектер
  • дәрілік аллергия
  • зеңдер
  • Паразиттер
  • Ісіктер.

вирустық менингиттің көпшілігі энтеровирустан болады, бұл ішектің зақымдану себебі де болуы мүмкін.

Менингиттің пайда болуы себебі басқа да вирустар болуы мүмкін.

  • Менингит герпес вирусынан болуы мүмкін. Бірақ, герпес ойық жарасы немесе гениталдық герпесі бар адамдар менингиттің даму қаупі бар топқа жатпайды.
  • Борықтану (свинка) немесе АИТ (ВИЧ) қоздыратын вирустар - асептикалық менингиттің пайда болуы себебін құрауы мүмкін.

 

Симптомдары

Вирустық менингит бактериалдықтан жиі кездеседі және жеңіл өтеді. Әдетте, ол жаздың соңында және күздің басында кездеседі. Көбінесе, балалар және 30 жасқа дейінгі ересектер шалдығады.

Бактериалдық менингит – шұғыл медициналық жәрдемді қажет ететін ауру. Бұл жағдайда науқасты дереу ауруханаға жатқызу қажет. Аурудың симптомдары тез дамуы мүмкін және оған кіретіндер:

  • Қызба және қалтырау
  • Психикалық жағдайдың өзгеруі
  • Жүрек айнуы және құсу
  • Жарыққа сезімталдық
  • Күшті бас ауыруы
  • Бұлшық еттің сіресуі (менингизм)

Осы ауру кезінде кездесетін басқа симптомдар:

  • Жүйкелік қозу
  • Балалардың еңбегінің (балалардың қатпаған еңбегі)  ісінуі
  • Назар қоюдың төмендеуі
  • Баланың емшекті нашар емуі немесе тітіркенгіштігі
  • Тыныс алудың жиілеуі
  • Әдеттегідей емес орналасу, бұл кезде басы мен мойны артқа шалқайған (опистотонус)

Менингит жаңа туған сәбилер мен балаларда қызбаның себебі болуы мүмкін.

Өзін сезіну жағдайы бойынша балада бактериалдық немесе вирустық менингит болуын анықтауға болады. Бұл емдеуші дәрігердің міндеті. Менингиттің симптомдарына тиісті назар аударыңыз.

 

Диагностика

Дәрігер немесе медбике науқасты қарап, тексеріс өткізеді. Тексеру барысында байқалуы мүмкін:

  • Жүрек ырғағының жиілеуі (тахикардия)
  • Қызба  
  • Психикалық жағдайдың өзгеруі
  • Мойын бұлшық етінің сіресуі 

Менингиттің көрнекі симптомдарының бірі - Брудзинский симптомы. Мойын бұлшық етінің айқындалған сіресуінен басты төмен еңкейткенде тізе және жамбас буындары бүгіледі. 

Менингиттің көрнекі симптомдарының бірі - Керниг симптомы. Тізе астылық сіңірдің ширығуы салдарынан науқас 90 градусқа бүгілген  аяғын тікейтіп, жаза алмайды.  

Егер дәрігер Сізде немесе балаңызда менигит бар деп санаса, әрі қарай зерттеу үшін жұлын сарысуының (ликвордың) үлгісін алу үшін жұлын пункциясын өткізу қажет. 

Менингитке күмән болса, сондай-ақ, келесі зерттеу әдістері де жүргізіледі:

  • Қан талдауы
  • Кеуде қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы
  • Мидың компьютерлік томографиясы (КТ).

 

Емдеу

Бактериалдық менингитті емдеу үшін антибиотиктер тағайындалады. Нақты бактерияға қарсы препаратты таңдау инфекцияны туындатқан бактерияның түріне байланысты. Антибиотиктер вирустық менингитті емдемейді.

Герпестік менингиті бар науқастарға вирусқа қарсы препараттар тағайындалады.  

Емдеудің басқа түрлері:

  • Сұйықтықтарды тамыр арқылы енгізу
  • Мидың ісінуі, шок немесе құрысу секілді симптомдарды емдеу үшін дәрілік препараттарды қабылдау.

 

Болжамы

Неврологиялық асқынулардың алдын алу үшін бактериалдық менингитті ерте анықтау және сәйкес емдеу қажет. Вирустық менингит әдетте, жеңіл түрде өтеді. Ал симптомдары 2 аптадан кейін қандай да бір асқынуы болмастан жойылуы мүмкін.

 

Мүмкін асқынулары

  • Мидың зақымдануы
  • Бассүйек пен мидың арасында сұйықтық жиналуы (субдуралдық бөлініс)
  • Естімей қалу
  • Гидроцефалия
  • Құрысу

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Егер өзіңізде немесе балаңызда менингиттің симптомдары болса, шұғыл медициналық көмекке жүгініңіз. Емдеуді ерте бастау жақсы болжамды береді.

 

Алдын алу

Кейбір вакциналар менингиттің түрлерінің алдын алуға көмектеседі.

  • Антигемофильдік вакцина (вакцина ХИБ) балалардағы бактериалдық менингиттің сәйкес түрінің алдын алуға көмектеседі.
  •  Пневмококтық конъюгирленген вакцина қазір балаларды міндетті түрде иммунизациялау бағдарламасына кіреді. Пневмококкты  менингиттің алдын алуда аса тиімді.

 

Менингококты  менингитке шалдыққан науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған адамдарға жұқпаланудың алдын алу үшін антибиотиктер тағайындалады.

Менингококты вакцинация ұсынылады:

  • 11 – 12 жастағы жасөспірімдерге және вакцинациядан өтпеген жоғары сыныпты бітірушілерге (15-18 жастағы).
  • Вакцинациядан  өтпеген және жатақханада тұратын колледждің бірінші курс студенттеріне.
  • Көкбауыры жоқ немесе иммундық жүйесінде басқа мәселелер бар 2 жастағы немесе одан асқан балаларға.
  •  Менингококқа байланысты аурулар кең таралған елге шығатын адамдарға (дәрігермен кеңесіңіз).