Күйіктің бірінші дәрежесі – бұл аса үлкен емес қызару, яғни терінің беткейлік күйігі, күннен алған күйік секілді. Күйік алған жерде ауырсыну мен ісіну болуы мүмкін, адам кішігірім температураны сезінуі мүмкін.
Күйіктің бірінші дәрежесі әдетте үй жағдайында емделсе 3-5 күн арасында жазылады. Олар, әдетте, қабыршықтардың пайда болуына әкелмейді және артынан шрам қалмайды.
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Акромион-бұғана буынының жарақаты – бұғананың жоғарғы ұшы жауырын ұшынан шығып, буының жыртылуы. Бұл жарақат – көбінесе иықтан соққы алғанда, иыққа құлағанда немесе қолдың білезігің созып алғанда пайда болады.
Симптомдары болып табылады:
Жарақат алған сәттегі қатты ауырсыну сезімі.
Иық аймағындағы қозғалыстың шектелуі.
Қанталаған аймақтың немесе ісінудің түзілуі.
Деформация. Бұғананың жоғарғы ұшының шығып кету сезімі немесе жауырынның жоғарғы бөлігіңде түйін пайда болуы.
Емі – мұз басу, таңғыш байлау арқылы фиксация жасау және дәрі-дәрмектер пайдалану арқылы ауырсынды, қабынуды, ісінуді басу. Симптомдардың басылуынан, емдік жаттығулардан, физиотерапиядан кейін, иық бұлшықеттерін қатайтып, салқындаудын алдын алу керек.
Кейбір жағдайларда хирургиялық араласулармен буынның жыртылуын қалпына келтіру керек болып табылады.
Жарақаттың жазылу уақытты 2-10 апта аралықта болады, яғни жарақттың дәрежесіне байланысты.
Эктодермалдық сегізкөз-құйымшақтық синус (құйымшақтық эпителийлік жол, пилонидалдық синус) – бұл сегізкөз аумағындағы майлы талшықта тері астындағы тар түтік түрінде көрінетін және бөксе арасындағы ортаңғы сызық бойынша бір немесе бірнеше саңылаумен ашылатын ауру.
Синустың ұзындығы: 2 - 10 см болуы мүмкін, тері астындағы талшықта аяқталады және құйымшақпен тікелей байланысты емес. Құйымшақтық эпителийлік жолдың ішкі бетінде түктер, тер және май бездері болады.
Эктодермалдық сегізкөз-құйымшақтық синус келесі түрде болуы мүмкін:
Эктодермалдық сегізкөз-құйымшақтық синустың пайда болу себептері толық анықталмаған. Бірқатар зерттеушілер бұл ауруды туа біткен санайды, эмбрионның өсуі барысында құйымшақтың дамуының толық емес цикліне байланысты. Басқа ғалымдар бұл жағдай бөксе арасындағы қыртыста тері астына өсе бастайтын түктерге байланысты туындайды деп санайды.
Бұл ауру жиі байқалады:
· ерлерде
· артық салмағы бар адамдарда
· аталған аумақтағы жарақаттан немесе тітіркеністен
Аноректалді абсцесс сыртқы өтіс және тік ішек аймағында іріңнің жиналуы.
Себебі
Аноректалді абсцесстің ең жиі себебі болып табылады:
Сыртқы өтіс аймағындағы без өзектерінің бітелуі
Сыртқы өтіс аймағының инфекциялық қабынуы
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
Жарақаттар
Крон ауруы немесе дивертикулит сияқты ішек ауруларымен шақырылған терең тік ішектік абсцесстер.
Төменде көрсетілген факторлар аноректалді абсцесс даму қаупін жоғарылатады:
Анальді жыныстық қатынас
Қатерлі ісікті емдеуге арналған химиотерапия препараттары
Диабет
Ішектің қабыну аурулары ( Крон ауруы және ойық жаралы колит)
Кортикостероидты препараттарды қабылдау
Иммундық жүйенің нашарлауы ( мысалы, АИТВ/ЖҚТВ)
Бұл ауру ерлер арасында жиірек кездеседі. Сонымен қатар жаялық төсейтін,анамнезінде сыртқы өтіс сызаттары пйда болу жағдайлары бар кішкентай сәбилер мен балалар арасында кездесуі мүмкін.
Симптомдары
Сыртқы өтіс аймағының томпаюы және тіннің ісінуімен бірге тұрақты, пульсирлеуші ауру сезімі. Ауру сезімі дефекация кезінде, жөтелгенде және отырған қалыпта күшеюі мүмкін.
Сонымен қатар мынадай симптомдары болуы мүмкін:
Констипация (іш қату)
Тік ішектен ірің бөліну
Шаршағыштық, қызба, түнгі тершеңдік,қалтырау
Қызару, сезімталдықтың жоғарылауы және сыртқы өтіс аймағындағы тіннің қатаюы
Ауырсыну
Балаларда аноректалді абсцесс жиі ісінген, қызарған, тығыз сыртқы өтіс амағындағы түйін ретінде көрініс береді. Бала дискомфорт есебінен қозғыш және тітіркенгіш келеді. Аурудың басқа симптомдары болмауы да мүмкін.
Диагностикасы.
Аноректальді абсцестің болуы ректальді тексеріс кезінде анықталуы мүмкін. Басқа ауруларды жоққа шығару үшін ректороманоскопия жасалуы мүмкін.
Сирек жағдайда іріңнің жиналу аймағын анықтау үшін КТ, МРТ немесе УДЗ жасалады.
Емі.
Бұл мәселенің өздігінен шешілуі екіталай. Антиобиотиктер жалғыз абсцеспен күресе алмайды.
Емдеу принципі абсцесс қуысын ашып және дренаждауға негізделеді.
Ота жансыздануды шақыратын жергілікті анестезиямен седативті препараттың қосарлануы арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге ми-жұлындық анестезия немесе жалпы наркоз қолданылуы мүмкін.
Жүргізілген хирургиялық ем амбулаторлық жағдайда болса, тура сол күні үйіңізге қайтуға болады. Хирург зақымдалған аймақты тіліп, іріңді дренаждайды.
Егер ірің терең тіндерде орналасса сізге іріңді толық дренаж жасағанша ауруханада қалуға тура келеді.
Отадан кейін сізге міндетті түрде жылы ванна қабылдау керек. Бұл ауруды басуға және тіндердің ісінуін басуға, абсцесстің жақсы дренажына көмектеседі.
Дренаждалған абсцесс ашық күйінде қалады, жиектері тігілмейді.
Хирург ауру сезімін басатын препарттар және антибиотиктер тағайындауы мүмкін.
Сізге іш айдайтын препараттар керек болуы мүмкін.міндетті түрде жеке гигиена ережелерін сақтау керек. Абсцесс жазылғанша тағам жұмсақ және сұйық тағамдардан құралғаны жөн.
Болжамы.
Дұрыс қарастырылған еммен жазылуы тез. Әсіресе бұл сәбилер мен кішкентай жастағы балаларға қатысты.
Емнің кеш басталуында асқыну қаупі бар.
Мүмкін болатын асқынулары
Аноректалді абсцесс асқынуларына жатады:
Анальді фистула (сыртқы өтіс пен басқа анатомиялық құрылымдар арасында аномальді ақпарат)
Инфекцияның жалпы қанайналымға түсуі (сепсис)
Тұрақты ауыру
Аурудың қайталануы
Тыртық
Қай кезде дәрігерге қаралу керек
Дәрігерге мынадай жағдайда қаралыңыз:
Тік ішектен бөлінділер пайда болғанда, ауырсыну, аноректалді абсцесстің басқа да симптомдары болғанда
Қызба, қалтырау немесе осы ауруды емдеуден кейін басқа симптомдар пайда болғанда
Қант диабеті қандағы қант деңгейін қадағалау қиын болғанда
Алдын алу
Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алғанда немесе др кезінде емдегенде аноректалді абсцесс пайда болуының алдын алуға болады. Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу үшін жыныстық қатынас кезінде, соның ішінде аналді жыныстық қатынас кезінде презервативтер қолданыңыз.
Сәбилер мен кіші жастағы балалардың жиі жаялықтарын ауыстыру және жаялықтарын ауыстыру кезінде гигиенаны сақтау абсцесстер мен аналді сызаттардың пайда болуын алдын алады.
Адамдардың 25 % өздерінде белгілі бір тағам өнімдеріне аллергия бар деп ойласа, зерттеулер балалардың 6% және ересектердің 2% ғана тағамдық аллергияға шалдыққандығын растайды.
Нақты тағамдық аллергия – организмнің иммундық жүйесінің (инфекциямен күресуге қажет) организмге аллергеннің түсуіне жауапты серпіні. Көпшілік жағдайда адамдарда тағамды көтере алмау пайда болады, бұл дегеніміз тағам қабылдаудан туындайтын жағымсыз симптомдардың пайда болуы (бұл кезде иммундық жүйе қамтылмайды).
Мысалы, сүтке аллергия ересектерге қарағанда балаларда жиі кездеседі. Дегенмен, балалардың көпшілігінде сүтке аллергия 2-3 жасқа қарай жойылады. Сүтке аллергияның симптомдарына сүт өнімдерін тұтынғаннан кейін терінің күлдіректенуі, құсу және тыныс алудағы мәселелер жатады. Көптеген ересектерде сүт өнімдеріне аллергияға ұқсайтын симптомдар пайда болуы мүмкін, себебі, ересектерде сүтте болатын қантты (лактоза) қорытуда мәселелер жиі кездеседі. Бұл «лактозаны көтере алмау» деп аталады, бұл аллергия емес, себебі, қандай да бір өнімді көтере алмау иммундық жүйені қамтымайды. Лактозаны көтере алмаудың симптомдарына жататындар – іштің кебуі, түйілуі, жүрек айнуы, шамадан тыс желдену, іштің өтуі.
Науқас өзін нашар сезінуі мүмкін, терісі солғын тартып, артериалдық қысымы түскеннен, естен тануы да ықтимал. Тағамдық аллергияға байланысты жиі кездесетін созылмалы аурулар - экзема және астма (демікпе).
Тағамдық аллергия күштілігіне сай анафилаксия аталатын серпінді туындатқан жағдайда өлім-жітімге де апаруы мүмкін. Бұл серпін кезінде тыныс алу жолдары тежеледі, науқасқа тыныс алу қиынға түседі. Адреналин аталатын инъекцияны уақытылы енгізу өмірді құтқаруы мүмкін.
Егер балада немесе ересекте күшті аллергия болса, дәрігер адамның өздігінше инъекция жасауы үшін арнайы шприц-қаламның көмегімен адреналин салуды тағайындайды. Дәрігер оны қолдануды үйретеді. Егер науқасқа бұл дәрі қажет деп санаса, оны науқас ұдайы өзімен бірге алып жүруі тиіс.
Аллергиялық серпіні бар адамдар «жедел жәрдем» көлігімен аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілуі тиіс, себебі, организмге өздігінше енгізілген адреналиннің мөлшері қауіпті болуы мүмкін. Дәрігер қан айналымын, тыныс алуды, заттек алмасуын баяулату үшін адреналин беруі мүмкін.
Қандай өнімдер жиі аллергиялық серпінді туындатады?
Аллергия кез келген тағамға пайда болуы мүмкіндігіне қарамастан, көбінесе, аллергендер – жаңғақтар, арахис, сүт, жұмыртқа, соя, бидай, балық және моллюскілер. Осы сегіз өнім тағамдық аллергия пайда болуының 90% жағдайына жауапты. Көпшілік жағдайда аллергия 4 өнімге пайда болады.
Менде тағамдық бояғыштарға немесе жасанды хош иістендіргіштерге аллергия болуы мүмкін бе?
Зерттеулерге сай, кейбір тағамдық қоспалар және жасанды тәттілендіргіштер кейбір адамдардағы аллергияның себебі болуы мүмкін.
Менде қантқа аллергия болуы мүмкін бе?
Жоқ. Тағамдық аллергия иммундық жүйес тағам өнімдеріндегі белгілі бір ақуызды «бөгде» санап, оған қарсы күрескенде пайда болады. Бұл майлар мен қанттарға қатысты емес.
Науқаста тағамдық аллергия бар екендігі анықталса, оны туындатқан өнімдерді тұтынудан алшақ болу қажет. Егер сізде аллергия болса, және сіз себебін білсеңіз, жейтін өнімдеріңіздің жапсырмаларын оқуыңыз шарт. Дәрігер аллергияны туындататын өнімдерді тұтынудан алшақ болуға үйретеді. Егер балада аллергия болса, мектепке бұл туралы хабарлаңыз, алшақ болатын өнімдердің тізімін беріңіз, сондай-ақ, осындай өнімді кездейсоқ жеп қойған жағдайда алғашқы жәрдем көрсету шаралары туралы айтыңыз.
Жас өскенде тағамдық аллергия өтеді ме?
Көптеген адамдарда жас өскенде сүтке, жұмыртқаға, соя өнімдеріне және бидайға аллергия өтеді, бірақ, барлығында емес. Көбінесе, арахиске, жаңғаққа, балыққа, моллюскілерге аллергия жаспен бірге өтпейді.
Ксерофтальмия әдетте, сау адамдарда кездеседі. Жас өскенде жиі кездеседі. Гормондық өзгерістердің салдарынан көз жасының өндірілуі азайғанда пайда болуы мүмкін.
Ксерофтальмияның таралуының басқа себептері:
Қоршаған ортаның немесе жұмыс орнының ауасының құрғақтығы (жел, кондиционер)
Күн сәулесінің әсері
Темекі шегудің немесе темекі түтінімен тыныс алу әсері
Суық тиюден немесе аллергиядан препараттар
Сондай-ақ, аурудың пайда болуының шартталуы:
Қызу немесе химиялық күйіктен
Алдындағы көздің хирургиялық емдеуі
Сирек аутоиммундық ауру – Шегрен синдромы, бұл кезде көз жасын өндіретін бездер бұзылысқа ұшырайды.
Ксерофтальмияны емдеуде, алдымен, көз тамшысы секілді «Жасанды көз жасы» қолданылады. «Жасанды көз жасы» тамшылары сақтауыштармен болуы/болмауы мүмкін. Сақтауыштары бар тамшылар ыңғайлырақ, бірақ, кейбір науқастарда оларға сезімталдық байқалады. Тамшылардың көптеген түрлері бар, олар дәріханада рецептісіз босатылады.
Тамшыларды кемінде, аптасына 2-4 рет қолданыңыз. Егер тамшыны ұдайы қолданудан бірнеше апта өткенде симптомдар өтпесе:
Тамшыларды жиі қолдануға тырысыңыз (әр 2 сағат сайын)
Басқа препаратты қолданып көрініңз
Егер өзіңізге жарамды препраратты таңдай алмасаңыз, дәрігермен кеңесіңіз.
Емдеудің басқа әдістеріне жататындары:
Балық майын күніне 2-3 рет қабылдау
Көзде ылғалды сақтайтын, күн сәулесінен қорғайтын көзәйнекті немесе контактілік линзаларды киіп жүру
Рестазис, жергілікті кортикостероидтар, тетрациклин және доксициклин секілді дәрілік препараттарды қабылдау
Көз жасы түтіктерінде болатын микроскопиялық тығындар, олар көз жасының ағуын және көзді тежейді.
Басқа пайдалы кеңестер
Темекі шекпеңіз және темекі түтінін жұтудан, жел мен желдеткіштің тіке ағынынан алшақ болыңыз.
Ылғалдандырғыш қолданыңыз, әсіресе, қысқы уақытта.
Аллергия мен суық тиюден препараттар қабылдауды шектеңіз, олар құрғақтық пен симптомдарды нашарлатуы мүмкін.
Әдейілеп кірпігіңізді жиі қағыңыз. Көзге демалыс бермеңіз.
Ұдайы кірпікті тазалап, жылы компрессті қолданыңыз.
Ксерофтальмияның кейбір симптомдары салдарынан ұйқы кезінде көздер сәл ашылып тұруы мүмкін. Бұл жағдайда жақпа май қолданған дұрыс. Оларды аз мөлшерде қолдану қажет, себебі, көруді нашарлатуы мүмкін. Дұрысында, ұйқы алдында қолданған жөн.
Хирургиялық араласу көмектесе алады, егер симптомдары қабақтың құрылысының дұрыс болмауынан пайда болса.