Периодонтит – тісті ұстап тұратын байламдар мен сүйектердің қабынуы мен инфицирленуі.
Қызыл иектің ұлғаюы, томпаюы, ісінуі аурудың симптомдары болып табылады.
Себептері
Периодонтит – қабынуды немесе қызыл иектің инфекциясын (гингивит) уақытылы емдемесе немесе мүлдем емдемеген кезде пайда болады. Инфекция мен қабыну қызыл иектен тістерді ұстап тұратын байламдар мен сүйектерге таралады. Байламдар босағандықтан тістердің босауына және түсуіне әкеледі. Периодонтит ересектерде тістің жоғалуының негізгі себебі болып табылады. Бұл ауру балаларға сирек, бірақ жасөспірімдерде жиі кездеседі.
Тістің негізінде тіс қағы мен тіс тастары жиналады. Қабынудың нәтижесінде қызыл иекпен тістердің арасында қызыл иек қалтасы түзіледі, оған тіс қағы мен тасы жиналады. Қызыл иек қалтасында жұмсақ тіндердің ісінуі пайда болады. Қабынуды одан әрі дамуы тістің айналасындағы тіндер мен сүйектерге зиян келтіреді. Қызыл иек қағында бактерия бар болғандықтан, тіс абсцессінің жұғуы және дамуы мүмкін, нәтижесінде сүйектің жойылу жылдамдығы артуы мүмкін.
Стоматолог ауыз қуысын және тістерді қарап тексергенде, қызыл иек жұмсақ, ісінген, қызыл-күлгін болады. Тістің негізінде тіс қағы мен тіс тасы және ұлғайған қызыл иек қалталары анықталуы мүмкін. Тістің абсцессі болмаған кезде, қызыл иек ауырсынусыз немесе әлсіз сезімтал болады. Сондай-ақ, тістерден қызыл иектің ажырауы немесе тістердің жоқтығы анықталуы мүмкін.
Стоматологиялық рентгенологиялық зерттеу сүйекті ұстап тұратын құрылымдардың жоқтығын және қызыл иектің астында тіс қағының жиналғанын анықтауы мүмкін.
Емі
Емдеудің мақсаты - қабынуды басу, қызыл иек қалталарын алып тастау, қызыл иек ауруларының кез-келген бастапқы себептерін емдеу.
Тістердің немесе тіс протездерінің беткей зақымдалуларын жою қажет.
Тістеріңізді мұқият тазалау өте маңызды. Тіс қағы мен тіс тасын азайту және жою үшін әртүрлі құрылғыларды пайдалану керек. Қызыл иек ауруларының қаупін азайту үшін, тіпті кәсіби стоматологиялық тазалаудан кейін де, әрдайым тіс щеткасын дұрыс пайдалану керек. Сіздің тіс дәрігеріңіз немесе гигиенист оларды қалай дұрыс пайдалану керектігін көрсетеді. Периодонтитпен ауыратын науқастар жылына екі реттен артық кәсіби стоматологиялық тіс тазалаудан өтуі керек.
Хирургия ем жүргізу қажет болуы мүмкін. Қызыл иектегі терең қалталарды ашу және тазалау қажет болуы мүмкін. Босаған тістердің бекітілуін қамтамасыз ету қажет. Аурудың өршуін алдын алу үшін және жақын тістерге қабынудың таралуын болдырмау үшін бір немесе бірнеше тістерді алып тастау қажет болуы мүмкін.
Болжамы
Кейбір адамдарға қабынған қызыл иектен тіс қағын алып тастау процедурасы жағымсыз көрінуі мүмкін. Қызыл иектің қанауы және жоғарғы сезімталдығы емдеуден кейін 1-2 апта ішінде кетуі тиіс. (Сау қызыл иек қызғылт және мықты болып көрінеді).
Ауыз қуысының гигиенасын өмір бойы қадағалап отыру керек, өйткені ауру қайтадан пайда болуы мүмкін.
Болжамды асқынулары:
Жұмсақ тіндердің инфекциясы немесе абсцессі (бет целлюлиті)
Ауыз қуысының гигиенасын сақтау - алдын-алудың ең жақсы құралы болып табылады. Оған тіс щеткасымен мұқият тіс тазалау және тұрақты кәсіби стоматологиялық тіс тазалау жатады. Гингивиттің алдын алу және емдеу периодонтиттің даму қаупін азайтады.
Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы
Мазмұны
Себептері
Диагностикасы
Емі
Болжамы
Асқынулары
Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс
Профилактикасы
Цервицит– жатыр мойнының кілегейлі қабатының қабынуы.
Себертері:
Цервицит көп жағдайда жыныстық қатынас арқылы беріледі. Церыицитті шақыратын инфекциялар:
Хламидия
Гонорея
Герпес вирусы
Папиллома вирусы
Трихомониаз
Цервицитті шақыратын басқа да факторлар:
Кіші жасбас қуысына еніп тұратын мойын қалпағы, диафрагма, пессарий т,б заттар.
Контрацепция ретінде пайдаланған – спермицидке аллергия.
Латекстті мүшел қапқа аллергия.
Химиялық заттардың әсері.
Цервициттің таралу жиілігі үлкен. Жыныстық қатынасқа болатын ересек әйелдердің тең жартысын осы ауруға шалдығады. Қауіп-қатер тобына жататындар:
Жыныстық қатынысқа белсенді түсетіндер.
Жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциямен бұрын шалдыққанда.
Жыныстық серіктестерді жиі ауыстыру.
Жыныстық қатынасқа ерте түсу.
Бактерия немесе қалыпты да болатын бактериялардың шамадан тыс көбеюі цервициттің пайда болуына әкеледі.
Симптомдары:
Аурулардың симптомдарына жатады;
Жыныстық қатынас, менопауза, етеккір аралық кезеңде қынаптан қан кетулер.
Сүр, ақ, сары түсті қалыптыда боламайтын қынаптан бөлінділердің бөлінуі.
Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну.
Қынап айналасының ауырсыну.
Мықын аймағының қысып ауырсынуы.
Диагностикасы
Гинекологиялық тексерулер
Қынаптан бөлінділердің пайда болуы.
Жатыр мойнының кілегей қабатының қызаруы.
Қынатың қабынуы, ісінуі.
Аспаптық зерттеулерге жатады:
Бөлінділерді микроскоппен қарау
ПАП-тестті
Гонорея мен хламидиозға тексеру
Сирек жағдайда кольпоскопия мен жатыр мойнынан биопсия алу жүргізіледі.
Емі
Хламидоиз бен гонореяны емдеу антибиотиктер арқылы жүргізіледі. Герпетикалық инфекциялар үшін вирусқа қарсы препараттар тағайындалады.
Менопаузаға жеткен әйелдер үшін гормоналды препараттар тағайындалуы мүмкін.
Дәрі-дәрмектермен жүргізілген ем, өз нәтижесін бермейтін болса:
Криохирургия
Зақымдалған тіндерге зонд арқылы электр тоғымен әсер ету.
Лазерлі терапия.
Болжамы
Цервициттің себебі тауып, ем тағайындауда қателеспесе – аурудың болжамы жақсы.
Мүмкін болатын асқынулар
Цервицит кезінде дер кезінде емделмесе ауру бірнеше айдан бірнеші жылға созылып кетуі мүмкін. Цервицит жыныстық қатынас кезінде ауырсынуды шақыруы мүмкін.
Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс
Цервициттің бастапқы симптомдары білене бастағанда дәрігерге қаралу керек.
Профилактика
Цервициттің падй болуына төмендететін іс-шаралар:
Қынапты тітіркендіретін заттарды пайдаланбау, мысалы, тампондар.
Қынапқа енгізетін сыртқы заттар надлежащим жағдайда орналасу керек. Заттың инструкциясымен танысып, қанша уақыт тұруы керек, қанша уақыттан кейін ауыстыру керек екенін білу керек.
Сіздің жыныстық серіктесіңіз жынысытық қатынас арқылы жұғатын инфекциямен ауырмайтындығына көз жеткізу керек. Сіз және сіздің жыныстық серіктесіңіз басқа адамдармен жыныстық қатынасқа түспеуі керек.
Жыныстық қатынас кезінде мүшел қап пайдаланыңыз, себебі жынысытық қатынас арқылы жұғатын инфекцияны таралуын шектейді. Мүшел қап еркек үшін де, әйедер үшін де бар, бірақ та еркектер жиі пайдаланады.
Аударған: Бердібек Ағабек
Септикалық бурсит– синовиальді қапшықтың сұйықтығындағы инфекцияның болуы.
Синовиальді қапшық – тіндерді, сүйектерді, сіңірлерді, бұлшықеттерді, байламдарды, теріні бір – бірілеріне байланыстарып, қимыл қозғалыста серпінділік беретін және үйкелісті болдырмайтын қапшық тәрізді сұйықтық.
Септикалық бурситтің ең жиі зақымдау аймағы – шынтақ ұшы және тізе тобығы болып табылады.
Синовиальді қапшықың қабынуы мен зақымдануының айырмашылығын айту қиын. Септикалық бурситтің симптомдары болып табылады:
Жергілікті жердің ауырсыну, ісінуі, қызаруы, температурасының жоғарлауы.
Қызба.
Қапшыққа жақын аймақтағы лимфа түйіндерінің үлкейуі.
Инфекцияға қарсы ем болып антибиотиктер және дренаждау (инемен дренаждау немесе кей жағдайда хирургиялық дренаждау) пайдаланылады. Кейбір жағдайда дәрі-дәрмектерді тамыр ішілік жіберу керек болып табылады.
Аударған: Бердібек Ағабек
Қуық асты безінің қабынуы (простатит) - бұл ерлерде қуықтан төмен орналасқан жаңғақ тәрізді мүше қуық асты безінің қабынуы. Қуық асты безінің көп бөлігі ұрық сұйықтығын бөледі.
Жиі простатиттің даму себебі белгісіз болып қала береді. Простатиті бар ер адамдардың көбісінде қабыну белгілері болмайды, сондықтан оның нақты себебін анықтау мүмкін емес. Простатиттің себебі болып инфекция немесе инфекциямен байланыссыз қабыну болып табылады. Ол жедел (қысқауақыттық) немесе созылмалы (ұзақуақыттық) болуы мүмкін.
Простатит симптомдарына жатады:
Зәр шығаруға жиі сұраныстар, бірақ аз көлемде ғана зәр шығару. Сонымен қатар зәр шығарғанда күйдіру сезімі және қуықты толық босата алмау.
Зәр шығарудың бастапқы кезіндегі қиындықтар, үзілмелі ағым ( үздіксіз зәр шығару орнына толқын тәрізді зәр шығару), қалыптыға қарағанда өте әлсіз, тамшылатып зәр шығару.
Бел аймағында, ұма мен анус аймағында, іштің төменгі жағында, ұмада, саннан жоғары, қасаға аймағынан жоғары ауру сезімі және дискомфорт.
Түнгі уақытта шектен тыс зәр шығару.
Қуық асты безіндегі ауру сезімі немесе эякуляция кезіндегі белгісіз дискомфорт.
Простатитті емдеу пайда болу себебіне байланысты. Көп жағдайда медикаментозды емді қажет етеді.
Халязион – қабақтың ауруы, мейбоми безінің шығу каналының бітелуімен сипатталады.
Көз – сфера тәрізді көру ағзасы. Ол сұйықтыққа толы. Аққабықтан, мөлдірқабықтан тұратын көздің сыртқы қабаты қорғаныс қызметін атқарады. Көздің ортаңғы қабаты тамырлардан тұрады. Ішкі қабаты (торқабық) нервтерден және жарық-түске сезімтал жалғамдардан тұрады. Сондай-ақ, мөлдірқабықтың артында орналасқан нұрлы қабық бар, ол –жұқа қозғалмалы пластина, ортасында қарашық аталатын дөңгелек ойығы бар. Оның артында қарақ (көз бұршағы) орналасқан, ол – линза түріндегі мөлдір созылмалы дене, оның басты қызметі – жарықты сындыру. Конъюнктива – қабақтың ішкі бөлігін жауып тұратын сілемей қабығы.
Халязион мейбоми бездерінің бірінің шығу жолы бітелгенде пайда болады. Бұл бездер қабақтың шетінде кірпіктің астында орналасқан; олар көзді шаятын майлы сұйықтықты өндіреді.
Халязион көбінесе, теріскеннен (ішкі гордеолумнан) кейін пайда болады. Бұл кезде әдетте, қабақ қызарып, ісініп, ыстық болады. Кейде теріскеннің салдарынан без босатылмайды, бірақ, қызару және ісік басылады. Без қабақтағы мықты, серпімді түйінге айналады, бұл халязион аталады.
Халязион көбінесе, бір айға жуық уақыт ішінде емдеусіз өтеді.
Емдеуде қабаққа күніне төрт рет, 10-15 минуттан жылы компресс қойылады. Ыстық емес суды қолдану қажет. Бұл бездің каналды бітеген қатайған бөліндісін жібітеді және босатылуына көмектеседі, сондықтан сауығуға апарады.
Халязионды басуға тырыспаңыз.
Егер халязионның өлшемі ұлғайса, оны хирургиялық жолмен алып тастау қажет. Тілік теріде тыртық болмас үшін, көбінесе, қабақтың ішкі жағынан жасалады.
Инъекциялық стероидтық препараттар – емдеудің басқа нұсқасы.
Халязион өздігінше жазылғанмен, қабақта тыртық қалады. Бұл мәселе көбінесе, халязионды оперативтік емдеуде кездеседі, бірақ, сирек болады. Бірнеше кірпіктен айырылу, немесе қабақтың шетінде шағын науашық қалуы мүмкін. Жиі кездесетін асқынуы – аурудың қайталануы.
Халязионның немесе теріскеннің алдын алу үшін қабаққа және кірпік өсетін сызыққа түнге қарай жұмсақ скрабты (өңезді жоятын құрал) жағу көмектеседі. Көзді тазарту үшін арнайы губканы (спонджды), езілген балалар сусабынын қолдану қажет.
Тазалағаннан кейін дәрігер тағайындаған антиобитігі бар жақпа майды қолдану қажет.
Ксерофтальмия әдетте, сау адамдарда кездеседі. Жас өскенде жиі кездеседі. Гормондық өзгерістердің салдарынан көз жасының өндірілуі азайғанда пайда болуы мүмкін.
Ксерофтальмияның таралуының басқа себептері:
Қоршаған ортаның немесе жұмыс орнының ауасының құрғақтығы (жел, кондиционер)
Күн сәулесінің әсері
Темекі шегудің немесе темекі түтінімен тыныс алу әсері
Суық тиюден немесе аллергиядан препараттар
Сондай-ақ, аурудың пайда болуының шартталуы:
Қызу немесе химиялық күйіктен
Алдындағы көздің хирургиялық емдеуі
Сирек аутоиммундық ауру – Шегрен синдромы, бұл кезде көз жасын өндіретін бездер бұзылысқа ұшырайды.
Ксерофтальмияны емдеуде, алдымен, көз тамшысы секілді «Жасанды көз жасы» қолданылады. «Жасанды көз жасы» тамшылары сақтауыштармен болуы/болмауы мүмкін. Сақтауыштары бар тамшылар ыңғайлырақ, бірақ, кейбір науқастарда оларға сезімталдық байқалады. Тамшылардың көптеген түрлері бар, олар дәріханада рецептісіз босатылады.
Тамшыларды кемінде, аптасына 2-4 рет қолданыңыз. Егер тамшыны ұдайы қолданудан бірнеше апта өткенде симптомдар өтпесе:
Тамшыларды жиі қолдануға тырысыңыз (әр 2 сағат сайын)
Басқа препаратты қолданып көрініңз
Егер өзіңізге жарамды препраратты таңдай алмасаңыз, дәрігермен кеңесіңіз.
Емдеудің басқа әдістеріне жататындары:
Балық майын күніне 2-3 рет қабылдау
Көзде ылғалды сақтайтын, күн сәулесінен қорғайтын көзәйнекті немесе контактілік линзаларды киіп жүру
Рестазис, жергілікті кортикостероидтар, тетрациклин және доксициклин секілді дәрілік препараттарды қабылдау
Көз жасы түтіктерінде болатын микроскопиялық тығындар, олар көз жасының ағуын және көзді тежейді.
Басқа пайдалы кеңестер
Темекі шекпеңіз және темекі түтінін жұтудан, жел мен желдеткіштің тіке ағынынан алшақ болыңыз.
Ылғалдандырғыш қолданыңыз, әсіресе, қысқы уақытта.
Аллергия мен суық тиюден препараттар қабылдауды шектеңіз, олар құрғақтық пен симптомдарды нашарлатуы мүмкін.
Әдейілеп кірпігіңізді жиі қағыңыз. Көзге демалыс бермеңіз.
Ұдайы кірпікті тазалап, жылы компрессті қолданыңыз.
Ксерофтальмияның кейбір симптомдары салдарынан ұйқы кезінде көздер сәл ашылып тұруы мүмкін. Бұл жағдайда жақпа май қолданған дұрыс. Оларды аз мөлшерде қолдану қажет, себебі, көруді нашарлатуы мүмкін. Дұрысында, ұйқы алдында қолданған жөн.
Хирургиялық араласу көмектесе алады, егер симптомдары қабақтың құрылысының дұрыс болмауынан пайда болса.