Қан ұюдың бұзылыстары – бұл ағзада тромб түзілуінің бұзылыстарынан пайда болатын, аурулар тобы. Осы бұзылыстардың әсерінен, жарақат алғаннан кейін, ауыр және созылмалы қан кетулер дамуы мүмкін. Сонымен қатар қан кетулер өздігінен де пайда бола алады. Қан ұюдың бұзылыстары келесілер болып табылады:
· Жүре пайда болған тромбоциттердің қызметінің бұзылыстары
· Туа пайда болған тромбоциттердің қызметінің бұзылыстары
· Туа пайда болған C немесе S протеиндерінің жеткіліксіздігі
· Тамыріщілік шашыранды қан ұю (ТШҚҰ)
· II фактор жеткіліксіздігі
· V фактор жеткіліксіздігі
· VIIфактор жеткіліксіздігі
· Xфактор жеткіліксіздігі
· XIIфактор жеткіліксіздігі
· Гланцман ауруы
· Гемофилия A
· Гемофилия B
· Гемофилия C (XIфактор жеткіліксіздігі)
· Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура(ИТП)
· фон Виллебранд ауруы(I, II жәнеIIIтүрлері)
Қалыптыда қан ұю жүйесі тромбоциттерден және 20-ға жуық плазма нәруыздарынан тұрады. Олар қан ұю жүйесінің факторлары деп аталады. Осы факторлар басқа химиялық заттармен байланысып, қан кетуді тоқтататын затты, яғни фибринді түзеді.
Осы факторлардың саны немесе сапасы төмендеп кетсе, ағзада бұзылыстар дамиды. Қан кетулердің жеңіл және ауыр түрлері болады.
Қан ұюдың бұзылыстарының кейбіреулері туа пайда болады және тұқым қуалаушылық қасиетіне ие болады. Ал басқалары мынадай әсерлерден дамиды:
· К витаминінің жеткіліксіздігі және бауыр аурулары
· Қан ұюды баяулататын дәрілерді (антикоагулянттар) қолдану немесе антибиотиктермен ұзақ уақыт емделу
Қан ұюдың бұзылыстары, қан ұюына әсер ететін қан жасушаларының (тромбоциттер) төмендеуі немесе қызметінің бұзылыстарынан да дамиды. Бұл бұзылыстардың жүре пайда болған және туа пайда болған түрлері болады. Кейбір дәрілердің жанама әсерлерінен, жиі қан ұю бұзылыстарының жүре пайда болған түрлері дамиды.
· Ішінара белсендірілген тромбопластин уақыты(ІБТУ)
· Тромбоциттер агрегация тесті
· Протромбиндік уақыт(ПУ)
Емі
Аурудың түріне байланысты ем тағайындалады. Емнің әдістеріне мыналар жатады:
· Қан ұю факторларының орнын толтыру
· Мұздатылған плазманы құю
· Тромбоцитарлық массаны құю
· Емдеудің басқа да түрлері
Болжамы
Болжамы аурудың түріне байланысты болады. Қан ұюдың бұзылыстарының жеңіл түрлерін бақылауда ұстауға болады. Қан кетудің бұзылыстары ТШҚҰ синдромы сияқты басқа аурулармен қатар дамыса, болжамы бастапқы аурудың қаншалықты емге көнетініне байланысты болады.