Төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин)
Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер(жақсы холестерин)
Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин)
Ескертулер
Холестерин –дененің әрбір мүшесінің құрамында бар жұмсақ және балауыз тәрізді зат. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуіне холестерин аздаған мөлшерде қажет. Қандағы холестерин деңгейінің жоғарлануы артериялардың бітелуіне және жүрек ауруларының дамуына алып келеді.
Қандағы холестерин деңгейін анықтау сізге және сіздің дәрігеріңізге жүрекауруларының, инсульттің және т.б. аурулардың даму қауіпін көздеуге мүмкіндік береді.
Қандағы холестерин деңгейін анықтау
Холестерин жақсы және жаман холестериндерге бөлінеді. Әр қайсысын анықтау үшін бірнеше талдау түрлері бар. Талдау кезінде қандағы холестериннің жалпы деңгейі есептеледі. Бұдан бөлек, дәрігеріңіз сізге, липидті профильды анықтау мақсатында, талдауды тағайындауы мүмкін. Оның ішіне:
Жалпы холестерин;
Төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин);
Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер (жақсы холестерин);
Үшглицеридтер (қандағы майлардың басқа түрі);
Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин) кіреді.
Липопротеидер майлар мен ауыздан тұрады. Олар қанмен холестеринді, үшглицеридті және басқа майларды адамның дене мүшелеріне жеткізеді.
Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс
· 35 жасқа дейінгі ер азаматтар және 45 жасқа дейінгі әйелдер қандағы холестерин деңгейін анықтауы тиіс.
Егер сізде қант диабеті, жүрек аурулары, инсульт және артериалды гипертензия болса, сіз осы талдауларды ертерек жасағаныңыз жөн.
Егер алғашқы талдау нәтижесі қалыпты болса, онда қандағы холестерин деңгейін анықтауды әр 5 жыл сайын қайталауға болады;
Егер сіз холестерин деңгейін төмендететін препараттарды қабылдап жатсаңыз, онда талдауды жыл сайын жасағаныңыз жөн.
Жалпы холестерин
Жалпы холестериннің қалыпты деңгейі 180-200 мг/дл аралығында немесе одан төмен болуы тиіс. Егержалпы холестериннің деңгейі қалыптыдан аспаса, онда басқа зерттеулердің жасауында қажеттілігі жоқ.
Төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин)
Төмен тығыздықтағы липопротеидтер артерияның бітелуіне алып келуі мүмкін. Бұл себептен, оны «жаман» холестерин деп атайды. Төмен тығыздықтағы липопротеидтердің қандағы деңгейі төмен болуы тиіс. Бірақ та төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейі қалыптыдан төменірек болса, жүрек аурулары мен инсульттің даму қауіпі жоғарлайды. Қандағы төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейі 190 мг/дл жоғары болса бұл көрсеткіш қалыптыдан артқан деп есептеледі.
70-189 мг/дл арасындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейіжоғары деп, келесі жағдайларда есептеледі:
Егер жасыңыз 40-75 және сізге қант диабеті диагнозы қойылса;
Қант диабетіне қоса жүрек ауруларының даму қауіпі жоғары болса;
Сізде жүрек ауруларының даму қауіпі орташа немесе жоғары деңгейде болса.
Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер(жақсы холестерин)
Жоғары тығыздықтағы липопротеидтердің қандағы деңгейі жоғары болуы тиіс. Зерттеушілер ерлер мен әйелдердің қандарында жоғары тығыздықтағы липопротеидтер қаншалықты жоғарланса, соншалықты жүректің ишемия ауруының даму қауіпі төмендейтінін анықтады.Сондықтан жоғары тығыздықтағы липопротеидтерді «жақсы» холестерин деп атайды. Жоғары тығыздықтағы липопротеидтердіңқалыпты деңгейі 40-60 мг/дл тең.
Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер( жаман холестерин)
Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтердің құрамында үшглицеридтер өте көп. Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер артериялардың қабырғасына холестериннің тұнуына мүмкіндік береді, сондықтан оны «жаман» холестерин деп атайды.
Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтердің қандағы қалыпты деңгейі 2-30 мг/дл тең.
Ескертулер
Кейбір кезде холестерин деңгейі, керісінше, төмен болуы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігер сізге тамақтану рационыңызды өгертуге және холестерин деңгейін жоғарлататын препараттарды қабылдауға кеңес береді.
Аударған: Тілеубек Нұридін
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Себептері
Симптомдар
Диагностика
Емі
Болжамы
Дәрігерге қашан қаралу керек?
Жалпы ақпарат
Диабеттік нейропатия – қант диабетімен ауыратын адамдарда пайда болатын нервтердің зақымдануы. Бұл жағдай қант диабетінің асқынуы болып табылады.
Себептері
Қант диабеті бар адамдарда қан ағысының әлсіреунен және қанда қант деңгейінің көтерілуінен нерв ұштары зақымдалады. Әдетте бұл ауру қандағы қант деңгейінің бақыланбай көтерілуінен пайда болады.
Шамамен диабетпен ауыратын адамдардың жартысында нерв ұштары зақымдалады. Қант диабеті диагнозы қойылғаннан кейін ауру бірнеше жыл бойы симптомсыз өтеді. Кейбір пациенттерде алғаш рет қант диабеті диагнозы қойылған сәтте нерв ұштарының баяу зақымдалуын байқауға болады.
Симптомдар
Симптомдар негізі баяу және ұзақ жылдары бойы дамиды. Зақымдалған нервке байланысты симптомдар әртүрлі.
Ішек перистальтикасын реттейтін нервтер қазымдалған кезде, сізде ас қорыту кезінде қиындықтар пайда болу мүмкін. Нәтижесінде диабетті қадағалау қиын болады. Ас қорыту қиындауына байланысты симптомдар:
Аз тамақ қабылдаған өзінде, артық тамақтану сезімі.
Қыжыл және желдену
Құсу, іш қату немесе іш өту
Жұтыну кезіндегі қиындықтар
Тамақты ішкеннен бірнеше сағаттан кейін пайда болатын тағам қалдықтарымен құсу
Егер қол мен аяқтағы нервтер зақымдалса, онда тітіркену, күйдіру немесе ауру сезімі пайда болады. Зақымдалу деңгейі үлкейген сайын қолдағы және аяқтағы сезімталдық жоғалады. Сезімталдық жоғалу әсерінен сіз мынадай нәрсені сезбей қалуыңыз мүмкін:
үшкір затты басып кеткенде
сүйел немесе кішкентай кесік пайда болған кезде
қолмен немесе аяқпен қатты ыстық немесе суық сатты тигенде
Егер нәтижесінде жүрек және қан тамырлар нерветір зақымдалса, онда сіз:
Төсектен тез көтерілген кезде (ортостатикалық гипотония) естен тану (обморок)
Жиіліген жүрек ырғағын сезу
Стенокардия немесе жүрек ұстамасы кезіндегі ауру сезімін сезбей қаласыз
Нерв ұштары зақымдалған кездегі басқа симптомдар:
Сексуальды қиындықтар. Ерлерде эрекциямен қиындықтар, ал әйелдерде – қынаптың кеуіп кетуі немесе оргазммен қиындықтар.
Қандағы төмен қант деңгейіне сезімталдықтың жоқтығы.
Қуықпен қиындықтар. Еріксіз зәр шығару немесе қуықты босата алмау.
Тыныштық жағдайда, қалыпты температура кезінде қатты тершеңдік.
Диагностика
Дәрігер тексеру кезінде мынадай ауру белгілерін анықтау мүмкін:
Горизонтальды қалыптан вертикальды қалыпқа тез ауысқан кезде артериальды қысымның төмендеуі
Диагностика кезінде жасалатын зерттеу әдістері:
Электромиография (ЭМГ) – бұлшықеттердің электрлік активтілігін жазу
Нервтік өткізу жылдамдықын тексеру – нервтен өтетін электрлік сигналдарды жазу
Азқасанна аш ішекке тағамның эвакуация жылдамдығын тексеру
Ортостатикалық проба жасау
Емі
Нервтің диабеттік зақымдауын баялау үшін дәрігердің кеңестерін орындаңыз.
Қандағы қант деңгейін оптимальды деңгейді ұстау үшін:
Диета ұстаңыз
Физикалық жаттығуларды күнделікті жасаңыз
Тұрақты түрде қандағы қант деңгейін тексеріп жүріңіз
Қант түсіретін препараттарды немесе инсулинді дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдап жүріңіз
Мына симптомдарға байланысты дәрігер сізге ем тағайындайды:
Табанда, аяқа немесе қолдағы ауру сезімі
Құсу, лоқсу немесе тағаммен қорту байланысты басқа қиындықтар
Қуықпен қиындықтар
Эректильды дисфункция немесе қынаптық кебу
Аяқтағы нервтер зақымдалғанда сезімталдық төмендейді. Толық сезімталдықтың жоғалуы пайда болу мүмкін. Нәтижесінде аяқтағы жаралар қиын жазылады. Аяқтарға жасалған дұрыс күтім, осы асқынуды алдын алуға көмектеседі.
Аяқтарға арналған күтім:
Күнделікті аяқты қарау
Дәргерге қаралуға дейін аяқты өзіңіз тексеріңіз.
“Дұрыс” носки және аяқ киімді кию.
Болжамы
Тағайындалған ем ауру сезімін басады және кейбір симптомдарды қадағалауға көмектеседі.
Асқынулар
Зәр шығару жолдарының инфекциясы
Аяқатағы дибеттік ойық жаралар
Стенокардия немесе жүрек ұстамасы кезіндегі ауру сезімін сезбей қалу
Аяқ саусақтарын, табанды немесе тобықты ампутациялау
Дәрігерге қашан қаралу керек?
Диабеттік нейропатия симптомдары пайда болған сәтте дәрігерге хабарласыңыз.
Нефротикалық синдром — күнделікті несеппен ақуыздың көп мөлшерінің жоғалтылуымен, бүйрек шумақшаларының қызметінің бұзылуы салдарынан организмде үшглицеридтер және холестерин деңгейінің жоғары болуымен сипатталатын жағдай.
Несеп бөлу жүйесі бүйректен, несепағардан, үрпіден және несепқаптан (қуық) тұрады.
Бүйрек –жұпты ағза. Әр бүйректің тостақшасы, түбекшесі, өзектік және қабықтық заттегі бар. Бүйректің қан айналымы бүйрек арериясымен қамтамасыз етіледі, ал бүйрек венасы бүйректен веналық қанды шығарады. Бүйректе қан сүзіледі және организм қоқыстардан тазартылып, несеппен несепағар арқылы шығарылады. Сүзілудің бұзылысында нефротикалық синдром байқалуы мүмкін.
Нефротикалық синдром кез келген жаста пайда болады. Балаларда ауру 2-6 жас аралығында ке таралған. Бұл бұзылыс әйелдерге қарағанда ерлерде жиірек кездеседі.
Әрқашан дерлік нефротикалық синдромның негізінде нефриттің (стрептококктан (микроб түрі) туындаған бүйрек ауруы) қандай да бір түрі жатады.
Синдромның жіті түрінің өзі біртіндеп басталады, алайда, синдромның дамуы туындатушы факторлардың бірінің әсер етуінде үдейді, мысалы, стрептококты баспада немесе басқа ауруда. Нефротикалық синдромның нақты осындай дамуын жіті атайды, себебі, барлық симптомдары тез көрініс береді.
Алайда, ауру көрінетін алғашқы белгілерінен біраз уақыт бұрын дами бастайды. Егер ауру біртіндеп ушығатын болса, бұл түрі жітілеу аталады.
Нефротикалық синдромның созылмалы барысы кезеңді қайталанбалы ауру саналады.
Ауру келесі аурулардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін:
· Қант диабеті
· Генетикалық бұзылыстар
· Иммундық жүйенің бұзылыстары
· Инфекциялар (мысалы, жіті фарингит, гепатит немесе мононуклеоз)
· Қатерлі ісік.
Сондай-ақ, ауру дәрілердің кейбір түрін қолдану нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Нефротикалық синдром бүйректің келесі ауруларымен қатар пайда болуы мүмкін:
· Фокустық және сегменттік гломерулосклероз (бүйректің зақымдануы)
Нефротикалық синдромға шалдыққа науқастарға беттің және қабақтың ісінуі тән.
Алдымен қабақ, бет, бел аумағы мен жыныстық ағзалардың ісінуі пайда болды, одан кейін барлық тері астылық талшықтарға (тері астындағы май қабаты) тарайды, көбінесе, бүкіл дененің тері астылық талшығына тарайды.
Дене қуысында сұйықтық жиналуының маңызды белгісі:
· асцит (іш қуысында сұйықтық жиналуы);
· гидроторакс (плевра қуысында – өкпе мен қабырға арасындағы кеңістікте сұйықтық жиналуы);
· гидроперикард (перикард – жүрек орналасатын қоржында сұйықтық жиналуы).
Дистрофиялық (тіндердің қоректенуі бұзылысының салдарынан) терінің өзгерісі ұзақ уақыт болатын ісінуде пайда болады: құрғақтық, қабыршақтану, сызаттар, олар арқылы сұйықтық ағады.
Нефротикалық синдромды емдеу мақсаты – аурудың ауырлығын азайту және бүйректі зақымдауға апаруы мүмкін асқынуының алдын алу.
Бұл кезде әдетте, ауруды туындатқан алғашқы себебін емдейді. Көбінесе, науқастарға өмір бойы емделуіне тура келеді.
Ауруды емдеу әдістері:
· бүйрек зақымдануы болмас үшін, артериалдық қысымды қалыпты деңгейде ұстау (130/80 мм рт. ст.) немесе одан төмен. Көбінесе, артериалдық қысымды азайту үшін ангиотензин-айналдырушы ферментті тежеушілер және ангиотензин-II рецепторларын басушылар қолданылады.
· Науқасқа иммундық жауапты басатын және азайтатын гормондар (кортикостероидтар) және басқа препараттар тағайындалуы мүмкін.
· Қандағы холестерин деңгейін азайту жүректе және жүрек тамырларында мәселелер пайда болу ықтималдығын азайтады. Кейбір науқастарға қандағы холестерин және үшглицеридтер деңгейін азайту үшін дәрі қабылдау қажет болады.
· Тұзы аз емдәм қол-аяқтың ісінуін азайтуға көмектеседі. Несеп айдайтын құралдарды (диуретик) қабылдау да ісінуді азайтуға ықпал етеді.
· Ақуыздың мөлшері аз емдәмді тұтыну да науқастың жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
· Науқасқа Д дәрумені тағайындалуы мүмкін, егер нефротикалық синдром ұзақ уақыт байқалса және емдеуге көнбейтін болса.
· Тромбы түзілуінің алдын алу үшін науқасқа қан ұюына қарсы препараттар (антикоагулянттар) тағайындалуы мүмкін.
Емдеу нәтижелері әр науқаста әр түрлі болады. Ауру жіті және қысқа мерзімді болуы мүмкін, немесе созылмалы және емдеуге көнбеуі мүмкін. Емдеу барысында пайда болуы мүмкін асқынулар да оның тиімділігіне әсер етеді.
Кейбір жағдайда науқастарға диализ (қаннан қоқыстарды шығаратын жасанды бүйрек аппараты) және бүйрек алмастыру қажет болады
Диабеттік ретинопатия – 1 және 2 типті қант диабетінде көздің торқабығының дерттік өзгерістерінің бірі, ол, көбінесе, ауру басталғаннан кейін 5-10 жыл өткенде пайда болады.
Көз – сфера тәрізді көру ағзасы. Ол сұйықтыққа толы. Көз ұясы қабаттардан тұрады, олар көздің ішкі өзегін – әйнек тәрізді денені, көз бұршағын, сулы ылғалын қоршайды. Көз ұясының өзегін үш қабат қоршайды: сыртқы, ортаңғы және ішкі. Сыртқы – өте тығыз фиброздық қабық. Ол алдыңғы мөлдір қабықтан және артқы мөлдір емес бөлік - аққабықтан тұрады. Ортаңғы – көз ұясының тамырлы қабығы. Ол қантамырларына, пигменттерге бай және нұрқабықпен , кірпік денесімен және тамырлы қабықшаның өзінен тұрады. Ішкі торқабық – көру анализаторының рецепторлық бөлігі, бұл жерде жарықты қабылдау өтеді.
Адам қант диабетімен көп ауырған сайын диабеттік ретинопатияның пайда болу ықтималдығы жоғары. Науқастардың 40-45 пайызға жуығы диабеттік ретинопатияның қандай да бір сатысынан зардап шегеді.
Жүктілік кезінде диабеттік ретинопатия диабетке шалдыққан әйелдерде күрделі мәселелер туындатуы мүмкін. Диабеттік ретинопатиямен қатар қант диабеті катаракта, глаукома секілді ауруларды туындатуы мүмкін.
Ауру көздің торқабығының қантамырларындағы өзгерістердің салдарынан пайда болады. Науқастардың бір бөлігінде диабеттік ретинопатия көзден сұйықтықтың ағуымен және торқабықтың ісінуімен көрініс береді, ал кейбір науқастарда торқабықтың бетінде қалыпсыз қантамырларының өсуі басталады.
Диабеттік ретинопатия төрт сатыда дамиды:
Ретинопатияның пролиферативтік емес жеңіл түрі. Торқабықта микроаневризма (ұсақ тамырлардың кеңеюі) пайда болуымен сипатталады.
Ретинопатияның пролиферативтік емес орташа түрі. Әрі қарай ауру ушыққан сайын көздің торқабығын қоректендіретін кейбір қантамырлар тежеледі.
Ретинопатияның пролиферативтік емес ауыр түрі. Бұл сатыда көптеген қантамырлары тежелген, торқабықтың қалыпты қанайналымы бар бірнеше аумағы ғана қалады. Осы аумақтар торқабыққа қоректік заттектердің бұрынғы ағымын қалпына келтіруде организмде жаңа қантамырлары өсе бастауы үшін сигнал жібереді.
Пролиферативтік ретинопатия. Бұл аурудың соңғы сатысы. Мұнда жаңа қантамырларының жаппай өсуі өтеді. Сұйықтық торқабықтың қалыпсыз, жұқа тамырларынан макулаға (торқабықтың ортасы) түседі, ол көрудің фокустелуіне жауап береді, бұл алдымен ісінуді туындатады, содан кейін көруде бұзылыстар пайда болады, көрмей қалуға дейін.
Көруі қалыпты адамға көрінетін көріністің бейнесі Диабеттік ретинопатиясы бар науқастың көруі
Көбінесе, диабеттік ретинопатия симптомсыз өтеді, әсіресе, аурудың ерте сатысында. Бастапқыда науқас қанның бөліктерін, немесе көз алдында қалқитын әдеттегі дақтарды көреді.
Кейде дақтар емдеусіз өтеді, ал науқастың көруі жақсара бастайды. Дегенмен, қан кетуі қайталануы және көрудің бұлыңғырлануына және жағдайдың нашарлауына апаруы мүмкін.
Емдемеген жағдайда пролиферативтік ретинопатия көруді едәуір жоғалтуға, тіпті, көрмей қалуға апарады. Емдеу неғұрлым ерте басталса, тиімділігі соғұрлым жоғары болатындығын білу қажет.
Диагностика офтальмологиялық талдаулар арқылы жүзеге асырылады:
Көруді анықтау тесті – арнайы кестенің көмегімен науқастың көргіштігін анықтау.
Кеңейтілген қарашық кезіндегі офтальмоскопия. Науқастың көзіне қарашығын кеңейту үшін арнайы тамшылар тамызылады. Бұл офтальмологқа көздің ішкі бөлігін көруге және диабеттік ретинопатияға нұсқайтын белгілердің болуын тексеруге мүмкіндік береді.
Тонометрия – арнайы құралдың көмегімен көздің қысымын өлшеу. Бұл тестіні өткізу үшін дәрігер арнайы тамшыларды қолдануы мүмкін.
Флюоресценттік ангиография– көздің торқабығын зерттеудің көрнекі әдісі. Науқасқа көктамыр арқылы арнайы бояғыш енгізіледі, ол торқабықтың қантамырларына түседі, осыдан кейін дәрігер бейнелерді түсіреді.
Аурудың алғашқы сатыларында науқаста сары дақтың ісінуі болмаса, емдеу қажет болмайды. Аурудың әрі қарай дамуының алдын алу үшін қант диабетімен ауыратын науқастарға қандағы қант деңгейін, артериалдық қысымды және қандағы холестерин деңгейін мұқият бақылау қажет. Диабеттік ретинопатияның ерте сатысындағы науқастар емдеуге мұқтаж болмайды, бірақ, олар көруіндегі өзгерістерді мұқият қадағалауы және офтальмологта ұдайы тексерілуі қажет. Егер офтальмолог көздің торқабығында жаңа тамырлардың өсуін немесе сары дақтың ісінуін байқаса, емдеу қажет болады. Көз хирургиясы - диабеттік ретинопатияны емдеудің негізгі әдісі. Лазерлік хирургия – көздің торқабығында жаңа тамырлардың өсу тұсында шағын күйіктер жасауға мүмкіндік беретін әдіс. Бұл үрдіс фотокоагуляция аталады.
Басқа хирургиялық әдіс – виктрэктомия – бұл «әйнек тәрізді» денені жою, ол қан кетуін жоюға және торқабықтың ажырауын тоқтатуға мүмкіндік береді.
Диабеттік ретинопатияның ауыр асқынулары – екінші глаукома, катаракта, торқабықтың ажырауы, гемофтальм («әйнек тәрізді» денеге қан құйылуы), көрудің едәуір төмендеуі, толық көрмей қалу болуы мүмкін. Осы жағдайлардың бәрі қант диабетіне шалдыққан науқастардың эндокринологтың және офтальмологтың ұдайы бақылауында болуын талап етеді.
Егер сізде қант диабеті болса, жылына бір рет қарашықты кеңейтіп, офтальмоскопия шарасын өту қажет:
Пролиферативтік ретинопатия симптомсыз дамуы мүмкін. Аурудың осы сатысының өзінде көруді жоғалту ықтималдығы жоғары.
Сары дақтың ісінуі диабеттік ретинопатияның төрт сатысының кез келгенінде симптомсыз дамуы мүмкін.
Пролиферативтік ретинопатия және сары дақтың ісінуі бір мезгілде пайда болуы мүмкін, бірақ, науқас көрудің бұзылысын сезінбеуі мүмкін.
Офтальмолог сары дақтың ісінуін немесе диабеттік ретинопатияның қандай да бір сатысы бар екендігін нақты анықтай алады. Диабеттік ретинопатияның симптомдары болуына тәуелсіз түрде ауруды ерте анықтау және уақытылы емдеу көруді жоғалтудың алдын алуға және өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.
Егер диабеттік ретинопатия анықталса, офтальмологта жиірек тексерілу ұсынылады. Бұл аурудан зардап шегетін адамдар уақытылы емдеуді бастап, көрмей қалу қаупін 95 пайызға азайта алады.
диабеттік ретинопатияның ушығуының алдын алуда қандағы қанттың және артериалдық қысымның деңгейлерін дұрыс ұйымдастырылған бақылау, қант пен қысымды азайтатын препараттарды уақытылы қабылдау үлкен роль атқарады.
Торқабықтың профилактикалық лазеркоагуляциясы көз түбіндегі өзгерістердің тоқтауына және кері қайтуына ықпал етеді.
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде жүрек организмнің қажеттіліктерін өтеу үшін қанды толық көлемде айдай алмайды. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің дамуы жүректің тоқтап қалуын немесе енді тоқтап қалу мүмкіндігін білдірмейді. Бұл дегеніміз – жүрек қажеттілікке сай қанды айдай алмайтындығын білдіреді. Бұл кезде жүректің бір және екі жағы да зақымдануы мүмкін.
Жүректің айдау қызметінің әлсіреуінде пайда болады:
Өкпеде қан мен сұйықтықтың жиналуы
Аяқтың ұшының, тобықтың және аяқтың аумағында сұйықтықтың жинақталуы, олар ісінулер аталады
Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің себептері – жүректің ишемиялық ауруы, жоғары артериалдық қысым, қант диабеті және басқа бірқатар аурулар. Ол көбінесе, 65 жастан асқан адамдарда, артық салмағы бар адамдарда, бұрын жүрек талмасы болған адамдарда жиі кездеседі. Әйелдерге қарағанда ерлерде жүрек қызметі жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары келеді.
Емдеуге жүрек қызметі жеткіліксіздігінің негізгі себептерін емдеу, дәрілік құралдарды қабылдау және басқа әдістер тиімсіз болғанда жүректің трансплантациясын (алмастыруды) жасау кіреді.
Диабеттік кома – диабеттің өмір үшін қатерлі асқынуы, бұл кезде адам есін жоғалтуға дейін барады. Қандағы қанттың жоғары (гипергликемия) немесе төмен (гипогликемия) мөлшері аса қауіпті, себебі, екеуі де диабеттік комаға апаруы мүмкін. Диабеттік комаға ұшыраған науқас тірі болғанмен, оның жағдай ұйқыдағыдай секілді, есін толығымен жоғалтады, сыртқы тітіркендіргіштерге серпіні болмайды. Шұғыл ем көрсетілмеген жағдайда диабеттік кома өлім-жітімге апарады. Диабеттік команың пайда болу ықтималдығы өмір үшін қауіпті, бірақ, оның алдын алуға болады. Ол үшін алдымен, диабетті дұрыс емдеуден бастау қажет.
Диабеттік команың алдында қандағы қанттың деңгейінің артуын немесе төмендеуін көрсететін телімді симптомдары болады.
Қандағы қанттың жоғары деңгейі (гипергликемия)
Егер қандағы қанттың деңгейі тым жоғары болса, науқас сезінуі мүмкін:
• Күшті шөлдеу
• Несептің жиі жүруі
• Енжарлық
• Жүрек айнуы және құсу
• Ентігу
• Іштегі ауырсыну
• Ауыздан ацетонның жемісті иісі пайда болады
• Ауыздың құрғақтығы
• Жүрек соғуының жиілеуі
Қандағы қанттың төмен деңгейі (гипогликемия)
Қандағы қанттың төмен деңгейінде байқалады:
• Діріл немесе күйгелектік
• Шаршау
• Тершеңдік
• Ашығу
• Жүрек айнуы
• Ашушаңдық
• Жүрек соғуының жиілеуі
• Сөйлеудің бұзылысы
• Мінез-құлықтың өзгеруі
Кейбір науқастар қандағы қанттың төмендеуін көрсететін гипогликемияның симптомдарын сезінбеуі мүмкін.
Егер қандағы қанттың деңгейінің артуына немесе төмендеуіне тән симптомдарды байқасаңыз, қан талдауының нәтижесіне негізделген емдеуді ұстаныңыз. Егер жағдайыңыз жақсармаса, немесе нашарласа, «жедел жәрдемді» шақырыңыз.
Диабеттік кома – шұғыл жәрдемді талап етеді. Егер қандағы қанттың деңгейінің күрт артуына немесе күрт төмендеуіне тән симптомдарды байқасаңыз, және талып қалуыңыз мүмкіндігін сезінсеңіз, «жедел жәрдемді» шақырыңыз. Егер қасыңызда диабетке шалдыққан адам болса, және ол талып қалса, «жедел жәрдемді» шақырыңыз және оның қызметкерлеріне міндетті түрде талған науқастың диабетпен ауыратындығын хабарлаңыз.
Қандағы қанттың төмен деңгейден жоғарыға дейін ұдайы өзгерістері немесе ұзақ уақыт бойы жоғары көрсеткіштерінің сақталуы диабеттік комаға апаруы мүмкін.
Диабеттік кетоацидоз.
Бұлшық ет тінінің энергетикалық ресурстарының таусылған кезінде организм май қорын бұза бастауы мүмкін. Бұл үрдістің нәтижесінде кетон аталатын уытты қышқылдар түзіледі. Тиісті емдеу болмаса, диабеттік кетоацидоз диабеттік комаға апаруы мүмкін.
Диабеттік кетоацидоз – 1 типті қант диабетінің жиі кездесетін асқынуы, бірақ, 2 типті диабетте және гестациялық диабетте (жүктіліктегі) де пайда болуы мүмкін.
Диабеттік гиперосмолярлық синдром. Егер қандағы қанттың деңгейі децилитрге (мг/дл) 600 миллиграммнан асатын болса немесе литрге (ммоль/л) 33.3 милимольден асатын болса, бұл жағдай диабеттік гиперосмолярлық синдром аталады.
Қандағы қант деңгейі осы көрсеткіштерден асатын болса, қан тұтқыр және қою болады. Қанттың артық мөлшері қаннан несепке өтеді және организмнен сұйықтықтың үлкен көлемінің шығарылуына ықпал етеді.
Егер гиперосмолярлық синдромға ұшыраған науқасқа уақытылы көмек көрсетілмесе, өмір үшін қауіпті сусыздану орын алуы мүмкін, бұл түбінде комаға апаруы ықтимал.
Диабеттік гиперосмолярлық синдром 2 типті диабетке ұшыраған егде жастағы адамдар мен орта жастағы адамдар арасында жиі кездеседі.
Гипогликемия. Глюкоза мидың қалыпты жұмысы үшін қажет. Ауыр жағдайларда қандағы қанттың деңгейі естен тануға апаруы мүмкін. Гипогликемияның пайда болу себебі қандағы инсулиннің жоғары деңгейі немесе организмге тағамның жеткіліксіз түсуі болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл жағдай шамадан тыс дене жүктемелері мен алкогольді артық тұтынуда пайда болуы мүмкін.
Симптомдар гипогликемияның түпкілікті нәтижесіне әсер етеді. Ұзақ уақыт бойы өтетін диабеттің барысында ашығу және терлеудің артуы секілді симптомдарды байқамауыңыз да мүмкін, олар қандағы қант деңгейінің қауіптілігі туралы белгі береді. Бұл жағдай танылмаған гипогликемия аталады.
Қант диабеті бар кез келген науқас диабеттік кома пайда болу қаупіне ұшырауы мүмкін.
Егер сізде 1 типті диабет болса, диабеттік кома пайда болу қаупі келесілермен байланысты:
• Қандағы қанттың төмен деңгейі (гипогликемия)
• Диабеттік кетоацидоз
Егер сізде 2 типті диабет болса, диабеттік кома пайда болу қаупі келесілермен байланысты:
• Диабеттік гиперосмолярлық синдром, әсіресе, жасыңыз ортадан асқан болса.
Егер сізде 1 немесе 2 типті диабет болса, диабеттік кома пайда болу қаупі келесі факторларға байланысты:
• Инсулин жеткізу мәселелері. Егер сізге инсулиндік помпа (сорғы) қойылса, қандағы қант деңгейін жиі тексеру қажет, себебі, инсулиндік помпаның түтігі бұралып қалуы мүмкін, осыдан организмге инсулин жеткізілуі тежеледі. Камерасыз помпа болғанда да кейде инсулинді жеткізудің тоқтауына апаратын мәселелер болуы мүмкін. Егер науқаста 1 типті диабет болса, организмге инсулиннің түсуінің тоқтауы тез диабеттік кетоацидозға апаруы мүмкін.
• Ауру, жарақат немесе операция. Түрлі аурулар және жарақаттар кезінде қандағы қант деңгейі едәуір артуы мүмкін. Бұл 1 типті диабетте диабеттік кетоацидозға апармауы үшін, сондай-ақ, бұл жағдайды реттеу үшін организмге түсетін инсулинді арттыру қажет. Жүректің немесе бүйректің іркілісті жеткіліксіздігі секілді басқа аурулар диабеттік гиперосмолярлық синдромның даму қаупін арттыруы мүмкін.
• Диабетті дұрыс емдемеу. Егер қандағы қант деңгейін қатаң бақылауға алмасаңыз, дәрілік препараттарды дәрігердің тағайындаумен қабылдамайтын болсаңыз, асқынулар мен диабеттік команың даму қаупі жоғары болады.
• Инсулиннен әдейі бас тарту. Кейде диабеті бар, артық салмақты адамдар арықтауға үміттеніп, инсулинді қабылдаудан бас тартады. Бұл өмір үшін қатерлі және диабеттік команың дамуына апарады.
• Алкоголь қабылдау. Алкоголь қандағы қанттың деңгейіне болжамсыз әсер етеді. Кейде алкогольді қабылдағаған 1-2 күн ішінде қандағы қанттың дәл емес деңгейі бақыланады. Бұл гипогликемия салдарынан болатын диабеттік команың даму қаупін арттырады.
• Тыйым салынған есірткілік препараттарды қолдану. Кокаин және экстази секілді тыйым салынған есірткілік препараттар қандағы қант деңгейінің едәуір артуына және диабеттік команың дамуына ықпал етеді.
Диабеттік кома – болжанбайтын жағдай, оған дайындалуға уақыт болмайды. Егер қандағы қант деңгейінің күшті артуын немесе төмендеуін сезінсеңіз, естен танбай тұрып, «жедел жәрдемді» шақыруға үлгеру қажет.
Егер диабетке шалдыққан адамның қасында болсаңыз, оның естен тану мүмкіндігін байқасаңыз немесе қимылы түсініксіз болып көрсінсе, дереу «жедел жәрдемді» шақырыңыз.
«Жедел жәрдем» келгенге дейін не істеуге болады?
Егер диабетті емдеу туралы ештеңе білмесеңіз, жедел жәрдем бригадасын күтіңіз.
Егер диабетті емдеумен таныс болсаңыз, келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Естен танған адамның қандағы қант деңгейін тексеріңіз.
2. Егер қандағы қант деңгейі 70 мг/дл (3.9 ммоль/л) болса, оған глюкагон инъекцисын салыңыз. Егер глюкагон болмаса, глюкоза гелін, балды немесе қантты шәрбатты жағының ішіне жағу қажет. Қандағы қант деңгейі төмен болса, инсулин бермеңіз.
3. Егер қандағы қант деңгейі 70 мг/дл жоғары болса, жедел жәрдем бригадасын күтіңіз. Қандағы глюкоза деңгейі жоғары адамға қант бермеңіз.
4. Жедел жәрдем бригадасына диабет және қабылданған шаралар туралы айтыңыз.
Диабеттің барысын күнделікті қатаң бақылау диабеттік команың алдын алуға көмектеседі. Келесі кеңестерді есте ұстаңыз:
• Тамақтану тәртібін жасап, қадағалаңыз. Тағамды дұрыс қабылдау қандағы қант деңгейін реттеуге көмектесе алады.
• Қандағы қант деңгейін қадағалаңыз. Гликемияның деңгейін жиі анықтау қандағы қанттың деңгейін нормасының шегінде қолдай алатындығыңызға сенімді болуыңызға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл глюкозаның деңгейінің артуының немесе төмендеуінің қауіптілігі бар екендігі туралы сақтандырады.
• Тағайындалған емдеуді қатаң орындаңыз. Егер қандағы глюкозаның мөлшерінің көрсеткіштері жиі өзгеретін болса, емдеуші дәрігерге хабарлау қажет. Ол науқасқа қажетті емдеуді таңдайды.
• Күн тәртібі. Қандай да бір аурудың кезінде қандағы қанттың деңгейі күрт артуы мүмкін. Ауру кезінде қандағы қант деңгейінің артуын қалай реттеуге болатындығы туралы дәрігермен кеңесіңіз.
• Қандағы қант деңгейінің артуында кетондар деңгейін анықтаңыз. Егер қанттың деңгейі 240 мг/дл (13.3 ммоль/л артық болса, кетондық денелерді анықтау үшін несепті талдауға тапсырыңыз. Кетондардың мөлшері артқанда дәрігерге көрініңіз. Несепте кетондар болса, және осы кезде құсу орын алса, дереу дәрігеріңізді шақырыңыз.
• Қол астында глюкагон және тез әсер ететін қант көздерін ұстаңыз. Егер инсулин қабылдайтын болсаңыз, қол астында глюкагон және тез әсер ететін қант көздері, мысалы, глюкоза таблеткасы немесе апельсин шырыны болуын қадағалаңыз, оларды қандағы қант деңгейі төмен болғанда қабылдау қажет.
• Қандағы глюкозаның шоғырлануына үздіксіз мониторинг (CGM). Бұл әсіресе, қажет, егер гликемияның тұрақты деңгейін қолдауда қиыныдықтар болса, немесе қандағы қант деңгейінің төмендеуін сезбейтін болсаңыз (танылмайтын гипогликемия).
CGMs – тері астына қойылған кішкене датчиктер көмегімен қандағы қант деңгейі бақыланатын құрал-жабдық, әрі қарай бұл ақпарат сымсыз құрал-жабдыққа беріледі.
Бұл құрал-жабдықтар қандағы қант деңгейінің төмендігінің қауіптілігі туралы хабар береді. Бірақ, CGM қолданатын болсаңыз да, қандағы қант деңгейі глюкометрдің көмегімен анықталуы тиіс. Глюкометрмен салыстырғанда CGMs – қымбат құрал-жабдық, бірақ, ол глюкозаның деңгейін бақылауда жақсы нәтиже береді.
• Алкоголь тұтынуды шектеңіз. Алкогольдің қандағы қант деңгейіне әсері болжамды емес, спирттік ішімдіктерден бас тартқан жөн.
• Туыстарыңызды, достарыңызды және әріптестеріңізді үйретіңіз. Туыстарыңызды, достарыңызды қандағы қант деңгейінің күрт өзгеруіне тән симптомдарды анықтауға үйретіңіз, сондай-ақ, естен танған кезде, «жедел жәрдем» шақыру қажеттігін айтыңыз.
• Медициналық идентификациялық білезік немесе алқа тағып жүрген жөн. Егер науқас естен танса, мұндай ақпараты бар білезік туыстарыңызға, достарыңызға және әріптестеріңізге, жедел жәрдем қызметкерлеріне пайдалы ақпарат береді.